Студопедия — Жалпы ережелер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жалпы ережелер






5.1. Осы Ереже «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның конкурс қатысушылары мен жеңімпаздарына білім беру гранттарын ұсыну тәртібін орнатады.

5.2. Осы Ережеде университеттік білім беру гранты (бұдан әрі – «грант») ретінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да оқуға құқық алған конкурс жеңімпаздарына Университеттің өтемсіз негізде көрсететін қызметі түсіндіріледі.

5.3. Конкурс орта мектептердің, мектеп-лицейлердің, мектеп-гимназиялардың түлектерінің арасында өткізіледі.

5.4. Конкурс қорытындылары бойынша гранттар сертификаттар түрінде ұсынылады.

5.5. Сертификаттар «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның тек осы Ережеде көрсетілген мамандықтары бойынша ғана беріледі.

5.6. Білім беру гранттары конкурстық негізде беріледі.

5.7. Ереже, конкурс өткізу шарттары, конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар үлгілері «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылады: www.kazguu.kz.

5.8. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беру оқу бағдарламасын игерген тұлғалар жіберіледі.

5.9. Конкурс қатысушылары осы Ережемен ұсынылған мамандықтардың бірін таңдауы тиіс, бұл орайда ҰБТ-де таңдалған пән конкурста таңдалған мамандыққа сай болуы тиіс.

5.10. Конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаздар грант ұсыну туралы сертификаттың негізінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-на қабылданады. Бұл орайда білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес, қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу және/немесе абитуриенттерді кешендік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

5.11. Грант беру туралы сертификат болған жадғайда конкурс жеңімпазын қабылдау тек аяқтау емтихандарының және білім беру саласындағы уәкілетті орган мен «КАЗГЮУ Университеті» АҚ тиісті мамандыққа орнатқан студенттер қатарына қабылдауға арналған өту балының шектік деңгейіндегі ҰБТ нәтижелері бойынша жетістіктерін ескерумен ғана өтемсіз негізде жүргізіледі.

5.12. «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның конкурс жеңімпазына берген сертификаты, егер осы конкурстың жеңімпазы ұлттық бірыңғай тестілеу және кешендік тестілеу нәтижелері бойынша оның университеттік грантқа алған сертификаты бойынша мамандыққа қабылдану үшін балдардың орнатылған мөлшеріне жетпеген (өту балының шектік деңгейіне) жағдайда, тағайындау бойынша іске асырыла алмайды.

6. Конкурсты өткізу кезеңдері

6.1. Бірінші кезең – «Іріктеу туры». Конкурсқа қатысушылар сауалнама толтырады және КАЗГЮУ Университетінің ҚР-ның әр бір өңіріндегі қоғамдықпен байланыс және маркетингтік зерттеулер бойынша бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен эссе жазады. Конкурстың екінші кезеңі «15» қазаннан «15» қаңтарында (2016 ж.) дейінгі кезеңде өтеді (2-қосымшадағы кестеге сәйкес).

6.2. Екінші кезең – «Финал». Финал 2016 жылдың 29 қаңтарында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның оқу корпусында өткізіледі.

Ақтық кезең барысында меңгерілген жалпы білім беру мектеп бағдарламалары бойынша тестілеу және әңгімелесу түрінде Қазақстан тарихы бойынша емтихан өткізіледі.

7. Конкурс кезеңдерін өткізу тәртібі

7.1. Конкурстың іріктеу кезеңі – «Эссе жазу».

7.1.1. Конкурс қатысушысы эссе жазады. Жазбаша жұмыс тақырыбы –«Мәңгілік Ел – 2050» атты эссе. Ұзақтығы: 1 академиялық сағат.

7.2. Эссе түріндегі жазбаша жұмыс төмендегілерден тұруы тиіс:

7.2.1. Жұмыстың атауы;

7.2.2. Өзектілігі;

7.2.3. Көпұлтты Қазақстан Республикасын дамыту және нығайту бойынша ұсынымдар;

7.2.4. Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңіне жаңа көзқарастар.

7.3. Конкурстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:

7.3.1. Эссе жазбаша жұмысы А4 форматындағы 2-ден 3 бетке дейінгі көлемді құрауы тиіс.

7.4. Конкурстың ақтық кезеңі – «Тестілеу және әңгімелесі».

7.4.1. 2016 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8 в үй мекенжайы бойынша, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ оқу корпусында конкурстың ақтық бөлімі өтеді. Ақтық кезең барысында қатысушылар кешендік емтихан тапсырады:

1. Тест – Қазақстан тарихын білуге (компьютерлік тест 30 сұрақтан тұрады, тестілеу уақыты: 1 академиялық сағат).

2. Әңгімелесу – тіл мәдениетін және ой-өрісі деңгейін анықтауға.

Тестілеуде ең көп бал алған конкурстың бірінші 30 қатысушысы әңгімелесуге жіберіледі.

8. Өтінімдер қабылдау және конкурс өткізу кезеңдері

8.1. Эссе қабылдау және конкурс өткізу мерзімі 2015 жылдың «15» қазанынан 2016 жылдың «15» қаңтарында дейін орнатылады.

9. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

9.1. Конкурсты «КАЗГЮУ Университеті» АҚ өткізеді, ол конкурстың қажетті ұйымдастырушылық, сараптамалық және ақпараттық сүйемелденуін қамтамасыз етеді.

9.2. «КАЗГЮУ Университеті» АҚ:

9.2.1. Конкурстық комиссия және Ұйымдастыру комитеті құрамын бекітеді;

9.2.2. осы конкурсты өткізуді қаржыландыру көзін және қаржыландыруға жұмсалатын қаражаттар көлемін белгілейді;

9.2.3. конкурс өткізу мерзімдерін және гранттар беру мерзімін белгілейді;

9.2.4. конкурс туралы таратулар немесе өзге де ақпараттық хабарламалар жіберуді қамтамасыз етеді;

9.3. Конкурстық комиссия:

9.3.1. өтінімдерді, жұмыстарды қарау және конкурс жеңімпазын анықтау барысында ашықтықтың, қол жетімділіктің, әділдіктің, жариялылықтың сақталуына бақылау жасайды;

9.3.2. ұсынылған өтінімдер мен жұмыстардың конкурс талаптарына сәйкестігін тексереді;

9.3.3. конкурс қатысушыларының болашағы бар жұмыстарына конкурстық іріктеу жүргізеді;

9.3.4. конкурс жеңімпазын анықтау, грант ұсыну, немесе өтінімді қабылдамау туралы қорытынды шешім қабылдайды;

9.3.5. конкурс қатысушыларына және өзге де үшінші тұлғаларға конкурс қорытындысына және білім беру грантын ұсынуға қатысты жазбаша және/немесе ауызша түсіндірмелер беруге міндетті емес;

10. Қаржыландыру көзі және қаражаттар көлемі

10.1. Конкурсқа дейін және кері жол жүруді қос алғанда, конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығыстарды, сонымен қатар тұру ақысын әр бір конкурс қатысушысы өз есебінен төлейді.

10.2. Конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оның ішінде конкурс өткізу орнын, сертификаттар дайындау, қажетті құралдар сатып алу шығыстары «КАЗГЮУ Университеті» АҚ қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

11. Конкурс қатысушыларына ұсыну үшін қажетті материалдар

11.1. Осы конкурсқа қатысу үшін әр бір қатысушы орнатылған мерзімдерде келесі материалдарды тапсырады:

· Конкурс қатысушысының сауалнамасы;

· Осы Ережеде көрсетілген тақырыпқа эссе түріндегі жазбаша жұмыс.

11.2. Грант алуға үміткер конкурс қатысушылары сауалнама толтырып, эссе түріндегі жазбаша жұмысымен қоса онлайн режимде мына сайтқа жіберуі тиіс: www.kazguu.kz, немесе толтырылған сауалнама мен эссенің электрондық нұсқасын мына e-mail бойынша жіберуі тиіс: [email protected]

11.3. Материалдар бір тілде (мемлекеттік немесе орыс тілінде) ресімделуі және толтырылуы тиіс;

11.4. Осы Ережеде көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген сауалнамалар мен жұмыстар қабылданбайды;

11.5. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды;

11.6. Комиссия өтінімнің электрондық нұсқасын немесе электрондық почта бойынша алынған оның сканерленген көшірмесін қарауға құқылы.

12. Білім беру гранттары берілетін мамандықтар:

Жоғары құқық мектебі:

«Халықаралық құқық»

«Заңтану»

«Құқық қорғау қызметі»

Жоғары экономика мектебі:

«Қаржы»

«Менеджмент»

«Экономика»

«Есеп жүргізу және аудит»

«Психология»

«Туризм»

«Аударма ісі»

13. Басқа шарттар

· Осы Ережеге кез-келген өзгертулер мен толықтырулар тек «ҚазМЗУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасымен келісу бойынша ғана енгізіледі.

· Осы Ереженің түпнұсқасы хранится в ҚБжМЗБ-де сақталады, орнатылған тәртіпте куәландырылған Ереженің көшірмелері құрылымдық бөлімшелердің басшыларына беріледі.

 

Мәміле парағы

Лауазымы АЖТ Күні Қолы
Басқарма Төрағасының орынбасары – бас бухгалтер КоробкоН.М.    
Қоғамдықпен байланыс және маркетингтік зерттеулер бойынша бөлім басшысы Серикбаев М.    
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Крушинский М.А.    
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

 

Қосымша 2

«Мәңгілік ел – 2050» Конкурсының 1-ші кезең;

КЕСТЕСІ

Мерзімі Сағаты Мекен-жайы Аймағы  
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         

 

 

Қосымша 3







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 146. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия