Студопедия — Тері түсі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тері түсі






Бозарған тері түсі тері тамырларының қанға толуы жеткіліксіз болуына байланысты болады (тамыр түйілуі, қан кету салдарынан қан көлемінің азаюы, анемия).

Терінің қызаруы (қызарған жер) қысқа уақытқа болуы мүмкін (ұялу, ашулану, қобалжу), психикалық қозу әсерінен болады. Бір аймақтың қабыну процесі болғанда, дене температурасы көтерілгенде, жылы процедуралардың әсерінен қан тамырлардың кеңеюінде және теріге қанның келуінде, бірқатар дәрілік заттарды қолданғаннан кейін (никотин қышқылы, нитроглицерин және басқ.) және басқалары кезінде болуы мүмкін.

Тері жамылғысының көгеруі (көгерген түс) қанның оттегімен нашар қанығуы немесе қанайналымның баялауына байланысты болады. Көгеру жалпы және жергілікті болады. Жалпы көгеру өкпе, жүрек аурулары кезінде кездеседі. Бұл кезде терісі көгілдір -көк немесе қара-күлгін түсте болады. Жергілікті көгеру тамырда қанның іркілуі мен оның кері ағуының қиындауы салдарынан болады. Егер еріннің, мұрын, құлақ ұшының, құлақ қалқанының, бетінің көгеруі болса, оны акроцианоз деп атайды.

Қола тәрізді түс зат алмасу бұзылыстары (бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі), инфекциялар, онкологиялық ауруларда кездеседі.

Терісі мен шырышты қабаттың сарғаюы өт пигменттерінің (билирубин) тері және шырышты қабатта жиналуы салдарынан болады, ол өт жолының бітелуі (өт тас ауруы кезінде таспен, рак кезіндегі ісікпен), бауыр аурулары (гепатит, цирроз) немесе эритроциттердің гемолизі (бұзылуы) кездерінде бауырдан өт бөлінуі бұзылуынан дамиды. Терінің сарғаюы көп мөлшерде кейбір дәрілік заттарды (ак­рихин, хинин және басқ.) қабылдауда, бірқатар тағамдарды (сәбіз, цитрустар) қолданғанда болуы мүмкін, бірақ бұл кезде көздің склерасы сарғаймайды.

Тері жамылғысын қарағанда бөртпе бар-жоқтығына көңіл бөлу қажет, ол жұқпалы аурулардың көрінісі болуы мүмкін (везикулалар, күлдіреу, түлеу және басқ.).

Әлсіреген және қажыған ауыр жағдайдағы науқастарда терінің өлі еттену ошақтары- ойық жаралар пайда болады. Науқасты тыңғылықты қарау дер уақытында ойық жараның бірінші белгілерін анықтауға мүмкіндік береді және әрі қарай дамуының алдын-алу үшін емді бастау қажет.

Терінің ылғалдылығы. Дені сау адамдардың қалыпты жағдайда терісі сәл ылғалды болады, бірақ физиологиялық терлеу кең ауқымда тербеледі. Дені сау адам терісінің аздаған ылғалдылығы, тер бездерінен үнемі микроскопиялық сұйықтық тамшылары бөлінуіне байланысты болады. Эмоционалды және физикалық күш түскенде, тамақ ішкеннен кейін, жоғары температурада және қоршаған орта ылғалды болғанда, тері ылғалдылығының жоғарылауы болады. Құрғақ ыстық ауа-райында, сұйықтықты қолдануды шектегенде тері ылғалдығы төмендейді. Қолтық астында ылғалдылық үнемі жоғары болады. Жасқа, тер бездерінің семуіне байланысты тері ылғалдығы төмендейді, құрғақ болады. Тер бөліну бұзылыстарының ең жиі себептері болып табылады: қызба, шок, орталық және вегетативті нерв жүйесі аурулары, жұқпалы, соматикалық және эндокриндік аурулар, интоксикациялар.

Тургор (тері серпімділігі) - бұл терінің серпімділігі мен керілу көрсеткіші, ол тәулік ішінде функционалды және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Әдетте жас ұлғайған сайын тері тургоры біршама төмендейді (қарт адамдарда бірден төмендеген). Тургордың төмендеуі - дистрофияда, созылмалы интоксикацияда, жедел асқорыту бұзылыстарында, ағзаның сусыздануында, несеп айдайтын заттарды қабылдағанда және басқалары кезінде басты диагностикалық синдром. Айығу кезінде тері тургоры тез қалпына келеді.

Тіндердің тургорын санның ішкі бетінің барлық тері қабатын, тері асты қабатын және бұлшық еттерін басқанда анықталады.

· егер қатпар тез және толық жазылса -тері тургоры жақсы деп есептеледі;

· егер қатпар баяу, бірақ толық жазылса -тері тургоры төмендеген;

· егер қатпар біраз уақытқа дейін жазылмаса, онда тургоры бірден төмендеген.

Тургордың қалпына келуі науқастың айығуының бір критериі болып табылады.

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 7602. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия