Студопедия — Дәріс. Коммерциялық банктердің сенімділігінің рейтингісін құру әдістемесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Коммерциялық банктердің сенімділігінің рейтингісін құру әдістемесі






Банктердің сенімділігі банк акционерлерінің, салымшылардың, клиенттердің, мемлекеттік қадағалау органдарының т.б. мүдделерін қорғау мақсатында қамтамасыз етілуі тиіс. Кез келген банктердің банкроттығы экономикаға теріс ықпалын тигізеді.Сондықтан, коммерциялық банктердің сенімділігін қамтамасыз ету олардың қызметін талдаудың ең маңызды бағыты болып табылады.

Қазіргі таңда еліміздің банк жүйесінде банк сенімділігін бағалаудың біркелкі стандартты әдісі қалыптасып болған жоқ. Банк сенімділігін бағалаудың біркелкі стандартты әдістемесін қалыптастыру үшін әрбір банктің қызметі мен қызмет ету заңдылықтарын ескеретін жан-жақты, терең талдау жұмысы жасалу керек. Әлемдік деңгейде банктің сенімділігінің рейтингісін жариялап отыратын ең белгілі консалтингтік-рейтингтік агенттіктеріне мыналар кіреді:

Ø Швейцарияның рейтингтік агенттігі;

Ø Standard and Poor ’s;

Ø Artur Anderson;

Ø Moody ’s;

Көп тараған рейтингтерге байланысты әрбір банктің сенімділік рейтингісі анықталады да, осы көрсеткіштің негізінде олар негізгі 9 топқа бөлінеді:

А3 В3 С3

А2 В2 С2

А1 В1 С1

Standard and Poor ’s рейтингтік агенттігінің рейтинг құру әдістемесіне сәйкес:

1) А3 тобына 15 банк В3 тобына 300 банк

А2 тобына 40 банк В2 тобына 700 банк

А1 тобына 100 банк В1 тобына 700 банк кіретін болып анықталды.

Ал, С3, С2, С1 тобына кіретін банктер саны шектелмейді.

2) Қызмет ету уақыты бойынша:

А3 – 5 жылдан артық жұмыс істейтін банктер.

А2 – 3 жылдан артық жұмыс істейтін банктер.

А1 – 2 жылдан артық жұмыс істейтін банктер.

В3 – 1 жылдан артық жұмыс істейтін банктер.

3) Жарғылық қорының мөлшеріне байланысты.

4) Баланс қорытындысы бойынша.

Жоғарыдағы көрсеткіштердің 4 тобының негізі банктің сенімділік көрсеткіштері келесі формула арқылы есептеліп шығарылады:

F=∑Ki*Ai

Ai - әртүрлі сенімділік көрсеткіштерінің қосындысы;

Ki – көрсеткіштердің үлес салмағын көрсететін коэффициент.

Ai-көрсеткішіне кіретін көрсеткіштер келесі топтарға біріктіріледі:

Ø А1-А20 – банк балансының мәліметтері негізінде есептеледі;

Ø А21-А29 – ҚР ҰБ стандартты нормативтері негізінде есептеледі;

Ø А30 – мемлекеттік құрылымның банктің жарғылық қорындағы үлесі негізінде есептеледі;

Ø А31 – банк қызметінің мерзімі(ай);

Ø А32 – банк қызметкерлерінің саны;

Ø А33 – банк филиалдарының саны;

Ø А34-А42 – 10 балдық шкаламен эксперименттік бағалау арқылы жүзеге асады.

F=∑K42*A42

Коммерциялық банктің сенімділігін бағалаудың неғұрлым тартымды әдісіне көпөлшемді статистикалық талдау әдісі немесе к ластерлік талдау әдісі кіреді. Бұл әдіске сәйкес арналған есептеу жұмысының нәтижесінде кластерлер құрылады. Кластер дегеніміз – біртекті объектілер топтары.

Статистикалық көзқарасқа сәйкес кластердің бірқатар қасиеттері болады. Олардың негізгілеріне:

- тығыздығы;

- дисперсия;

- көлемі;

- формасы;

- оқшаулану қасиеті.

Тығыздық – кластерді анықтау үшін кеңістікте шоғырланған нүктенің басқа нүктелермен салыстырғандағы бір-біріне жиірек орналасуы.

Дисперсия – кластердің орталығына шаққандағы нүктелердің кеңістікте шашырау дәрежесі.

Кластер көлемі – көпөлшемді кеңістіктегі гиперсфераның немесе эллипсойдтың радиусына және диаметріне сәйкес анықтауға болады.

Форма – кеңістіктегі нүктелердің гиперсфера, эллипсойд немесе созылған кластерлер түріндегі пішіні.

Оқшаулану - әртүрлі нүктелердің, кластердің кеңістіктегі бір-бірінен оқшау орналасқан қашықтығы.

STATGRAFICS бағдарламасының көмегімен компьютер арқылы кластерді жүзеге асырады.

Банктің сенімділігін анықтаудың тағы бір әдісі олардың меншікті капиталының шамасының негізінде анықталады. Бұл әдіс қаржы нарығындағы банктің әлеуеттік мүмкіншілігін анықтауға тиімді жағдай туғызады. В. Кромонов бастаған сарапшылар тобы жасаған әдіске сәйкес келесі 6 көрсеткіш қолданылады:

1. К1 – банк сенімділігінің басты коэффициенті.

К1= Меншікті капитал / Табыс әкелетін активтер

К1≥1

Бұл коэффициент банктің табыс табу үшін жұмсалатын тәуекелді активтердің сол банктің жарғылық қорымен қамтамасыз етілуін көрсетеді, яғни табыс табу үшін жұмсалған активтер қайтпай қалған жағдайда олардан келген шығындардың орнын толтыру үшін меншікті капиталдың, соның ішінде, жарғылық қорының жеткіліктілігін көрсетеді.

2. К2 – абсолютті өтімділік коэффициенті.

К2=Өтімді активтер / Талап етілгенге дейінгі міндеттемелер≥1

Бұл көрсеткіш клиенттердің қаражаттарын банк тарапынан меншікті несиелік ресурстар ретінде пайдалану дәрежесін көрсетеді.

3. К3 – Кросс-коэффициент.

К3=Барлық міндеттемелер / Табыс әкелетін активтер≤3

4. К4 – басты өтімділік коэффициенті.

К4=(Өтімді активтер + Қорғалатын капитал)/Барлық міндеттемелер≥1

Қорғалатын капитал=Негізгі қорлар-Бейматериалдық активтер + Күрделі қаражаттар + Қымбат бағалы металлдар.

Бұл көрсеткіш банктің клиенттері сеніп тапсырған қаражаттарының өтімді активтермен және қорғалатын капиталмен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсетеді.

5. К5 – капиталдың қорғалу коэффициенті.

К5= Қорғалатын капитал / Меншікті капитал≥1

Бұл коэффициент банк тарапынан инфляциялық процестерді ескеру дәрежесін көрсетеді.

6. К6 – банк пайдасының қор нарығындағы капитализациялану коэффициенті.

К6= Меншікті капитал / Меншікті капитал≥3

Бұл көрсеткіш банк қызметінің тиімділігін және банк құрылтайшыларынан тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл 6 көрсеткішті шартты түрде екі топқа бөліп қарастырады:

1) Сенімділік көрсеткіштері (К1, К3, К5, К6);

2) Өтімділік көрсеткіштері (К2, К4).

В.Кромоновтың әдісіне сәйкес бұл көрсеткіштердің әрқайсысына өздерінің үлес салмағы берілген және интегралды банк сенімділігін анықтау көрсеткіштері келесі формуламен анықталады:

N=(К1/1*45) + (К2/1*20) + (К3/3*10) + (К4/1*15) + (К5/1*5) + (К6/3*5)







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1427. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия