Студопедия — Лекция 12.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 12.






Тақырыбы:Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

Жоспары:

1. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

2. Оқытудың формалары мен құралдары.

3. Сабақ – оқытудың негізгі формасы

4. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар

5. Мұғалімнің сабаққа дайындығы мен қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

Оқытудың заңдылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың және И.П.Подласыйдың ғылыми педагогикалық еңбектерінде кең көлемде баяндалған.

Оқытудың принциптері дидактиканың негізгі буыны. Себебі, оқыту процесінде кез келген мұғалім оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын өз қалауынша таңдамайды. Керісінше, ол оқытудың мақсат-міндеттеріне сай қалыптасқан белгілі талаптарға немесе ережелерге сүйеніп іске асырады. Солардың ішіндегі оқытудың көрнекілік, жүйелік, бірізділік, саналылық, белсенділік принциптерін Я.А.Коменский ұсынған. Ол «Ұлы дидактика» атты ғылыми еңбегінде дидактикалық принциптерінің жүйесін құра отыра, оқыту адам және табиғат дамуының жалпы заңдылықтарына сай құрылатынын тұжырымдайды.

Оқыту процесінде әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын мұғалімнің басшылығымен оқушыларға жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен олардың санасына берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті. Сондықтан әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты дидактикалық принциптерді білуі шарт. Олар оқытуды ұйымдастырғанда оның білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы міндетті.

Оқытудың формалары мен құралдары

Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу процесін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогика тарихында педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.

Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен деректер, олар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады.

Оқыту құралдары дегеніміз – мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдық және идеалдық обьектілер.

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді.

Сабақ – оқытудың негізгі формасы

Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр.

Я.А.Коменский сынып сабақ жүйесін терең зерттеді.

«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

- оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау;

- оқушыларды сыныптарға бөлу;

- әр сыныпқа бір бөлме беру;

- күніне 4 сабақ өткізу;

- әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

- қоңыраудың соғылуы;

- тәртіп;

- бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;

- сабақты күзде бастау;

Сынып-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері.

Сабақтың маңызы ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға бағытталған жұмысы нәтижесінде оқушының білім меңгеруі, оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе жинақталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту процесін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде үлкен рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды.

Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар

Дәстүрлі сабақтың түрлері:

ü Жаңа оқу материалын оқу сабағы.

ü Іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы.

ü Білім, білік, дағдыны бекіту сабағы.

ü Білім, білік, дағдыларды қолдану сабағы.

ü Қорытынды жинақтау сабағы.

ü Аралас сабақ.

ü Практикалық сабақ.

ü Білім, білік, дағдыны дамыту сабағы.

ü Білімді тексеру сабағы.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

ü Кіріспе сабағы.

ü Жаңа білімді хабарлау сабағы.

ü Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.

ü Жаттығу және тәжірибе сабақтары.

ü Зертханалық сабақ.

ü Қайталау-қорыту сабағы.

ü Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.

ü Аралас сабақ.

ü Өздігінен білім алу сабағы.

Дәстүрлі емес сабақтың түрлері:

Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту.

Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы мен қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру - бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі. Мұғалімнің оқу кызметін фронтальды ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды.

Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқуға тиімді жағдай туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны психологиялық тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде тузетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.

Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады; жеке және жекелендіру.

Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өздік іс-әрекетін тәрбиелейді: оқушыны жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі; оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 5017. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия