Студопедия — Тақырып №3. Ауа ортасының гигиеналық маңызы. -1 сағат
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып №3. Ауа ортасының гигиеналық маңызы. -1 сағат






Мақсаты: Гигиенаның зерттеу әдістері жөніндегі білімді қалыптастыру.

Дәрістің жоспары:

1. Жер бетінің атмосферасы, құрылысы және қасиеті.

2. Ауаның физикалық қасиеті.

3. Атмосфералық ауаның химиялық құрамы.

4. Бөлме ауасының ластануы, санитарлық көрсеткіштері, ластауыш көздері..

5. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары.

Қоршаған орта факторларының арасында ауа маңызды рөл атқарады. Ауасыз ұзақ уақыт тіршілік сақтау мүмкін емес.

Жер атмосферасына тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера (термосфера), экзосфера и магнитосфера кіреді..

Ауаның физикалық қасиеті.

Ауаның физикалық қасиеттеріне ауа температурасы, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, барометрлік қысым, электрлік жағдайы жатады.

Тұрғын бөлмелердің оптималды температурасы t = 18-20 град. (суық клим. аймақтарда 20-22 град.; жылы климат. 18-19 град.; ыстық - 17-18 град.).

Ағзаның қоршаған ортамен жылу алмасуында ауаның ылғалдығы, маңызды рол атқарады.

Ылғалдылықтың үш дәрежесі бар:

1) Абсолюттік ылғалдылық; - в 1 м3 ауадағы су буларының (грамм)мөлшері.

2) Максималды ылғалдылық - берілген температурада ауа ылғалмен толық қаныққандағы су буларының 1м3 ауадағы граммджық молшері.

3) Салыстырмалы ылғалдылық – пайызда корсетілген абсолюттік ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы немесе су буларымен ауаның қанығу пайызы.

Оптималды салыстырмалы ылғалдылық - 40-60 %, озгермелі 30-70 %. Ауаның жоғарғы да, төменгі де ылғалдылығы ағзаға қолайсыз әсер етеді.

20%-тен төмен құрғақ ауа тыныс жолдарының кілегей қабатының құрғауына әкеледі. Құрғақ ауа ағзаға жеңіл тиеді.

Ауаның қозғалыс жылдамдығы жылу жоғалтуға әсер етеді, конвекция мен терболінуінің өзгеруіне байланысты.Тымық ауада аяз ға тозу оңайырақ болады. атмосфеалық ауаның ең қолайлы қозғалысы жаздыңгүні 1-5 м/сек. Күшті жел (20 м/сек) қалыпты тыныс алу ырғағын бұзады, тері рецепторларын тітіркендіріп, зат алмасуды бұзады және жылу ондіруді жоғарлатады.

Желдің бағыты – Ашық ауада, жел бағыты, жел қайдан соғып тұрған көкжиекнүктесімен анықталады. Жел бағытын (румбтар) белгілеу үшін жарық әлемінің бас әріптері қабылданған: С-солтүстік, О-оңтүстік, Ш-шығыс, Б-батыс және рубтармен белгіленеді. Берілген жергілікті жерде бір жылда немесе бірнеше жылда байқалатын румбтар бойынша желдер қайталануының жиілігін, графикпен корсетілген «желдер раушаны» дейміз.Елді мекендерді жоспарлауда желдер раушанын білу маңызды.

Барлық үш факторда (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы) адам мен қоршаған ортаның жылу алмасуында қатысады.Тауға шыққанда, ашық тау-кен орындарында жұмыс жасағанда кездеседі. Биіктікке шыққанда,ағзаға төменгі атмосфералық қысым және газдардың төменгі парциалдық қысымы әсер етеді. Бұл факторлар биіктік ауруы деген симптомдық кешеннің дамуына ықпал етеді. Дем алатын ауада оттегінің парциалдық қысымы төмендейді, ол оттегілік ашығуға әкеледі.

Жоғарғы атмосфералық қысым - әсеріне белгілі бір жұмыс категорияларында жұмыс жасайтын адамдарда болады, ол кессондарда, су асты тоннельдер құрылысын салуда, метро, барокамерада жұмыс істеуде кездеседі. (Су астында, жер астында жұмыс істегенде арнайы жұмыс камералары салыналды-кессондар) Кессон қысылған ауамен толтырылады да, жұмыс зонасындағы суды шығарады.

Атмосфералық ауаның химиялық құрамы, оның гигиеналық маңызы.

Атмосфералық ауа газдар қоспасынан - О2, N, СО2, және инертті газдардан тұрады

Аздаған мөлшерде озон, су булары,азот тотығы т.б. және биохимиялық үрдістер мен топырақта радиоактивтік боліну кезінде пайда болған газтәріздес заттар. Азот - 78,08 %, О2 - 20,94 %, СО2 - 0,03-0,04 %, инертті газдар - 0,94 %, су булары – 0,42 %.

Оттегі – ауаның өмірге маңызды құрамдас болігінің бірі, ол адамдар мен жануарлардың демалуына және ағзадағы тотығу үрдістеріне қатысады. Азот оттегіні сұйылту қызметін атқарады. Бірақ, жоғарғы қоысым жағдайында азот наркотикалық әсер береді. Инертті газдардың (аргон, неон, криптон, гелий) физиологиялық маңызы жоқ. Көміртегінің қос тотығы(СО2) – адамдар мен жануарлардың демалуы кезінде, отын жаққанда және көптеген органикалық заттардың тотығуы кезінде түзіледі. СО2 тұрақты деңгейі (0.03-0.04%), ауадағы артық молшері атмосфералық жауын-шашынмен және жарықта жасыл өсімдіктермен жұтылумен кетеді. Ауаның құрамындағы мөлшері 1,0-1,5 % СО2, ұзақ уақыт дем алғанда патологиялық симптомдар пайда болады. 3-4 % болғанда айқын симптомы, 8-10 % болғанда өмірге қауіпті.

Озон-күшті тотықтырғыш.

4. Бөлме ауасының ластануы, санитарлық көрсеткіштер, ластауыш көздері.

Жабық бөлмелердің ауасы зиянды химиялық заттармен де, шаңмен, патогенді микроағзалармен, булармен, өндірістік жұмыс үрдістерінен шыққан газдармен және полимерлік, синтетикалық материалдардан, негізінен құрылыс материалдары, жихаз, киім, жуғыш заттар, инсектицидтермен ластануы мүмкін. Бұлардың барлығының жағымсыз иістері бар және ағзаға зиянды әсер етеді.

Жабық бөлмелердің ластануына, атмосфера ауасының да ластануы маңызды рөл атқарады.Жабық бөлмелердің ауасының антропогендік ластануының жанама критерий ретінде СО2 деңгейі анықталады, өйткені СО2 жиналуына байланысты шаң,микроағзалар саны және адамдардың тіршілік әрекетінің өнімдерінің мөлшері де пропорционалды өседі, осыған байланысты микроклиматта өзгереді. Бөлме ауасындағы СО2 -0,1 % (1%0).

5. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары.

I. Заңнамалық шаралар.

II. Технологиялық шаралар.

III. Жоспарлау.

IV. Санитарлық-техникалық шаралар.

V. Санитарлық-гигиеналық шаралар.

а) ағымдағы және алдын алу санитарлық қорытынды;

4.Иллюстрациялық материал:Мультимедиялық көрсетілім

5.Әдебиеттер:

1. Гигиена под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГӘОТАР: Медицина, 2005Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бардов В.Г. и др. Общая гигиена: пропедевтика гигиены.- К.:Вища шк., 1999.

2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена. – Алматы. Научно-издательский центр «Ғылым». 2003.

3. Амрин М.К. Гигиена воздушной среды. Учебно-методическое пособие. – Алматы. 2003.

4. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М.,. Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/ Под ред. У.И. Кенесариева.- Алматы: «Самара-Принт», 2009.-688 с., стр.13-35.

5.Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене М. Медицина, 2002.

6.Қорытынды сұрақтары:

1. Ауаның қандай физикалық қасиеттерін білесіздер?

2. Атмосфералық ауаның химиялық құрамы.

3.Бөлме ауасының антропогендік ластануы, санитарлық көрсеткіштері, атмосфералық ауаның ластану көздері.

4. Атмосфералық ластанудың адам ағзасына әсері және халықтың санитарлық жағдайы.

5. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 5435. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия