Студопедия — Кіріспе. Физиология –жасуша мен жасушалардың жекелеген құрылыстарының мүшелердің физиологиялық жүйелердің
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Физиология –жасуша мен жасушалардың жекелеген құрылыстарының мүшелердің физиологиялық жүйелердің






Физиология –жасуша мен жасушалардың жекелеген құрылыстарының мүшелердің физиологиялық жүйелердің, тұтас ағзаның тіршілігі жайындағы, организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы кезіңдегі реттелу механизмдері жайындағы негізгі тәжірибелік -теориялық ғылым.

Физиологияның қазіргі кездегі даму ерекшелігі- ол талдау бағытын тереңдету- мембраналық, жасушалық процестерді зерттеу, қозу мен тежелудің биофизикалық механизмдерін зерттеу, ғылым мен техника жетістіктерін қолдану, тіршілік етудің табиғи ортасының жағдайында адамның мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерін оқып үйренуде. Физиология- денсаулықты анықтаудың, салауатты өмір салтын және адамның жұмысқа қабілеттілігінің қызметтік жағдайын болжаудың ғылыми негізі деп қарастырылады.

Физиология- теориялық пәндердің негізгі бөлімі, қазіргі кездегі дәрігерді қалыптастырады, осы әсерден студент- медик дені сау ағзаның тіршілік етуінің жалпы заңдылықтарын оқып, танып біледі, содан соң клиника алдында және клиникада өтетін пәндерді оқуға кіріседі. Адам организмінің тіршілік ету заңдылықтарын терең оқып білмей қызметтердің бұзылу механизмдерін және олардың қалпына келуін түсініп білу мүмкін емес.

Физиологияның зерттеу объектісі болып тірі ағза және оның қызметтік бөлімдері саналады. Дені сау адам организмін оқып үйрену болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностика әдістерін тез меңгеруге, организм жағдайын және бейімделуін бағалауға, физиологиялық қызметтердің қалыптан ауытқу дәрежесіне сәйкес оның қызмет ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Адам физиологиясының заңдылықтарын ашу- өмір сүрудің ұзақтығын әрі қарай ұзарту, тұрмыс және еңбек жағдайын жеңілдетуді және оны сауықтыруды ретпен ұйымдастыру, ауруларды емдеуде және ауруды алдын алудың жаңа әдістерін ашуда қажетті жағдай болып табылады. Адам организмінің қалыпты қызметін және оның физиологиялық жүйелерін біліміне профилактикалық, сондай-ақ клиникалық медицина негізделген.

Физиология-1 типтік бағдарламасы қарапайым физиологиялық процестерге, физиологиялық қызметтердің нейро-гуморальдық реттелуіне, тіршілік ету негізіне, мінез-құлықтың жүйелік механизмдеріне негізделген.

2.2. Пәннің мақсаты:

Студенттерде дені сау адамның организм жүйелерінің барлық қызметтерінің заңдылықтары мен олардың реттелу механизмі жайындағы білімін қалыптастыру.

Физиологиялық тәжірибелік жұмыстарды жүргізу дағдыларын қалыптастыру және нәтижесін бағалау дағдыларын қалыптастыруды білу.

Коммуникативті дағдыларды дамыту жаңа терминдер түсініктемелерді енгізу жолы арқылы.

Құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру – физиололгиялық құралдарды қолданудың қауіпсіздік техникалық ережелерімен және клиникаға дейінгі пәндердің құқықтық құжаттарының нормативтері жайында білімдерін қалыптастыру (Қазақстан Республикасы Кодексінің негізгі жағдайлары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйелері жайында». Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, санитарлық., табиғат қорғау туралы заңнамалары. ҚР білім беру және еңбек туралы заңдары. 27.07.2007ж., ҚР фармациялық және медициналық білім беру концепциясының реформасы. 24.04.2006 ж., ҚР білім беруді дамыту бағдарламасы. ҚР жемқорлыққа қарсы заңы)

Студентерді қалыпты физиология пәнін оқуға ынталандыру және ЕВМ базасы мен ақпараттармен студенттердің өзіндік жұмыс жасауын қалыптастыру және дамыту, студенттердің жоғарғы деңгейдгі әдебиеттермен жұмыс жасау қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту, студенттерді өмір бойы үздіксіз білім алуға ынталарын қалыптастыру.

2.3. Пәннің міндеттері:

· Студенттерде физиологиялық ойлауды қалыптастыру.

· Дені сау адамның негізгі физиологиялық сипаттарын ашу, жыныстық және жас ерекшеліктерін;

· Дені сау организмнің қызметтік заңдылықтарын және жалпы физиология, жеке физиология мен адамның интегративті мінез-құлық қызметі жағынан қаралатын физиологиялық үрдістердің реттелу механизмдері;

· Адам организмінің тіршілік етуі жайында жүйелі білім қалыптастыру, тұтас ағзаны қоршаған ортамен және организмнің физиологиялық жүйелерінің реттелу механизмдерін байланыстыра отырып;

· Ғылыми экспериментті өткізу үшін оның әдістемелерімен таныстыру;

· Организмнің және оның жүйелерінің қызметтік жағдайын бағалау әдістерін қалыптастыру;

· Физиологиялық құралдардың жұмыс қағидаларын меңгеру.

· Физиологиялық құралдармен жұмыс жасау ережерін көрсету және жасау.

· Физиологиялық құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.

· Физиологиялық терминдерге анықтама беру және жаңа түсініктер енгізу.

2.4.Оқытудың қорытынды нәтижелері:

Студент тиісті:

білуге: (Когнитивті құзіреттілік):

· Пәнді, мақсаты мен міндеттерін және оның келешек мамандығы үшін маңызы;

· Дені сау организмнің қызметтік заңдылықтарын және жалпы физиология, жеке физиология мен адамның интегративті мінез-құлық қызметі жағынан қаралатын физиологиялық үрдістердің реттелу механизмдері;

· Медицинада қолданылатын дені сау организмнің әртүрлі қызметтерін зерттеу әдістерінің маңыздылығы.

  • Дені сау организмнің қызметтерін зерттеудің ең маңызды әдістерінің принциптерін түсіндіру.

· Организмнің жалпы іс-әрекетінің және жүйелер мен мүшелердің реттелу механизмін және түрлі көрсеткіштердің ақпараттық маңыздылығын білу.

· Организмнің негізгі қызметтік жүйелерінің маңызын және іс-әрекеті құрылуының жалпы принциптерін бағалау және түсіндіре білу.

· Тіршілік ету жағдайына байланысты организмнің мінез-құлығының негізгі түрлерінің реттелуінің және қалыптасуының заңдылықтарын түсіндіру және бағалай білу.

Дағдыларды меңгеруге:

Физиологиялық зерттеулерді өткізуге (Операциялық құзіреттілік):

· Электроэнцефалографии

· Электромиографии

· Қозу табалдырығын анықтау

· Еттің жеке жиырылуын тіркеу

· Тісті жене тегіс тетанусты тіркеу

· Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анақтау

· Динамометрия

· Көру өткірлігін анықтау

· Түрлі-түстіні көруді анықтау

· Ауа және сүйек арқылы дыбыс өткізгіштігін анықтау

· Эстезиометрия

· Дәм сезуді анықтау

· Тиісті негізгі алмасуды анықтау

· Тағам рационын құрастыру

· Термометрия

· Көру аймағын анықтау

· Қарашық рефлексін анықтау

· Ольфактометрия

Коммуникативті дағдымен (Аксиологиялық құзіреттілік):

· Студенттерді тірек-қимыл жүйесі, тері және оның придаткаларының әрекетін реттейтін физиологиялық үрдістер мен және оларды құралдармен зерттеу әдістерін түсінуді қалыптастыруды дамыту.

· Жүйелер мен мүшелерге физиологиялық зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

· «Студент – оқытушы», «студент- студент» өзара қатынас әдісін және дағдыларды меңгеруді қалыптастыру.

· Оқу топтарында психологиялық климат жасау дағдысын қалыптастыру.

Құқықтық құзіреттілік (ҚР заңдарын білу):

· Қазақстан Республикасының Кодексінің негізгі положениялары «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайында». Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау және санитарлық, табиғаттан қорғау заңдылықтары жайында.

· Еңбек туралы заң жайында

· ҚР білім беру заңы жайында 27.07.2007ж.,

· ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беру концепциясының реформасы жайында

24.04.2006ж.

· ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

· ҚР сыбайлас жемқорлық жайында заңы.

Өзін-өзі дамыту (Өзін-өзі дамыту және жетілдіру):

· Өмір бойы үздіксіз білімін жетілдіруге қалыптастыруды дамыту.

· Өз бетінше заман талабына сай әдебиттермен іздену арқылыі білімін дамыту.

· Ақпаратты электронды тасмалдау және ЕЖМ базаларымен жұмыс жасау.

· Өз бетінше тест сұрақтарын шешу, рефераттар презентация, буклет, сөзжұмбақтар дайындау.

· Өз бетінше дайындалу мақсатында тақырып бойынша оқытушыдан кеңес алу.

2.5.Пәннің алғы реквизиттері: Химия, медициналық биофизика, молекулярлы биология, анатомия-1, гистология-1, медициналық генетика пәндеріне негізделеді.

2.6.Пәннің кейінгі реквизиттері: "Физиология-2", патологиялық физиология-1, фармакология, патологиялық анатомия-1, микробиология пәндерінің негізін құрайды.

2.7.Пәннің қысқаша мазмұны: Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы, физиологиядағы зерттеу әдістері, пән және мазмұны оқытылады. Гомеостаз, организмдегі жеке жүйелердің қызметінің өзара байланысы жайында түсінік.Физиологиялық үрдістердің негізгі реттелу механизмі жайында. Іс-әрекетті ұйымдастырудың жалпы қағидалары.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1870. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия