Студопедия — Фармацевтикалық негіз сипаттамасы: сапаға қойылатын талаптар және медицинада пайдалану
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Фармацевтикалық негіз сипаттамасы: сапаға қойылатын талаптар және медицинада пайдалану






ҚР БҒМ ҒК "Микробиология және вирусология институты" РМК құрастырылған жаңа түпнұсқалық «Розеофунгин» антибиотигі карбонил-коньюгирленген пентаенды антибиотиктер қатарына жатады. Антибиотик өндірушілері Streptomyces roseoflavusvar. roseofungini 1128 актиномицеттері мен олардың Streptomyces roseoflavusvar проактиномицетке ұқсас нұсқалары болып табылады. Розеофунгиннің химиялық құрамы анықталып, жаңашылдығы дәлелденген. Розеофунгин антибиотигінің жаңашылдығы Қазақстан Республикасының патенттерімен (ҚР № 3404, 1996 ж. патенті, Инновациялық патенттер: № 25633, 2012 ж., № 28306, 2014 ж., № 28308, 2014 ж.) қорғалған. Химиялық атауы: 13,15,19,21,23,25-гексагидрокси-2,36-диметил-27-оксо-2,4,6,8,10-пентаен-17,21-эпоксигепта-триаконтан-35-олид. Розеофунгиннің эмпирикалық формуласы - C38H68O10. Молекулярлық массасы 684,9.

Сурет 1 - Розеофунгиннің құрылымдық формуласы

Розеофунгин in vitro антибиотигі беттік және терең микоздардың - трихофиттің, микроспоридің, кандидозаның, криптококкозаның, споротрихозаның, хромомикозаның, аспергиллезаның және т.б. қоздырғыштарының өсуін тоқтатады (1-кесте).

 

Кесте 1- Розеофунгиннің физика-химиялық қасиеттері

1. Сыртқы түрі: Сары аморфты ұнтақ
2. Ерігіштігі: Р диметилсульфоксидында жақсы ериді, Р 95% этанолда ериді, Р хлороформда нашар ериді, Р петролейндік эфир мен Р суда ерімейді
3. Балқу температурасы: 130оС жоғары температурада ажырайды.
4. Гигроскоптылық Антибиотиктің гигроскоптылығы бар, күкірт қышқылының 16% ерітіндісінде сақтаған кезде ылғалды жұту салдарынан дәрінің салмағы 1 тәулікте 30% астам артады
5. Меншікті оптикалық айналым   - 30,0° ± - 32,0° (розеофунгиннің диметилсульфоксидтегі Р 1% ерітіндісі)

 

Розеофунгиннің саңырауқұлақтарға қатысты белсенділігі жағынан патогендік белгілі баламалы медициналық дәрілерден озықтығы, үлкен тұрақтылығы пен аз улағыштығы маңызды болып табылады. Антибиотик тропикалық микоздар қоздырғыштарына қарсы жоғары белсенділікке ие. "Розеофунгин» мембранатропты белсенділікке ие және саңырауқұлақтардың жасушалық жарғақшаларына әсер етеді, бұл олардың өсімін тоқтатады. Сонымен қатар, розеофунгин антибиотигінің тұмау вирусының, Сендай парамиксовирусы мен Ньюкасл ауруы вирусының әр түрлі штаммдарына қатысты жоғары вирусбаяулатқыш белсенділігі анықталған.

Кесте 2- «Розеофунгин» антибиотигінің саңырауқұлаққа қарсы белсенділігінің шоғыры

Тест-ағза Ең аз тұншықтыру концентрациясы, мкг/мл
Trichophyton gypseum 0.53
Tr. сrateriforme 0.78
Tr. violaceum 1.11
Epidermophyton rubrum 1.11
Ep. K.-W. 0.60
Achorion Schonleini 0.60
Microsporum lanosum 0.78
Cryptococcus neoformans 4.69
Sporotrichum Schenckii 7.29
Hormodendrum sp. 5.21
Aspergillus fumigatus 8.33
Emmonsia crescens 6.25
Candida albicans 1.33
C. guilliermondii 1.11
C. krusei 1.11
C. tropicalis 1.61
С. utilis 1.65
C. pseudotropicalis 1.61
C. gellaris 1.33
Botrytis cinerea 0.78
B. allii 1.11
Fusarium vasinfectum 4.01
F. solani 1.33
F. oxysporum var. solani 4.01
F.oxysporum f. Melonis 1.61
F. bulbigenum var. blasticola 3.90
Rhizoctonia Aderholdii 1.11
Rh. solani 0.78
Helminthosporium sativum 1.11
Alternaria humicola 1.33
Sclerotinia libertiana 1.11
Verticillium dahliae 0.78
Phomopsis 0.78
Aspergillus niger 4.60
Penicillium granulatum 1.33
Trichoderma lignorum 4.60
Tr. Koningi 4.60
Tr. album 4.60
Tr. glaucum 4.60

 

Розеофунгин белсенділігі 500 БІРЛ/мг кем емес, гигроскопты, яғни күкірт қышқылының 16% ерітіндісінде сақтау кезінде дәрі массасы ылғалды жұту салдарынан 1 тәулікте 30% асатын, сары түсті аморфты ұнтақ болып табылады.

Диметилсульфоксид ерітіндісінде жақсы ериді, 95% этанол ерітіндісінде ериді, хлороформда нашар ериді, петролейндік эфир мен суда ерімейді (3-кесте). петролейндік эфир мен суда мүлдем ерімейді (ҚР МФ I, т. 1, 1.4) (3-кесте).

Кесте 3- «Розеофунгин» антибиотигінің әр түрлі еріткіштердегі ерігіштігі

 

№ р/н Еріткіш 1 г дәріні ерітуге қажетті еріткіш мөлшері, мл   Ерігіштігі
  Р диметилсульфоксиды 1-ден 10-ға дейін Жақсы ериді
  Р 95% этанол 30-дан 100-ге дейін Ериді
  Р хлороформ 100-ден 500-ге дейін Нашар ериді
  Р петролейлік эфир 1000-нан 10000-ға дейін Мүлдем ерімейді
  Р Су 10000-нан жоғары Мүлдем ерімейді

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 221. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия