Студопедия — IV. Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

IV. Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары






Мақсаты: Экономикалық жүйе мәні, экономикалық жүйедегі меншік қатынастары мен экономикалық жүйе типтерін танып-білу. Экономикалық жүйелерді жіктеп анықтау (дәстүрлі, әкімшілдік-әміршілдік, аралас, нарықтық). Экономикалық мүдделер түсінігін, экономикалық қажеттіліктерді танып-білу.

Дәріс жоспары:

1. Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары

2. Экономикалық мүдделер, қажеттіліктер және олардың мәні мен түрлері.

Дәріс тезистері:

1. Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

1. Меншік типтері бойынша; 2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша. Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі: дәстүрліі экономика; әкімшілдік-әміршілдік; еркін бәсекелестік нарықтық экономика; қазіргі нарықтық экономика.

Дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады.

Еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді.

Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері менбағдарламасын жүзеге асыруға жұмылдырады. Ал олқылықтыары мынадай: барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылық бюрократтық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Кәсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді.

Қазіргі нарықтық экономика аралас экономика ретінде болуда. Американ экономисі Пол Самуэльсон былай дейді: «Аралас экономика –бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика». Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықтысалық салу, шығынмен реттеп отырады. Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы герман экономисі Вальтер Ойкен. Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады.

2. Қоғамда әртүрлі көптеген мүдделер өмір сүреді. Өндіруші қызметтің қозғаушы факторы – экономикалық мүдделерді ғана тек экономикалық теорияда қарастырады. Экономикалық мүдделер – бұл адамдардың шаруашылық қызметін қозғаушы күштер, олардың қабілетінің байқалуы. Мүдделер экономикалық процестердің қуатты күші болып табылады. Олар қоғамның экономикалық механизімін, қоғамдық өндірісті қозғалысқа келтіретін есріппе тәрізді. Экономикалық мүдделердің пайда болуы үшін –адамдар, адамдар тобы қажет, яғни қанағаттандырылу үшін өзінің қажеттіліктерімен бірге экономикалық субъектілер керек. Мүдделер қоғамдық, ұжымдық және жеке мүдделер болып бөлінеді. Мемлекеттің ұлттық шеңберінің аумағындағы мүдделерді ұлттық, аймақтық, мекемелік,корпоративтік, топтық, отбасылық мүдделер деп бөлуге болады. Адам өндірістің түпкі мақсаты болып табылады. Адам қажеттілігін қанағаттандыру -өндірістің жалпылама міндеті болмақ. Міне, осы мағынада адам - әрбір өндірістің мақсаты. Адамның өмір сүруі үшін ең алдыменен азық-түлігі болуы керек. Ал, оған деген қажеттілік оны өндіріспен айналысуға мәжбүр етеді. Сондықтан, экономикалық теория адамның экономикалық қажеттіліктерін зерттейді. Экономикалық қажеттіліктер –қоғам өндірісінің ішкі себептерінің бір қалыпты қызмет етуі және дамуы. Олар адамдарды нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін бар ресурстарды тиімді қолдануға жігерлендіреді. Тұлғаның, адамның қажеттілігі – бұл жеке қажеттіліктер;

- өзінің икемділігі мен мойындауына дәл болатындай жайлы жұмыс табу;

- өндіріс сипатына сай болатын ыңғайлы, нақтылы дәрежеде қолайлы жағдайда жұмыс жасау;

- өнертапқыштық, спорт, туризммен айналысу үшін оқу мүмкіндіктің болуы өзінің білімін тұрақты көтере білуі;

- бала тәрбиелеу үшін жағдайдың болуы үшін жақсы пәтерде тұру;

-жақсы жалақы таба білу.

Адамдар қажеттілігінің ең жоғарғы іргетасы – негізгі материалдық қажеттіліктер болып табылады және оларды тек экономика қанағаттандырады.

Көрнекіліктер: Кесте № 2 «Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері»

Әдебиеттер:

1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

5. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.

6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

Бақылау сұрақтары:

1.Экономикалық жүйе дегеніміз не?

2.Экономикалық жүйенің үлгілерін атаңыз?

3.Аралас экономикалық жүйе дегенімізді қалай түсінесіз?

4.Нарықтық экономикалық жүйенің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?

5.Өтпелі экономиканың негізгі сипаттық белгілерін атаңыз?

6.Нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан моделі қандай?

7.Экономикалық мүдделер және оның меншік түрлерімен байланысы жайлы не білесіз?







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 3917. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия