Студопедия — Лекция 8.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 8.






Тақырыбы: Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру

Жоспары:

1. Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттері

2. Еңбек және дене тәрбиесінің мәні

3. Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің мазмұны

4. Экономикалық және құқықтық тәрбие ерекшеліктері.

5. Азаматтық және саяси тәрбиенің мазмұны

Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттері

Адагершілік тәрбиесі - тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады.

Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпыадамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдің принциптері адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Ақыл-ой тәрбиесі - дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін игеру. Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін - ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға,негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.

Ақыл-ой тәрбиесі әр қашанда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми- педагогикалық анықтамалары мен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп – шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана сезімін, оқу мен еңбек процесінде дамытуды айтады.

Еңбек және дене тәрбиесінің мәні

Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. «Адамды адам еткен, еңбек» демекші, «еңбек процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға сүйенсек, еңбек әрекетінің нәтижесінде адамның дене және интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады.

Еңбек – адамның заттық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруда, дене және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасампаздық және интеллектуалдық әрекеті. Адамның еңбегінің арқасында бүтіндей заттық және рухани игіліктер жасалынады, еңбек процесінде адам баласы өзі жетіледі.

Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Дене тәрбиесі күн ырғағын, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.

Дене тәрбиесі – тұлғаны жан -жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды және жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Дене тәрбиесінің ықпалы әсіресе жүйке жүйесінің қызметін шынықтыру мен жетілдіруде маңызы ерекше. Орталық жүйке жүйесі мен әртүрлі дене мүшелерінің арасындағы жүйкелік күштердің өтуін тездетеді, жүйке процестерінің қызметін жандандарып, тұрақтандырады.

Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің мазмұны

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті, сәулеттілікті, ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне қарай оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе - бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.

Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбие алдымен қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

Экономикалық және құқықтық тәрбие ерекшеліктері.

Экономикалық тәрбие мен білім беру – шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті шарты. Экономика – белгілі бір қоғамның экономикалық құрылысын және оның базисін сипаттайтын қоғамдық өндірістік қатынастар жиынтығы. Экономикалық тәрбиедегі қалыптасатын жеке тұлға қасиеттері: қоғамдық белсенділік; іскерлік, ілкімділік, құнттылық; қоғамдық немесе жеке мүлікке көзінің қарасындай қарау, талан-таражға жібермеу; жаңа техниканы іске қосу, пайдалану; өнімнің сапалылығын қадағалау, баюдың жолын іздеу.

Жас мемлекетіміздегі маңызды қатынастарды реттей отыра қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жағдай туғыза отырып қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал - құқықтық сауаттылық. Құқықтық сананың негізгі элементтері: өнегелі, адамгершілік және саяси сезімдер.

Азаматтық және саяси тәрбиенің мазмұны

Азаматтық тәрбие мемлекеттік саясаттан басталады. Елдің азаматы болу үшін сол елдің саясатын санаға ендіру керек. Азаматтық тәрбие жүйесі:

- оқушылардың санасын қалыптастыратын жалпы азаматтық, адам баласына тән саяси идеялар.

- мектептегі, мектептен тыс оқу орындарында, қоғамдық еңбек орындарында ақпарат құралдары арқылы жүргізілетін азаматтық тәрбиенің мазмұны мен түрлері жатады.

Саяси тәрбие - адамның саяси санасы мен мінез-құлқына жүйелі және бағытталған ықпал ету процесі. Саяси тәрбие мақсаты, мазмұны мен оны ұйымдастыру қоғамдық саяси жүйесінің сипатымен анықталады және оны сақтау мен дамыту мүдделеріне қызмет жасайды.

Жеке тұлғалық деңгейде саяси тәрбие қоғам мүшелеріне саяси жүйемен арнайы бөлінген адамдардың (насихатшылар, саяси қызметкерлер, тәрбиешілер) жеке ықпалы маңызды рөл атқарады. Саяси тәрбие құралдары: митингілер мен шерулер.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 3288. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия