Студопедия — Огюст Конт
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Огюст Конт






1. При жизни позитивистские теории Конта были мало известны, однако с 60-х годов 19 века его идеи получили широкое распространение, интерес к позитивизму как философской доктрины вырос. Позитивистами объявили себя многие естествоиспытатели (Ипполит Тэн).

2. Он синтезировал многие основные идеи обществоведения; он выступил против спекулятивно-умозрительного в общественной жизни и теологических концепций. Апелляция к положительному знанию, признание закономерности исторического процесса, внимание к изучению социальных институтов и структур общества - все это оказало огромное влияние на развитие общественных наук. История социологии отмечает творческий ум Конта, его энциклопедичность.

Его сравнивают с гением - отцом диалектики.

Конт впервые создал новую науку об обществе на основе синтеза идей своего времени, обрисовав контуры социальной структуры общества, нашел новые социологические методы. Он заложил фундамент социологии как науки.

 

Леуметтанудың пәні мен объектісі

Әлеуметтанудың пәні қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүріп жатқан әлеуметтік құбылыстар, үдерістер, байланыстар, қарым-қатынастар болып саналады. Әлеуметтану қоғамның ерекше бір қасиетін - әлеуметтілігін, экономиканың, саясаттың, құқықтың, мәдениеттің және тәрбиенің әлеуметтік қырларын анықтап береді.

Әлеуметтану ғылымының зерттеу огбъектісіне қоғамдық өмірдің әр түрлі салалары мен жақтарында жүріп жатқан күрделі құбылыстар мен үдерістер жатады. Бұл құбылыстар мен үдерістердің қайнаған ортасында дамыған жоғары жүйке жүйесінің иесі – адам бас объект ретінде қаралуы тиіс.

Бүгінгі ғылыми жетістіктер биігінен қарасақ, әлеуметтанудың талдау объектісі ретінде қоғамдық қатынастардың жаңа нысаны, ерекше көрінісі – азаматтық қоғам жатады. Өйткені азаматтық қоғам адамдардың бірлесе әрекет етуінің тарихи жаңаша ұйымдасқан тіршілік тұрпаты, жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстанудың жоғары үлгісі.

 

Огюст Конт

Негізгі еңбегі:«Позитивтік философия»

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

1. Теологиялық; сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.

2.Метафизикалық; сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

3.Позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.

О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.

Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.

Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.

О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикадеген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.

О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал, бақылаушы өзінен тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі - ол эксперимент. О.Конттың пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жаснды жағдайда әлеуметтік процесттердің құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі – салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін бір-бірімен салыстаруда қолданылады. О.Конттың осы әдіңстер туралы пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.

 







Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 1043. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия