Студопедия — Тақырып №1. Кіріспе. Гигиена - медицинадағы алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері – 1 сағат.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып №1. Кіріспе. Гигиена - медицинадағы алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері – 1 сағат.






Мақсаты:Аурудың алдын алу жөніндегі пән және ғылым ретиндегі гигиена туралы, оның мақсаты мен негізгі міндеттері, зерттеу нысандары мен әдістері туралы түсінікті қалыптастыру.

Дәріс тезисі: Гигиена - медицинадағы негізгі алдын алу пәні. Оның іске асуы кезінде адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай, денсаулығының сақталуын, аурулардың алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында қоршаған орта факторларының адам ағзасына және қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.

Гигиена өзінің аталуын «һygіеnos» - денсаулық әкелуші деген грек сөзінен алды. Ертедүниедегі грек мифологиясына сәйкес емдеумен айналысатын құдайы Асклепияның (Эскулаптың) Гигиея деген қызы болған. Ол, аурулардын алдын алып, адамдарға ден саулық силаған. Ерте дүниедегі гректер Гигиеяны «денсаулық құдайы» деп таныған, оны денсаулық құдайы деп санаған. Осы денсаулық құдайының атымен аурудың алдын алу жөніндегі медицина ғылыми гигиена деп аталған.

Гигиенаның мақсаты адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу. Мазмұны мен міндеттері бойынша біріншілік, екіншілік, үшіншілік аурулардың алдын алу деп бөледі.

Біріншілік алдын алу аурулардың себебі немесе қауіп-қатері болатын факторларды жоюға немесе қауіпсіздеңгейге дейін төмендеуге бағытталған. Ол қоршаған ортаны саықтыруды, халықтың салауатты өмір салтын, рационалды жұмыс және демалу режимін және басқаларды ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүргізуді алдын ала қарастырады.

Екіншілік алдын алу сырт көрінісі жағынан дені сау адамдарда патология алдындағы жағдайды ерте анықтау және бұл жағдайлардың ауруларға өтуінің алдын алу жөніндегі шараларды жүргізуден тұрады. Мұндай шараларға, мысалы, жеке басты қорғайтын заттарды қолдану, қолайсыз экологиялық жағдайларға жұмысшыларды, халықты қауіпсіз жұмыс және өмір сүру тәсілдеріне, антидоттық тамақтануға және басқаларға үйрету.

Үшіншілік алдын алу (реабилитация) ауырған адамдарда жүргізіледі. Гигиена біріншілік және екіншілік аурулардың алдын алумен айналысады.

Гигиена өзінің мақсатына жетуді, адамды қоршаған ортаны – тіршілік және өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу шараларын дайындау және практикаға енгізу арқылы іске асырады. Бұл үшін гигиена ғылымымен келесі міндеттер шешіледі:

1. Адамның денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның табиғи және антропогенді факторларын зерттеу.

2. Бұл факторлардың адамның немесе популяцияның денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттеу.

3. Адам ағзасына қолайлы әсер ететін қоршаған орта факторларын максималды пайдалану және қолайсыз әсер ететін факторларды жою немесе қауіпсіз деңгейге дейін шектеу жөніндегі гигиеналық нормативтерді, ережелерді, шараларды тұрғыдан негіздеу және дайындау.

4. Дайындалған гигиеналық ұсыныстарды, ережелерді және нормативтерді денсаулық сақтау практикасына және халық шаруашылығына енгізу, олардың тиімділігін бағалау және жетілдіру.

5. Жақын және қашық болашақтағы санитарлық жағдайды болжау.

Гигиенаның зерттейтін тақырыбы іс жүзінде дені сау адамдар, олардың жеке, ұжымдық, қоғамдық денсаулығы және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам ағзасына әсер ететін: физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік қоршаған ортаның факторлары. Физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік қоршаған ортаның факторлары табиғи немесе антропогендік болуы мүмкін.

 

Әлеуметтік жағдайдың адам денсаулығына әсері де әлеуметтік ортаның химиялық, физикалық, биологиялық және психогендік факторлары арқылы жүреді. Мысалы, темекі шегу химиялық фактор ретінде табактың әсері салдарынан оның себебінен дамитын аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Адам өзінің өмір сүру жағдайында бір мезгілде көп факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін және олардың қабаттасып әсер етуінің сипаты әртүрлі болуы мүмкін: қолайлы, бейтарап немесе зиянды және қауіпті. Қазіргі кездегі гигиена көп бөлімдерді қамтиды, олардың әрқайсысы гигиена ғылымы мен практикасының жеке салаларын қамтиды, атап айтқанда, коммуналдық гигиенаны, тамақтану гигиенасын, енбек гигиенасын, балалар мен жасөспірімдер гигиенасын, емдеу алдын алу мекемелерінің, әлеуметтік, радиациялық, әскери гигиенаны және басқаларды. Өзінің міндеттерін шешу үшін гигиена тек өзіне тән әдістерді де және басқа медициналық және медициналық емес пәндердің әдістерін де қолданады. Гигиенаның өзіне тән әдістеріне: санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптау, гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің бірі қоршаған орта факторларын бағалауға мүмкіндік берсе, басқалары олардың адам денсаулығына әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің бәрі физикалық, химиялық, биологиялық, статистикалық, клиникалық және басқа да спецификалық емес әдістердің кең спектрін қолдануды ойлайды.

Иллюстративті материал Мультимедийлі презентация.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000ж.-5-75 беттер.

Қосымша:

1. Общая гигиена: Пропедевтика гигиены / Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бордов В.Г.и др. – К: Вища шк., 1999ж. – 8-47беттер.

2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиена». Учебник, Алматы «Ғылым», 2003 ж. – 3-34беттер.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Гигиена қандай бағытты көрсетеді: алдын алу ма әлде емдеу ме?

2.Аурулардың алдын алудың қандай түрі тиімдірек? Денсаулық сақтаудың алдын алу бағыттылығының бірінші кезектілігі немен түсіндіріледі?

3. Гигиенаның зерттейтін тақырыбы не?

4. Қоршаған ортаның факторларын гигиенаның қандай әдістері бағалауға мүмкіндік береді?

5.Адам ағзасына қоршаған ортаның қандай факторлары бағалауға мүмкіндік береді?







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 5698. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия