Студопедия — Тақырып. Орыс философиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Орыс философиясы






Дәріс жоспары:

1. Орыс философиясының бастаулары және ерекшеліктері.

2. П. Чадаевтың историософиясы, оның ХІХ ғасыр философиясының дамуындағы маңызы.

3. Орыс діни-идеалистік философиясы. В. Соловьев.

4. Орыс философиясындағы экзистенциалистік бағыт.

 

Дәріс мазмұны:

ХVIII-XIХ ғасырларда орыс халқының ілгері дамуына кедергі болған үш жауы болды. Олар: шаруалардың басыбайлылығы, шіркеу және патша өкіметі. Сондықтан орыс халқының алдыңғы қатарлы ойшылдары бұл үшеуіне де қарсы шықты. Ол ресми халықшылдық теориясы деп аталды. Ең алдымен ұлы орыс ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) Ресей патшасының төңірегін жайлап, Ғылым академиясын билеп алған немістерден оны аластатып, тазартып, Ресей ғылымын дамытуда, физика, химия, лингвистика, басқа да ғылымдардың дараланып, ілгері басуына, дүние жүзілік деңгейіге жақындауына үлесін қосты. Әсіресе, оның 1748 жылғы Л. Эйлерге жазған хатында зат пен қозғалыстың сақталу заңын табиғаттың еш уақытта жойылмайтын, жалпы заңдылығы деп қарады. Бұл материяның ешқашан жойылмайтындығы туралы пікір болатын. Осыдан келіп, әрбір зат материядан тұрады деген ұғым туындайды.

А.Н. Радищев (1749-1802) өзі дворяндар әулетінен шықса да, шаруалардың басыбайлы құқығына қарсы алғаш батыл пікір айтты. Оның “Петербург пен Мәскеуге саяхат” атты кітабында Ресейде шаруаларды басыбайлылықтан құтқарудың бағдарламасы жасалды. Бірақ сол кітабы үшін патша үкіметінің шешімімен А.Н. Радищев Сібірге мәңгілікке жер аударылды. А.Н. Радищев алғаш дворяндардан шыққан революционер еді. Ол Ресейде патшаның жеке билеуін революция арқылы қиратып, саяси-әлеуметтік реформа жасауға шақырды. Сібірден қайтып оралған соң император І Александрдың тапсыруымен ол 1801-1802 жылдары Ресей заңдарының жобасын жасауға қатыстырылды. Бірақ сол кезде өзінің бұрынғы идеяларын өткізбек болып тырысып, ақыр-соңында Сібірге қайтадан жер аударылу қаупі төнгендіктен, у ішіп өлді.

ХІХ ғасырда Ресей жағдайы бұрынғыдан да ауыр болды. Қайшылықтар күшейді. Басыбайлылық Ресейге үлкен тұсау болды. Ол Ресейде капитализм дамуына бөгет жасады. Бір жағынан, Ресей ірі ғылым, мәдениет қайраткерлерін, жазушы, ақындарды дүниеге келтірді. Бұл үшін А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.А. Некрасов, И.С. Тургенев, И.Е. Репин, М.И. Глинка, Д.И. Менделеев, Н.И. Лобачевский есімдерін атаудың өзі-ақ жеткілікті.

Саяси өмірге келетін болсақ, ең алдымен ауызға алатынымыз – ресми халықшылдық теориясы. Бұл теория екі бағытта уағыздалды. Бірі – славянофилдер – А.С. Хомяков, ағайынды Аксаковтар, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин т.б. Олар орыс халқы құдайшыл, патшашыл, діншіл, төзімді, көнбіс, олай болса Ресей сол патриархалдық жағдайда қала бермекші, деді. Екінші бағыт – батысшылдар деп аталды (В.П. Боткин, П.В. Анненков, Б.Н. Чечерин, К.Д. Кавелин, А.В. Дружинин, т.б.). Олар Ресейдегі Батыс Европа сияқты буржуазиялық жолдармен дамытуға шақырды. Бірақ бұл екі бағыт та үстем таптардың билігін сақтап қалуды көздеді. Осындай шым-шытырық тартыс кезеңінде орыстың революционер-демократтары ресми халықшылдық теориясына қарсы шығып, ресейдегі революциялық жол арқылы азаттыққа жеткізуге шақырды. Олар В.Г. Белинский (1811-1848), А.И. Герцен (1812-1870), Н.Г. Чернышевский (1828-1889), Н.А. Доролюбов (1836-1861) еді. Оларды әртекті революционерлер деп те атайды. Өйткені шыққан тектері жағынан жәй халық өкілдеріне жатады. Бірақ олар өз заманының жоғары білімді адамдары болды.

Әдебиеттер:

1. Бердяев Н.А. Самопознание. Опыт философской автобиографии. – М., 1991.

2. Вернадский В.И. Жизнеописание. Избранные труды. Воспоминания современников. Суждение потомков. – М., 1993.

3. Замалеев А.Ф. Курс истории русской философии. – М., 1995.

4. Зеньковский В.В. История русской философии. в 2 т. – Спб., 1991.

5. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1994.

6. Лосский Н.О. История русской философии. - М., 1991.

7. Соловьев В.С. Оправдание добра. – М., 1992.

8. Толстой Л.Н. Избр. филос. произведения. – М., 1992.

9. Чадаев П.Я. Философские письма. Полн. собр. соч. и избр. письма. В 2 т. Т. 1. – М., 1991.

10. Чернышевский Н.Т. Соч. Т. 3., Т. 4., – М., 1994.

11. Федоров Н.Ф. Философия общего дела. Соч. – М., 1982.

12. Хомяков А.С. Соч. в 2 т. Т. 1., – М., 1994.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1068. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия