Студопедия — Кәсіпорынға жалпы шолу: фармацевтикалық сапа жүйесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кәсіпорынға жалпы шолу: фармацевтикалық сапа жүйесі






ҚазКСР ҒА микробиология және вирусология институты 30.01.1956 ж. ҚазКСР ҒА ботаника Институтының микробиология Секторы негізінде құрылды. 31.07.2000 ж. ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің "Микробиология және вирусология Институты" РМҚК болып өзгертілді. 20.10.2006 ж. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық зерттеулер орталығы" РМК-сының (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің №81120-1910-ГП куәлігі) "Микробиология және вирусология" ЕМК, 28.06.2010 ж. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің "Микробиология және вирусология Институты" РМК болып өзгертілді.

Микробиология және вирусология Институты" РМК Қазақстан Республикасындағы микробиология және вирусология саласындағы іргелі және қолданбалы мәселелерді құрастырушы алдыңғы қатарлы ғылым ұйым болып табылады.

Институт қызметінің негізгі пәні микробиология және вирусология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, медицина, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі мен қоршаған ортаны қорғауға арналған микробтық және вирустық дәрілер құрастыру, микробиология және вирусология саласындағы ғылыми мамандарды даярлау болып табылады. Институт штатында 175 қызметкер бар, оның 16 ғылым докторлары, 32 ғылым кандидаттары, 5 PhD докторлары.

Институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

- металлдардің микробиологиялық өзгеріс механизмдерін зерттеу және микроағзаларды пайдалану арқылы қоршаған ортаның биоремедиация технологияларын құрастыру;

- су қоймаларын, топырақ пен өнеркәсіп суағарларын мұнаймен ластануын микробиологиялық тазалауға арналған технологиялар мен бактериялық дәрілер құрастыру;

- өсімдіктерді әр түрлі жұқпалы індеттерден қорғаудың микробиологиялық құралдарын құрастыру;

- адамдар мен ауыл шаруашылығындағы жануарларды ішек аурулары мен дисбактериоздардан емдеу мен олардың алдын алуға арналған пробиотик дәрілерді құрастыру;

- жаңа антибиотиктерді іздеу мен зерттеу, белгілі антибиотиктердің өндірушілерінің белсенділігін арттыру;

- микроағзалардың өндірістік бағалы штаммдарын ұзақ уақыт сақтау, биологиялық белсенді заттардың белсенділігін арттыру, микроағзалардың коллекциялық қорын толтыру және сақтау мәселелерін зерттеу;

- Қазақстан Республикасы аумағындағы тұмау вирусының айналым механизмдерін, тұмау вирустары штаммдарының адамдардан, жануарлар мен құстардан шығуын зерттеу, оларға биохимиялық, иммунохимиялық, молекулалық және филогенетикалық талдау жүргізу;

- Қазақстанның ауыл шаруашылығында үлкен практикалық маңызы бар құстардың парамиксовирустары штаммдарының бөлінуі, оларға биохимиялық, иммунохимиялық, молекулалық және филогенетикалық талдау жүргізу;

- орто- және парамиксовирустарды молекулалық тексеру мен иммунодиагностика әдістерін жетілдіру, вирустық індеттердің қарапайым жылдам-тексерісіне арналған жетілдірілген тест-жүйесін құрастыру;

- тазартылған вирустық ақуыздарға негізделген заманауи вакциндік дәрілерді құрастыру, вакциндік дәрілердің әсерлілігін арттыруға арналған жаңа иммуностимуляторларды іздеу және зерттеу;

- вирустық індеттерді емдеу мен олардың алдын алуға арналған өсімдік және микроб тектес емдік және профилактикалық вирусқа қарсы жаңа дәрілерді құрастыру;

- тұмау вирусы мен оның құрылымдық құрауыштарының жасушалық құрылымдар мен ағзаларға патогендік әсерінің механизмдерін зерттеу.

Институтта грантпен қаржыландырылатын 35 жобасы, 4 Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаларының 5 жобасы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі: "Қызылорда облысында мұнай өндіру кезінде бұзылған экожүйелердің биоремедиациясы (2012-2014 жж.), "Арал өңіріндегі тұзды топырақтардың құнарлылықтарын жаңарту мен арттырудың биотехнологиялық әдістерін пайдалану" (2012-2014 жж.), "Ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауға арналған биодәрілерді шығару бойынша тәжірибелі-өнеркәсіптік қондырғыны ұйымдастыру және технология құрастыру" (2012-2014 жж.), "Топырақты биологиялық азотпен байытуға арналған «Ризовит-АКС» топтамасының биодәрілерін өндіру және 2013-2015 жж. арналған бұршақты дақылдардың егінжайын арттыруды ұйымдастыру және технология құру".

Қазақстан Республикасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 17 қарашасындағы № 176 Бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауға арналған «Казбиосил», «Ризовит-АКС», «Бакойл-КZ» биодәрілері өндірісін құру және ұйымдастыру технологиясы" жұмыстарының топтамасы үшін "Микробиология және вирусология институтының" келесі қызметкерлеріне ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйақы тағайындалды:

Институтта медицина, қоршаған ортаны қорғау мен ауыл шаруашылығына арналған биодәрілер шығаратын заманауи жоғары технологиялы құралдармен жабдықталған зауыт жұмыс істейді.








Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 226. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия