Студопедия — Дәрістің тақырыбы. Монтаждың геодезиялық негіздемесі және жабдықты қабылдау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрістің тақырыбы. Монтаждың геодезиялық негіздемесі және жабдықты қабылдау.






Кез келген объектінің құрылысын және оның жабдығын монтаждау алдында жобалап, геодезиялық межелеу негіздемесін дайындайды. Ол биіктік және жоспарлық негіздемелерден тұрады. Геодезиялық жоспарлы межелеу негізі-белгілі координаталық нүктелер (белгілер) жүйесі.

Геодезиялық биіктік межелеу негізі-белгілі биіктікті (реперлер) нүктелер жүйесі. Репер Балтық биік жүйесіндегі белгіні анықтайды. Онда нөлге Фин шығанағындағы судың орта деңгейі қабылданып, ол биіктік белгіні абсолюттік деп атайды. Монтаждау, құрылыс кезінде оны пайдалану қолайсыздау, сондықтан, нөлге ғимараттың 1 қабатының төселімінің деңгейі немесе ашық объектілер үшін темір жол рельстерінің басының деңгейі қабылданады. Осы шартты көлденең беттердің кез келген нүктесінен биіктік белгісін шартты белгі деп атайды. Бұл машина орнатуда биіктікті шамалауға және қателеспеуге көмектеседі.

Құрылыс торының пункттерін нивелиді, ол биіктік межелеу негізінің реперінің қызметін атқарады.

Монтаждың геодезиялық негіздемесі-жабдықты туралауға және орнатуға арналған биіктік белгілермен жоспарлық өстер жиындысын айтады. Барлық биіктік белгілер мен жоспарлық өстер бақылаулық және жұмыстық деп бөлінеді. Реперлер мен жұмыстық өстердіде негізгі және көмекші деп бөледі. Негізгі өстерге технологиялық пороцестегі маңызды болып саналатын жөнделетін агрегаттардың бағыттары қабылданады. Негізгі өстерге перпендикуляр бағытталған өстер көмекші өстер деп аталады. Механомонтаждық жұмыстардың сапасын басқару жүйесінің кешені кеоесідей ұйымдастыру, техникалық, экономикалық және тәрбиелеу жұмыстарының кешенінен құралады. Жүйенің негізін өндіріс стандарттары (СТП) құрайды. Монтаждауда бригадалардың кең тарауына байланысты бақылаулық нәтижесі бойынша қабылдау сапа бағасы мәнін жоғарылатады. Монтаждау бригадаларының еңбегі өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық бағаларымен СН 378–77 негіінде.

Монтаждау сапасын бағалаудың негізгі бақылауы жабдықты пайдалануға қабылдау болып саналады. Ол СНиП III-31–78 «Техникалық жабдық. Монтаждық жұмыстар қабылдау және өндіріс ережелері» көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген үш баға бойынша жұмыстық комиссияның жабдықты қабылдау сапасы анықталынады. Пайдалануға жабдықты қабылдау іске қосу баптау жұмыстарынан, жеке қосу мен сынақталудан, арты кешендік сынаумен аяқталады (бос жүрісте және жұмыстық режимде).

Сынақтауды келесідей түрлерге бөледі: тығыздыққа және беріктікке, бос жүріске және жүктемеге.

Беріктікке сынақтау гидравликалық және пневматикалық болып бөлінеді. Вакуум апараттарын беріктікке гидравликалық 0,2 МПа қысыммен сынақтайды.

Тығыздыққа сынақтауды аппаратысұйықтармен немесе улы газдармен, жарылғыш заттармен жұмыс істейтін аппараттарға жүргізеді. Жылыстауды тексеру үшін тығыздыққа сынақтауда жылыстау орындарына сабын мен көбікті нәрсе жағады. Ақаулы жерден көпіршіктер шығады. Атмосфералық қысыммен жұмыс істейтін аппараттарды беріктікке сынақтағанда су құйяды. Пісірілген жіктер сапасын тексергенде сол орындарды керосинмен ылғалдайды. Сынақталу ұзақтығы 24 сағатқа дейін созылады.

Тығыздыққа пневматикалық сынақтау кезінде ультрадыбысты, жылулық резисторлік жылыстауды іздеушілерді қолданады.

Машинаны жеке сынауда оның жұмыс органын сынудан бастайды. Жетекті машиналарды сынауда бекітіліс сенімділігі, үйкеліс түйіндерінің қызуы мен жағдайы(мойынтіректер температурасы қоршаған ортадан 40–50 °С артық аспауы қажет), беріліс жұмысының жатықтығы, түйіндер дірілі тексеріледі.

Монтаждық ұйымдармен жеке сынау мен сынақтауды аяқтаған соң жабдықты актімен кешенді сынау үшін жұмыстық комиссия қабылдап алады. Осы актіге қол қойылған сәттен бастап жабдық тапсырыс беруші мен қабылданды деп есептеліп, жабдық сақталуына ола өздері жауап береді.

Кешендік сынау ұзақтығы техникалық шартпен көрсетілу керек, негізі 24–72 сғат құрайды.

Кешендік сынаудан соң немесе бірнеше уақв\ыттан соң тапсырыс беруші барлық жабдықтарды тоқтатып қаптап керуге қояды. Бұл орнатылған жабдық сенімділігін арттырады.

Сұрақтар:

1. Монтажды геодезиялық негіздеу дегеніміз не.

2. Монтаждау кезіндегі белгілер қалай аталады.

3. Геодезиялық белгілермен технологиялық және көмекші өстерді анықтау тәсілдері.

Әдебиеттер:

[5] (73 – 74 б)

[1] (138 – 141 б)

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1071. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия