Студопедия — Ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау






1. Топырақтың қасиеті мен құрамының гигиеналық маңызы.

2. Топырақтың эпидемиологиялық маңызы.

3. Биогеохимиялық провинциялар (табиғи және техногенді), эндемиялар.

2. Топырақтың өздігінен тазаруы, көрсеткіштері.

Студенттердің өздері орындайтын жұмыстарының нәтижелері бойынша қорытынды білім деңгейін анықтау:

Тапсырма №1. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері мен елді мекендерді тазартудың тәсілдерімен танысу.

Тапсырма № 2. Топырақтың санитарлық жағдайын бағалау бойынша жағдайлық есептерді шешу.

 

Жағдайлық есептер

Есеп 1. Елді мекенде мектеп-интернат құрылысының ауданы 3 га рельефі тегіс, бұрын ауыл шаруашылық жері болып, онда органикалық және минералды тыңайтқыштар, пестицидтер қолданылған жер учаскесі берілген. Учаскеде және оған жақын жерде шоғырланған ластану көздері жоқ.Учаске топырағы құмдауыт келген. Топырақтың зертханалық талдауының мәліметтері:

Көрсеткіштер Бақылау учаскесі Тәжірибелік учаске
Аммонилі азот мг/100 г 3,4 3,8
Органикалық көміртегі, % 0,3 0,4
нитриттер, мг/100 г 0,2 0,3
нитраттар, мг/100 г 1,2 1,8
хлоридтер, мг/ 100 г 38,4 40,7
Жалпы мөлшерлер:
азота, мг/100 г 2,1 2,4
Гумус азотының мөлшері    
Микроб саны    
коли-титр, г 1,0 1,0
анаэробтар титрі, г 0,1 0,1
Гельминт жұмыртқаларының сан    
25 м2-дегі шыбын личинкалары мен қуыршақтарының саны    

 

Мәліметтер орманды бақтың территориясында орналасқан бақылау учаскесінің көрсеткіштерімен салыстырылды. Келесі сұрақтарға жауап бере отырып учаскенің санитарлық жағдайына баға беріңіз:

1. Бақылау учаскесі дұрыс таңдалған ба?

2. Құрылыс үшін субглинисті топырақ сәйкес келе ме? Бұл топырақтың ауа- және су өтімділігі, жылу сыйымдылығы, капиллярлығы, су сыйымдылығы мен гигроскопиялығы қандай?

3. Бұл жерлердің бұрынғы қолданылу сипатын ескерсек, қандай ластаушылар табылуы мүмкін?

4. Сіздің ойыңызшы, топырақтың тағы қандай ластаушыларының мөлшерін анықтау керек еді?

5. Зертханалық талдау мәліметтерінің қайсысы топырақтың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздігі, экзогенді химиялық заттармен органикалық ластануы туралы айтуға мүмкіндік береді?

6. Хлебниковтың санитарлық саны нені білдіреді? Жоғарыда келтірілген мәліметтерден оның қалай есептеуге болады?

7. Топырақтың тазалық және қауіптілік дәрежесіне баға беріңіз.

8. Берілген учаскені мектеп-интернат құрылысына пайдалануға бола ма? Болмаса, неге?

 

Есеп 2. Балалар сауықтыру кешені қала маңында орманды дала жолағында орналасқан. Төменде кешеннен 2 км жерде сүт фермасы орналасқан. Оның ағын сулары кешеннің желді жағынан еңіспен 30 км-ден өтетін каналға тасталады. Жақын жатқан поселкелерде аскаридоз бен эхинококкозбен жоғары аурушылдық анықталған.

Балалар сауықтыру территориясы топырағы зертханалық талдау мәліметтері

 

Көрсеткіштер Бақылау учаскесі Тәжірибелік учаске
Қоспалар 3% 4%
Сазды бөлшектер 50% 55%
Құмды бөлшектер 48% 41%
Аммонийлі азот мг/100 г 4.5 5,0
Органикалық көміртегі, %    
нитриттер, мг/100 г 0,6 3,6
нитраттар, мг/100 г 1,2 1,8
жалпы азот 39,2  
Гумус азотының мөлшері    
Микроб саны    
коли-титр, г 0,2 0,01
анаробтар титрі, г 0,05 0,0001
Гельминт жұмыртқаларының саны    
Қуыршақтар мен личинкалар саны    

Келесі сұрақтарға жауап бере отырып учаскенің санитарлық жағдайына баға беріңіз:

1. Сауықтыру кешен маңайында ластау көздері бар ма? Санитарлық қорғау алаңы жеткілікті ме?

2. Төменде орналасуы учаскенің санитарлық жағдайына әсер етеді ме?

3. Кестеде берілген механикалық құрамы бойынша топырақтың сипатын анықтаңыз?

4. Бұл топырақтың ауа және су өтімділігі, капиллярлығы, су сыйымдылығы мен гигроскопиялығы қандай?

5. Келтірілген көрсеткіштердің қайсысы топырақтың органикалық ластануын көрсетеді (экскременттермен, несеппен және басқалармен)?

6. Қандай көрсеткіштер топырақтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі туралы айтуға мүмкіндік береді?

7. Хлебниковтың санитарлық саны нені білдіреді? Кестеде келтірілген мәліметтерді пайдаланып оны есептеуге бола ма?

8. Қандай жағдайда бақылау учаскесімен салыстыруды қолданады?

9. Қандай көрсеткіштер топырақтың нәжіспен ластануының тікелей көрсеткіші болады?

10. Балалар кешенінің территориясындағы топырақтың тазалығы мен қауіптілік дәрсежесі қандай?

11. Бақылау учаскесі дұрыс таңдалған ба? Жоқ десеңіз, өз ойыңызды негіздеп беріңіз.

12. Сіздің бұл аудандағы топырақтың санитарлық жағдайының қолайсыздығы туралы тұжырымдарыңызды қандай мәліметтер дәлелдейді?

13. Бұл учаске топырағының ластануының ескілігі қандай? Ол жалғасып жатыр ма?

14. Санитарлық жағдайды сауықтыру бойынша ұсыныстар беріңіз

Тақырып №6. Рационалды тамақтану, принциптері. Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын гигиеналық бағалау - 3 сағат

Мақсаты: Тағамның энергиялық құндылығына, сапалық құрамына, рационның баланстылығына және халық арасындағы әртүрлі жас топтарының тамақтану тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар мен тағам өнімдерінің құндылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілетін шаралар кешені жөніндегі дағдылармен және ет пен сүтті органолептикалық бағалауды үйрену жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-Тағамның энергиялық құндылығына, сапалық құрамына, рационның баланстылығына және

халық арасындағы әртүрлі жас топтарының тамақтану тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру;

- Тағамдық азықтарды санитарлық сараптау мақсаты, міндеттері, әдістері мен жүргізу әдістері жөніндегі білімдерін қалыптастыру;

-Тағамдық азықтарды сапа санаттары жөнінде білімін қалыптастыру;

- Ет, сүт, банкідегі консервілерді санитарлық сараптау жөніндегі білімін қалыптастыру;

- Есептеу мәліметтерін тағамдық заттар мен энергияға физиологиялық мұқтаждық нормаларымен, сондай ақ тәуліктік энергия шығын көрсеткіштерімен салыстыра отырып тағам рационы толық құндылығын гигиеналық бағалау жөніндегі білімді қалыптастыру.

- Негізгі тағамдық өнімдердің (ет,сүт, консерві) сапасына баға беру және органолептикалық, физико-химиялық, гельминтологиялық және басқа да зерттеу түрлерінің мәліметтеріне сүйене отырып, қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды беру жөніндегі білімді қалыптастыру.

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Рационалды тамақтану, принциптері.

2. Энергетикалық баланс, түрлері.

3. Тәуліктік энерго шығын (реттелетін, реттелмейтін).

4. Жеке адам және ұжымдық тамақтану құндылығын бағалау әдістері.

5. Алиментарлық аурулар, жіктелуі.

6. Сүт, ет, банкідегі консервілердің тамақтық және биологиялық құндылығы

7. Сүт, сүт өнімдерінің ет және банкідегі консервілердің эпидемиологиялық қауіптілігі, химиялық ластанумен байланысты пайда болған аурулар.

8. Жарамсыз тамақты қабылдаумен байланысты аурулардың алдын алу. Тағам өнімдерін санитарлық сараптау.

9. Ет, сүт және банкідегі консервілерді сараптау

Оқыту мен сабақ беру әдістері:кіші топтарда жұмыс істеу- жағдайлық есептерді шешу.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1869. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия