Студопедия — Терроризм -саяси себептермен жеке адамдарды,көпшілікті қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Терроризм -саяси себептермен жеке адамдарды,көпшілікті қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.






Технократия -1)инженерлерге,менеджерлерге,техника ғылымдарына иек артатын саяси тәртіп; 2)басқарушы элитаға кіретін техникалық мамандардың жоғарғы жігі және соларды дәріптейтін тұғырнама.Технократиялық теорияларды жақтаушылар техникаға, технологияның рөліне шексіз басымдық береді.

Тиран -1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда өкіметті күшпен басып алған адам; 2) жендет, рақымсыз, қатал, мейірімсіз билеуші; 3)қысымшы, езуші адам.

Толеранттық – басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді.

Тоталитаризм - әрбір азаматтың,қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия,бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс,экономика,бұқаралық ақпарат құралдары,білім,мәдениет,адамдардың жеке өмірі және т.б.тегіс бақыланады. Азаматтардың,конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау,қуғын-сүргін күшейеді,террорлық-полициялық бақылау орнайды.

Тоталитарлық партиялар - саяси жүйенің басқа элементтерін(құрамдас бөліктерін)өзіне бағындыруға тырысқан партиялар.Олар идеологияланған,қатаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады.

Тұжырымдама -1)белгілі бір мәселеге, құбылысқа көзқарастардың жүйесі; 2)ғылыми еңбек, шығарманың және т.с.с. негізгі қағидалары. Саясат әлемінде ол саяси партиялардың бағдарламаларында, жарғыларында, ресми құжаттарында және т.б. көрініс береді.

Тұлға - қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайы қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам.

-У-

Узурпация- өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену.

Унитарлық мемлекет- саяси билік бір орталыққа бағынған,мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі. Оның жер аумағы, конституциясы бір болады, мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ келеді. Мысалы, Греция, Италия, Қазақстан, Норвегия, Польша, Финляндия, Франция, Жапония және т.б.

-Ұ-

Ұлт – аумақтың,тілдің,экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерінде көрінетін психикалық қалпының ортақтығын байланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.

Ұлтжандылық- Отанға,халқына,оның тарихы,тілі,мәдениетіне деген сүйіспеншілік,бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.Отан сүйгіштік,ұлтжандылық үлкен азаматтық,мәдениеттілігінің белгісі. Ол өз мүддесі мен елінің,халқының мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге әкеледі.Сондықтан бұл сезім Отанның егемендігін,абыройын қорғауға шақырады. Оны ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды.

Ұлттардың өзін өзі билеуі -ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу принципі. Бұл мәселе алғашында Еуропада буржуазиялық-демократиялық революциялардың жеңуіне байланысты пайда болады. Ең бірінші бұл пікір 1776 жылы Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді.

Ұлтшылдық- ұлттық жекешілікке,артықшылыққа,басқа ұлттарға сенбеушілікке және бір ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат, идеология, психология және әлеуметтік тәжірибе.

-Ф-

Фашизм- реакциялық,грессивтік күштердің террорлық диктатурасы.Ол 1919 жылы Италияда,содан кейін Германияда пайда болды.Оның ерекшеліктеріне жататындар:бір нәсілді екіншіден жоғары қою,мемлекетке барлық басшылықты беру,демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып –жаншуда шектен тыс күштеу әдіс-тәсілдерін пайдалану,қоғамдық және жеке өмірді жаппай бақылауға алу және т.с.с.

Федерация- белгілі бір тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп,одақтық жаңа мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі.Әрбір субъектінің өзінің жоғары билеу(заң шығарушы,атқарушы,сот)органдары болады.Бірақ олар орталық институттарға бағынады.

Феминизм- қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігі үшін күресетін қозғалыс.

Фракция- парламентте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және т.б.өз партиясының саясатын ұйымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір саяси партиялардың мүшелері;партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз алдына бөлек оқшауланған,өзіндік бағыты,құрылымы,тәртібі бар,бірақ сол партияның қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі.

Фундаментализм -мұсылман елдеріндегі қоғамдық ойдың ислам діні негіздерін берік сақтау әрекеттері.

-Х-

Халықаралық қатынастар -халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси,экономикалық,құқықтық, демократиялық,әскери,мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік,экономикалық,саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.

Халық майдандары- белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін ұйымдасқан бұқара халықтың,саяси партиялар,кәсіподақтар және т.б. ұйымдардың қоғамдық –саяси қозғалысының бір түрі.Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құрылады және жұмыс істейді.Қатаң айқындалған түрі мен мүшелігі болмайды.Әдетте,алдына қойған мақсаты орындалған соң тарқайды.Олар осы ғасырдың 30 жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күрес барысында пайда болған және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында зор рөл атқарады.

-Ц-

Центризм- саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты ұсынатын партиялық бағыт.

-Ш-

Шовинизм- ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін,бір ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын,ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын,ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.

-І-

Ішкі саясат -мемлекеттің өз ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылысты сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.

-Э-

Эволюция -қоғамдық-саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияның негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын.

Экспопрация -бір тапты жеке меншігінен, өндіргіш, құралдарынан күшпен, ықтиярсыз айыру.

Экстремизм -1)саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді; 2)шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.

Электорат -халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.

Элита -саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, ікерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.

Эмансипация -адамның немесе әлеуметтік топтың тәуелділік, кіріптарлық езгіден құтылып, теңдік алуы.Мысалы, ұлттық езгіден құтылу, әйелдердің ерлермен тең құқық алуы және т.с.с.

Этатизм -елдің экономикалық және саяси өміріне, қоғамның барлық саласына мемлекеттің белсенді араласуын қалайтын тұжырымдама.

Этнос - тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы.

-Ю-

ЮНЕСКО -БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселелер жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3142. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия