Студопедия — Oslash; Клиникалық жағдайдың көрсетілімі мысалында интерндердің компетенциясын бағалау критерийлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Oslash; Клиникалық жағдайдың көрсетілімі мысалында интерндердің компетенциясын бағалау критерийлері






 

Компетенцияның компонеттері (100 балл) Баллдық жүйе бойынша бағалау
Когнитивті (білімі)   (максимум 30 балл) 5 балл Көрсетілімнің мазмұны тақырыпты ашпайды. Көрсетілім тақырыбы бойынша қажетті білімі жоқ. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды.
15 балл Көрсетілімнің мазмұны тақырыпты толығымен ашпайды. Көрсетілім тақырыбы бойынша білімі толық емес. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде қиыншылық бар.
30 балл Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа толығымен сәйкес келеді. Көрсетілім тақырыбы бойынша қажетті білімі терең. Қойылған сұрақтарға нақты және дұрыс жауап береді.
Операционалды (дағды)   (максимум 30 балл) 5 балл Көрсетілімнің құрылымы сақталмаған. Клиникалық диагноз (немесе қорытынды) жоқ. Слайдтардың дизайны біртекті, тек мәтін түрінде. Көрсетілімде сызба, сурет жоқ, анимация режимі қолданбаған. Библиографиясы жоқ.
15 балл Көрсетілімнің құрылымында жеке кемшіліктер бар. Клиникалық диагноз (немесе қорытынды) қоюда қателіктер бар. Слайдтардың дизайнында сызбалар, суреттер аз, анимация режимі қолданбаған. Библиографиясы толық безендірілмеген.
30 балл Слайдтар көрсетілімнің талабына сәйкес логикалық жүйелілікпен жасалған. Слайдтардың мәтіні нақты, қысқа, дизайны көркем. Көрсетілім сызба, сурет, анимация режимін қолдану арқылы безендірілген. Көрсетілім материалы жиынтықталған, диагноз (немесе қорытынды) дұрыс қойылған. Библиографиясы дұрыс безендірілген.
Құқықтық сұрақтар   (максимум 20 балл)   5 балл ҚР-ң денсаулықты сақтаудағы заңдарын және нормативтік актілерін білмейді.
15 балл ҚР-ң денсаулықты сақтаудағы заңдарын және нормативтік актілері туралы сұрақтарға берген жауаптарында қателіктер бар.
20 балл ҚР-ң денсаулықты сақтаудағы заңдарын және нормативтік актілерін жақсы біледі.
Білімін өз бетінше жетілдіру (максимум 20 балл)     5 балл Пайдаланылған әдебиет тізімі жоқ. Көрсетілім тақырыбы бойынша дәлелді зерттеулер жоқ. Интерн көрсетілім тақырыбы бойынша рандомизирленген клиникалық тексерулерді білмейді.
15 балл Пайдаланылған әдебиет тізімінде ескірген әдебиет көздері бар. Көрсетілім тақырыбы бойынша рандомизирленген клиникалық тексерулер жөніндегі білімі жеткіліксіз.
20 балл Көрсетілімде көрсетілім тақырыбына сай заманауи әдебиет көздеріне сілтемелер бар. Материал дәлелді медицина қағидаларына сүйенген. Интерн көрсетілім тақырыбы бойынша рандомизирленген клиникалық тексерулер жөніндегі білімі жеткілікті.

Интернтердің рейтингін бағалау тәжірибелік сабақтың барлық түрлері (тестілеу, «милық шабуыл», “case study”, клиникалық жағдайлық есеп) бойынша ағымды бақылау үшін қойылған орта арифметикалық бағалардан құралады, оған 2 рубеждік бақылауға (клиникалық жағдайлық есеп шығару) қойылған баға және ИӨЖ баллы кіреді.

Пән бойынша рейтинг мына формула бойынша есептеледі:

 

Rпән = тәж. сабаққа қойылған баллдың орта қосындысы ж/е 2 рубеждік бақ/у + ИӨЖ баллы

Жіберу рейтингі интерннің қорытынды бағасының 60%-нан кем болмауы тиіс, сондықтан интерннің пән бойынша семестрлік бағасы мына формуламен анықталады:

Rжіберу = Rпән х 0,6

 

Интерн емтиханға жіберілді деп есептеледі, егер де оның семестрлік бағасы 50%-ға тең немесе одан жоғары болса







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 428. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия