Студопедия — Кіріспе
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе






Заманауи медицинаның дамуы жоғары медициналық оқу орындарынан студенттерін күрделі жанжақты теориялық дайындықты қажет етеді. Медициналық білім беруде дәрігер дайындаудың маңызды аспектісі, стоматолог - дәрігердің бағытты әсерін және клиникалық ойлауының практикалық, методологиялық әдістерін құруға бағытталған интеграциялық және анализдік оқу пәні ретінде ерекше орын алатын патологиялық физиологияны тереңдете оқытуды талап етеді.

Патологиялық физиология аурулардың алдын алу, дұрыс диагноздау және емдеудің негізін құрайтын дәрігерлік ойлауды қалыптастыратын фундаменталды теориялық медициналық – биологиялық пән болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде ауру туралы,аурулар мен дерттік үрдістердің, ағхалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтары, тіс-жақ аймағы арнайы бүліністерінің этиологиясы және патогенезі туралы, ауыз қуысы тіндерінде патологиялық үрдістердің ерекшеліктері және олардың жалпы организммен байланысты екені туралы ғылыми болжамдарды студенттерде қалыптастыру, жануарларда тәжірибелер жүргізу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын, құқықты құзіреттілікті, өзін өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастыру.

 

2.3 Оқыту міндеттері:

· жалпы нозология және біртектес дерттік үрдістер бойынша білімді қалыптастыру

· Жалпы және жеке патофизиология бойынша білімдерін қалыптастыру

· Тіс жақ аймағында біртектес дерттік үрдістердің және ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылыстарында ауыз қуысы зақымданулары туралы білім қалыптастыру.

· Дерттік үрдістерді үлгілеужәне клиникалық зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдыларынқалыптастыру.

· Клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу ережелері ҚР ДСМ №№ 697, 575 бұйрықтары бойынша білім қалыптастыру

· Топта жұмыс жасай білу коммуникативті дағдыларын (өз ойын жеткізе білу, оқытушы мен топтастарының ойын сыйлау, зейін қойып тыңдай білу) дамыту

· СӨЖ және сабақтарға дайындалғанда студенттердің жеке басының дамуына, қазіргі информациялық ағымдарды түсінуіне, ғылыми, оқулық ждәне анықтамалық әдебиеттермен, кітапханадағы каталогтармен, интернет желілерімен өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

 

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студентте қалыптастырылатын құзыреттіліктер:

· Білімі: Жалпы нозологияның, себепкер ықпалдардың, жағдайлардың, реактивтіліктің аурулардың пайда болуындағы, дамуындағы және аяқталуындағы маңызы, ағзалар мен жүйелердің кең тараған негізгі біртектес дерттік үрдістердің, ауыз қуысының біртектес дерттік үрдістерінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктерін, ішкі ағзалар қызметтері бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін, ағзалар ауруларындағы ауыз қуысы тіндері өзгерістерін білу.

· Машықтық дағдылары:патофизиологиялық тәжірибенің және дерттік үрдістер және аурулар кезінде клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау, этиотропты және патогенездік емдеуді негіздеген кезінде теориялық білімдерді қолдану және болашақ кәсіптік қызметі кезінде оларды пайдалану.

· Өзін өзі дамыту: Кәсіптік және жеке бас дамуына ұмтылу,күнделікті кәсіптік қызметке қажетті жаңа білімдерді табу және білім алуды жалғастыру, заманауи ақпараттық ағындарда бағыт бағдар табу.

· Коммуникативтік дағдылары:топта жұмыс жасау, өз пікірін тұжырымдай білу, компромисстерді табу, өз ойын ұжымның ойымен салыстыру, жаңа шешімдерді ұсыну.

· Құқықтық дағдылары:«Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДСМ № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабораториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

2.5. Пререквизиттер:медициналық генетика негіздері және молекулалық биология, физиология, биохимия, микробиология және вирусология, гистология

2.6. Постреквизиттер:терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Патологиялық физиология» пәні оқытады:

ü Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін: денсулық, ауру, дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай. Аурудың сатылары, өлім кезеңдері, тірілтілген организм ауруы.

ü Этиология мен патогенез сұрақтары: себептің, жағдайдың, организм реактивтілігінің ауру пайда болуы мен дамуындағы және аяқталуындағы рөлі.

ü Зақымдануға жалпы және жергілікті серпілістердің рөлі

ü Зат алмасу бұзылыстары

ü Біртектес дерттік үрдістердің (шеткері қанайналым бұзылыстары, қабыну, аллергия, өспелер, гипоксия) этиологиясы мен патогенезі

ü Ағзалар мен жүйелер қызметтері бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі

2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары (5 сағат)

Дәріс тақырыбы Жүргізу түрі Сағаты
1. Жалпы этиология және патогенез. Шолулық дәріс.  
2. Қабыну Шолулық дәріс.  
3. Аллергия Шолулық дәріс.  
4. Жүрек жеткіліксіздігі Шолулық дәріс.  
5. Гемостаз бұзылыстары Шолулық дәріс.  
Барлығы  

2.7 Тәжірибелік сабақтардың жоспары (25 сағат)

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы Жүргізу түрі сағ
  Патофизиологияның пәні, міндеттері, әдістері. Жалпы нозология   Тақырыптың сұрақтарын дискуссиялау, блиц-ойын, ҚР ДСМ №575 және 697 бұйрықтары бойынша білімін тестілеу, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау.  
  Жалпы этиология мен патогенез. Ауыз қуысы аурулары этиологиясында биологиялық жайттардың рөлі. Тіс жақ аймағы ауруларын емдеу мен алдын алудағы этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары. Организм реактивтілігінің патологиядағы манызы. Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас,«Гипоксияға төзімділікте түрлік, жас, ОЖЖ қызметінің рөлі» атты бейнефильм көру, тәжірибелік жұмысты талқылау, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау.  
  Шеткері қанайналым бұзылыстары. Олардың ауыз қуысы ауруларының патогенезіндегі рөлі. Қабыну, тіс жақ аймағы аурулары қабынуының патогенезінің ерекшеліктері. Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, шеткері қанайналым бұзылыстарын үлгілеу. Конгейм тәжірибесі бойынша видеороликтерді орыс және ағылшын тілінде көру, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау.  
.4 Организмнің зақымдануға жалпы әсерленістері. Жедел кезең жауабы. Қызба. Қызба кезінде ауыз қуысындағы тіндердің және сілекей бездері қызметтерінің өзгерістері Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, тәжірибелік жұмысты жүргізу және талқылау, глоссариймен үш тілде жұмыс істеу, тестілеу.  
  Аллергия. Стоматологтардағы кәсіптік аллергия. Гипоксия Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, кестелерді толтыру, «Анафилаксиялық сілейме патогенезі» туралы рөльдік ойын, орыс және ағылшын тілінде видеороликтерді көру, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау.  
6. Өспелер. Тіс жақ аймағы өспелерінің этиологиясы ерекшеліктері. Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, кестелерді толтыру, орыс және ағылшын тілінде видеороликтерді көру, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау, тестілеу.  
7. Жүйке жүйесі патофизиологиясы. Ауыз қуысы ауруларындағы ауыру сезімі синдромы. Эндокрин жүйесі патофизиологиясы. Эндокринопатияларда ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері. Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, кестелерді толтыру, орыс және ағылшын тілінде видеороликтерді көру, кейс стади, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау, тестілеу.  
8. Жүрек және қантамырлар жүйесі патофизиологиясы Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, тәжірибе қорытындыларын талқылау, жүктемелік және миокардтық жүрек жеткіліксіздігі түрлерін үлгілеу туралы орыс және ағылшын тілінде бейнефильм көру, кестелерді толтыру глоссариймен үш тілде жұмыс жасау.  
9. Сыртқы тыныс патофизиологиясы. Тұншығу. Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, кейс стади, орыс және ағылшын тілінде видеороликтерді көру, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау, тестілеу.  
10. Лейкоцитоздар, лейкопениялар, лейкоздар. Лейкоздар мен агранулоцитоз кезінде ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, лейкограммаларды талқылау, кестелерді толтыру, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау.  
11. Анемиялар. Анемиялар кезінде ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, тәжірибелік жұмыстарды орындау, кейс стади, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау, тестілеу  
12. Бауыр патофизиологиясы. бауырдың созылмалы жеткіліксіздігінде ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістер. Сабақтың сұрақтары бойынша пікірталас, кестелерді толтыру, холемия көріністері туралы тәжірибе корытындыларын талқылау, орыс және ағылшын тілінде видеороликтерді көру, глоссариймен үш тілде жұмыс жасау, тестілеу.  
Барлығы  






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1143. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия