Студопедия — Байлық - байлыққа ие болуда емес, оны ұқсата бiлуде. Сервантес
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Байлық - байлыққа ие болуда емес, оны ұқсата бiлуде. Сервантес






Қазақстан табиғи ресурстардың, әсiресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Бiздiң елiмiздiң аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдiң қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда көмiрдiң, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар.
Соған қарамастан, бiз көп жылдар бойы өзiмiздiң iшкi қажетiмiздi қамтамасыз ете алмай келемiз. Бұл - кеңестер кезеңiнде жасалған бөлiс жүйесi, сондай-ақ өзiмiзде қажеттi инфрақұрылым болмауының салдары.
Сайып келгенде халықаралық рынокқа мұнай мен газ экспорттау үшiн қажеттi коммуникациялардың болмауы дамуымыздың жоспарларын жүзеге асыруға керектi қаражат алатын мүмкiндiгiмiздi барынша шектеп отыр.
Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы мынадай элементтердi қамтиды:
Бiрiншiсi, бiз өз қорларымызды жедел әрi тиiмдi пайдалану үшiн үздiк халықаралық технологиялар, ноу-хау, iрi капиталдар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзiмдi әрiптестiкке барамыз. Бiз қазiрдiң өзiнде бiрсыпыра iрi контракттарға қол қойдық, ал басқа контракттар әзiрлену үстiнде.
Бiз ұзақ мерзiмдi келешекке өзiмiзге мiндеттерi сәйкес келетiн әрiптестер iздеймiз. Контракттарда бiз Қазақстанның мүддесiн, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтiк мiндеттердi шешу қажеттiгiн қатаң әрi парасат тұрғысынан көздестiретiн боламыз.
Өзiмiздiң табиғи ресурстарды пайдалануда бiз үздiк әлемдiк практикаға сәйкес келетiн және Қазақстанның мүдделерiне жауап беретiн орнықты келiсiмдерге мүдделiмiз.
Бiздiң кiрiстерiмiздiң тұрақтылығы және контракттарымыздың әдiлеттiлiгi, сондай-ақ әлемдiк қауымдастықтың қолдауының кепiлдiгi, мiне, осында жатыр.
Бiздiң стратегиямыздың екiншi бөлiгi - мұнай мен газ экспорты үшiн құбыр арналарының жүйесiн құру. Тәуелсiз экспорт арналары көп болғанда ғана бiз көршiмiздiң бiрiне тәуелдi болудан және келесi тұтынушыға баға жөнiнен кiрiптар болудан құтыламыз.
Үшiншiсi. Отын ресурстарын пайдалану жөнiндегi бiздiң стратегиямыз әлемдiк қауымдастықтың iрi елдерiнiң мүддесiн Қазақстанға, оның әлемдiк отын өндiрушi ретiндегi рөлiне бағыттау. Бұл ретте бiздiң мұнай-газ бизнесiмiздi инвестициялауға тиiс компаниялар мен елдер АҚШ-ты, Ресейдi, Қытайды, Жапонияны және Батыс Еуропаның мемлекеттерiн қамтиды. Бұл елдер мен компаниялардың бiздiң ресурстарымызды тұрақты және тұрлаулы негiзде экспорттауға деген экономикалық мүдделерi Қазақстанның тәуелсiз және қарыштап дамуына жәрдемдесетiн болады.
Төртiншiден, шетел инвестицияларын тарту арқылы бiз iшкi энергетика инфрақұрылымын құру мен дамытуды, iшкi қажеттiлiк пен тәуелсiз бәсекелестiк проблемаларын шешетiн боламыз.
Ақыр соңында, бесiншiден, бұл стратегия осы ресурстардан түсетiн келешек кiрiстердi барынша үнемшiлдiкпен пайдалануды көздейдi.
Бiз өзiмiздiң стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшiл болуға әрi қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бiр бөлiгiн өзiмiздiң болашақ ұрпақтарымыз үшiн жинақтауға тиiспiз.

6-ұзақ мерзiмдi басымдық;:







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 561. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия