Студопедия — Тақырып. Онтология: негізгі ұғымдары және принциптері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Онтология: негізгі ұғымдары және принциптері






Дәріс жоспары:

1. Болмыс туралы философиялық түсінік. Болмыстың негізгі формалары.

2. Субстанция мәселесі. Дуализм және монизм.

3. Материяның ғылыми-философиялық ұғымының қалыптасуы.

4. Материя қозғалысының формалары. Кеңістік және уақыт.

 

Дәріс мазмұны:

Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді.

Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік – әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататынына қарамастан, дүние біршама тұрақты тұтас нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады. Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Сонымен, табиғат дүниесі болған, бар және бола береді: адам, қоғам пайда болғаннан бері бар, бола да бермек дейміз. Олардың бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді.

Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек. Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады: 1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді; 2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі; 3) рухани (идеялық) болмыс; 4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекелеген адам болмысына бөлінеді.

Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады. Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшелікеріне таңдану, таңырқай білу, үңіліп қарау – осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Сана белгілі бір дәрежеге жеткенде сана-сезімге айналады. Сана-сезім өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Сана-сезім дегеніміз – адамның өзін ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бастауы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Бірақ сана-сезім – адамның өзін-өзі сезіну және өзін-өзі реттеу қабілеттері де кіреді. Дүние – табиғат, заттар дүниесі болсын, рухани дүние болсын – үздіксіз өзгерісте, қозғалыста, дамуда бола ма, жоқ, онда тыныштық, тепе-теңдік, өзгермеушілік басым ба деген сұрақ философияның көкейтесті, оның сананың материяға қатынасын қарастыратын дүниетанымдық, методологиялық маңызы зор мәселелердің бірі болып табылады. Кез-келген философиялық ілімнің ғылыми жүйесіне теория мен әдіс кіреді. Ғылыми теория (ертедегі гректің – зерттеу, ілім деген сөзінен алынған) затарды, процестерді талдайды, шын мәнінде олардың қандай екендігін түсіндіреді. Теория – белгілі бір білім саласында басшылыққа алатын идеялар жүйесі, адамдардың жинақталған тәжірибесі.

Әдебиеттер:

1. Әбішев Қ. Философия. – А., 1998.

2. Диалектическая логика. Т. 2. Гл. 1. – А., 1987.

3. Доброхотов А.Л. Категория бытия в классичекой западно-европейской философии. – М., 1986.

4. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1994.

5. Какабадзе З.М. Проблема человеческого бытия. Тбилиси., 1986.

6. Хайдеггер М. Время и бытие. – М., 1993.

7. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. – М., 1988.

8. Диалектическая логика. Т. 1. Гл. 3. – А., 1986.

9. Ғарифолла Есім. Сана болмысы. 3-і кітап., - А., 1997.

10. Категории мышления и индивидуальное развитие. Гл. 2. –А., 1991.

11. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – А., 1994.

12. Сознание как условие формы жизнидеятельности. Сборн. АГУ. – А., 1996.

13. Фрейд З. Введение в психоанализ. Лекции. – М., 1989.

14. Фрейд З. Психология бессознательного. – М., 1989.

15. Юнг К. Архетип и символ. – М., 1991.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2268. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия