Студопедия — Дәріс 10. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 10. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан






Жоспар

1. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары.

2. Қазақстандағы 1920-1930 жж. шаруалар көтерілісі.

3. 1932-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық.

4. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

 

Тоталитаризм, модернизация, индустрия, интеллигенция, оппозиция, дискуссия, «халық жауы». Репресия.

 

Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бас-тады. Ол үш үлкен міндетті: индустриаландыруды (аграрлық елден дамыған индустриялы елге); ұжымдастыруды (социалистік ұжымдық ауыл шаруа-шылығын құру); мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім жүйесін құру, ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияға қызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыру) қамтыды.Алғашқы қадам елді индустриаландыру саясатынан басталды. 1925 жылы желтоқсанда БКП(б) XIV съезі өтіп, онда елді индустриаландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты индустриаландырудың ең ірі құрылысының бірі - Түркістан-Сібір темір-жолын салу болды. Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары жатады. Сондай-ақ Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталды. Индустриаландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустриаландыруды жүзеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. 1925-1933 жылдары Қазақ өлкесін революционер Ф.И. Голощекин басқарды. Ол Қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп, «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырған басшы болды. Ф.И. Голощекинге қарсы оппозициялық бағытта Қазақ Республикасының мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қайраткерлер Тұрар Рысқұлов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев және басқалары қуғын-сүргінге ұшырады.

1927 жылы желтоқсанда БКП(б) XV съезі болып, ол ұжымдастыруға бағыт алған съезд ретінде тарихқа енді. Съезд 1932 жылға дейінгі қысқа мерзімде жеке шаруа қожалықтарынан ұжымдық шаруашылық (колхоз) жүйесіне көшу туралы шешім қабылдады. Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясатына қазақ қайраткерлері қарсы шықты. Ә. Бөкейханов қазақтарды отырықшылыққа эволюциялық жолмен біртіндеп көшіру қажеттігін дәлелдеді. Ал М. Дулатов болса, өз ойын: «Қазақ халқы көшкілері келгеннен кейін көшіп-қонып жүрген жоқ, табиғат жағдайына байланысты көшіп жүр», - деп ашына білдірді. С. Садуақасов бұл жөнінде: «Өркениет ешқашан мал шаруашылығымен айналысуға тыйым салмайды, керісінше, оның өркендеуіне жол ашады», -деп атап көрсетті.Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен, күштеу саясатымен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда ұжымдастырылған шаруа-шылықтар 2%-ды құраса, 1930 жылы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 50,5%-ға, 1931 жылы қазанда 65%-ға жетті. Ұжымдастыру саясатымен қатар қоғамдағы байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары жүргізілді. 1928 жылы 27 тамызда ОАК мен ХКК «Ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет қабылдады. Бұл декрет бойынша байлардың шаруашылығы тәркіленіп, ал оның иесі жер аударылуы тиіс болды. 30 тамызда Қазақ АКСР-ның ОАК мен ХКК байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы қаулысын жүзеге асырудың нұсқаулары қабылданды. Бұл нұсқауда егер байдың көшпелі аудандарда ірі қараға айналдырғанда 400-ден аса малы болса, ал жартылай көшпелі аудандарда 300-ден асатын болса, онда ол әлеуметтік тұрғыда қауіпті адам деп есептеліп, жер аударылуы керектігі және шаруашылығы тәркілеуге түсетіндігі көрсетілді. 1928 жылы 17 қазанда Қаз АКСР-ның ОАК мен ХКК «Тәркілеуге және жер аударуға қарсылық көрсеткен байлардың қылмыстық жауапкершілігі туралы» қаулы қабылдады. Байлардың шаруашылығын тәркілеу және тап ретінде жою жөнінде үкімет жанынан Орталық комиссия құрылды. Орталық комиссияны Е. Ерназаров басқарды. 1928-1929 жылдары 1027 байдың шаруашылығы тәркіленді 145 мың мал басы (ірі қара) тартып алынды және көптеген ауыл шаруашылық еңбек құралдары колхоздарға берілді. Жалпы қуғын-сүргінге ұшыраған байлардың саны 1034-ке жетті Көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен ұжымдастыру қазақтар үшін үлкен қасірет әкелді. 1930 жылы 87136 шаруашылық отырықшылыққа көшірілсе, 1933 жылы бұл көрсеткіш 242208-ге жетті. Отырықшылыққа көшу механизмінің өзі қарапайым түсіндірілді: жүздеген шаруашылықты бір жерге жинап, деревня типтес стационарлық поселкелер ұйымдастырылды. Мұның барлығы күштеу әдістері арқылы жүзеге асырылды, орныққан көшпелі және жартылай көшпелі халықты 100 % колхозға қабылдады. Оның үстіне 200 шақырымдық радиусты қамтитын үлкен аймақтарда жүздеген шаруашылықты біріктірген үлкен колхоздар құрылды. Колхоздарға ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн мал басы болса, 1933 жыл-дың 1 қаңтарында одан тек 4,5 млн мал басы ғана қалды.1931-1933 жылдардағы аштыққа әкеліп, одан 2,1 млн адам қырылды. Бұл аштық мемлекеттік саясаттың нәтижесінде қолдан жасалды. Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап, 1 млн-нан астам адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады.Ұжымдастыру мен қолдан жасалған аштық қазақ халқын бүкіл әлемге босқын ретінде шашыратып жіберді. Мысалы, Қытайда 1 млн 070 мың, Моңғолияда 137 мың, Түркияда 120 мың қазақ тұрады. Қазақтар Ауғанстанда, Иранда, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада да бар.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2086. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия