Студопедия — Леуметтік топтар мен қауымдастықтар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Леуметтік топтар мен қауымдастықтар






 

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтеріне әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар жатады.

Қоғам әртүрлі топтардың: үлкен және кіші, реалды және номиналды, алғашқы және кейінгі топтардың жиынтығы. Топ адамзат қоғамының фундаменті. Әлеуметтік топ деп - әлеуметтік белгілері бар кез-келген адамдардың жиынтығын айтамыз (жынысы, жасы, ұлты, нәсілі, кәсібі, табысы, білімі т.б.). Әлеуметтік топ – жеке адам мен тұтас қоғамның арасындағы өзіндік байланыс. Сонымен қатар, топ ұжымдық процестер қалыптасып, дамитын орта ретінде де сипатталады.

Сонымен, әлеуметтік топ – жеке адамдардың бірлескен, ынтымақтасқан әрекетті жүзеге асыру қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың, олардың бірлестіктерінің әлеуметтік өзара әрекетінің негізгі бір формасы.

Ғалымдардың пайымдауынша, адамдардың көптеген ерекшеліктері – абстрактылы ойлау, сөйлеу, тіл, өзіндік тәртіп пен адамгершілік қасиеттері топтық әрекеттің нәтижесінен болады. Топтарда норма, ереже, дәстүр, әдет-ғұрып, рәміздер туындайды, яғни топтарда әлеуметтік өмірдің фундаменті қаланады. Әлеуметтік топтарды ауқымына, әлеуметтік белгілеріне қарай былайша жіктеуге болады:

1) номиналды топ – тұрғындарды статистикалық есепке алуға арналады. Бұндай топты әлеуметтік категория деп те атайды. Әлеуметтік категория - тұрғындарға статистикалық сараптама жасау мақсатында құрастырылған топ. Олар үлкен әлеуметтік топтарға жатады (мысалы: психдиспансерде есепте тұрғандар, көпбалалы, азбалалы отбасылар т.б.).

2) реалды топтар – үлкен және кіші болуы мүмкін. Олардың реалды аталуының себебі, бұндай топта адамдар нақтылы әлеуметтік белгілеріне қарай ажыратылады. Реалды топтардың өзін жеке таптарға бөлуге болады:

- стратификациялық;: құлдар, касталар, жіктер, таптар;

- этникалық;: нәсіл, ұлт, халық, тайпа, клан;

- территориялық;: қалалық, ауылдық т.б.

Әлеуметтік топтарды қарастыру барысында әлеуметтік ұйым түсінігімен кездесеміз. Ұйым легитимді мақсаттарға жету үшін құрылған адамдар бірлестігі. Ұйымдар құрамына қарай үлкен де, кіші де болып кездеседі. Осыған орай әлеуметтік ұйымдар алғашқы және екіншілік (кейінгі) ұйымдар болып екіге бөлінеді.

Алғашқы топ – индивидтердің алғаш рет әлеуметттенуі жүретін, қарым-қатынастары, жеке дара, формалды емес сипатта болатын топ. Топ мүшелерінің негізгі мақсаты өзара араласу.

Екіншілік топ – мүшелерінің арасындағы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жеке емес сипатта болатын топ. Мұндай топ ортақ мақсатқа жету үшін құрылып, ондай қажеттілік жойылғанда тарайды.

Қоғамның келесі элементі әлеуметтік қаумдастық; болып табылады. Әлеуметтік қауымдастықтарға – таптар, қабаттар, қоғамның ірі бірлестіктері жатады. Әлеуметтік қауымдастықтар – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, ынтымақтастық әрекетті іске асыруға деген олардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тұтас жиынтығы. Яғни, әлеуметтік қауымдастықтар өмірлік іс-әрекеттерімен, қандай да бір топқа қатысты өзара байланысатын индивидтерімен, тарихи қалыптасқан территорияға жатуымен, өзара іс-әрекет ететін индивидтердің, топтардың әлеуметтік институттарға қатысымен сипатталатын адамдар жиынтығы.

Әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасып, дамуы оның элементтері индивидтердің әлеуметтік байланысы мен өзара ықпалдасуының негізінде жүреді. Әлеуметтік байланыс негізі нақты бір әлеуметтік қауымдастықты құратын адамдардың іс-әрекетімен сипатталады. Әлеуметтік қауымдастықтар ұлттық, діни, мәдени, территориялық, этникалық, жыныстық, жастық т.б. белгілеріне қарай біріктіріледі.

 







Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 2466. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия