Студопедия — Ндардың сыртқы саясаты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ндардың сыртқы саясаты






Ғұндар Қытаймен 300 жылдан астам соғысқан. Б.з.б. ІІІ ғ. аяғында Цин патшалығы солтүстіктегі шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы4000-6000км., биіктігі 10м., ені 4м. Немесе 2 атты арба сияды; әр 60 м. Сайын күзет мұнаралары орнатылған.

Б.з.б. ІІ ғ. ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы басталды. Ғұн мемлекеті б.з.б. ІІ ғ. – б.з.б. І ғ. аралығында саяси жағынан қатты күшейді. Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңді.

Б.з.б. 55 ж. Ғұн мемлекеті солтүстік және оңтүстік болып 2-ге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына түсті. Солтүстіктегі ғұндар б.з. І ғ. аяғында Чжи-Чжи шаньюдің басқаруымен өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін батысқа қарай жылжыды. Қазақстан жеріне бірінші рет қоныс аударған ғұндарды Чжи-Чжи басқарып келген болатын. Ғұндар Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендей бастады. Чжи-Чжи бұл жерге келген соң үйсіндерге қарсы соғыс үшін қаңлы мемлекетімен одақ жасады. Чжи-Чжи Қытаймен соғыс барысында Марка Красстың жауынгерлерін өз қаласын қорғау кезінде пайдаланды, бірақ жеңіліс тапты.

Қазақсттанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. І ғасырынан басталды. Б.з. 93 ж. Ғұндар Қазақстан жерінен екінші рет қоныс аударып, Европаға қарай бағыт алды. Б.з. ІV ғ. ғұндар Дунайға дейін жетіп, ғүн деген атпен Венгрияға қоныстанды. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуын б.з.б. ІІ ғ. – б.з. ІV ғасырына дейін созылды.

Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған рим жауынгері, тарихшы Аммиан Марцеллин: «ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық-суыққа, шөлге үйренген» - деп жазған. А. Марцеллин олардың жауынгерлігін ерекше атап: «ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді» - деген.

Европадағы ғұндарды Бала Әмірдің баласы Еділ (Атилла) басқарды. Атилла 400-453 ж.ж. өмір сүрген, ол ғұндарды 445-453 ж.ж. биледі. Европалық тарихшы Прийск ғұн әміршісінің (Еділ) сарайы туралы жазып, Еділ туралы құнды дерек қалдырған. Византия елшісі Прийск ғұндар туралы: «олар соғыстан кейін тынығады, әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді» - дейді.

Еділ V ғ. 30 жылдары Румыния және Венгрия елдеріндегі ғұндарды өз қол астына жинап, Паннония, Мезия сияқты Рим империясының аудандарын басып алып, Франция жеріне өтті, осылайша Еділ жауынгерлері Рим империясына қауіп төндірді. 451 ж. Еділ жауынгерлері Галлиядағы Каталун даласындағы шайқаста франктер мен римдіктердің біріккен әскерін талқандады. Ғұн жорықтарының маңызы Еуропаны римдктерден азат етті. 453 ж. бургунд (неміс) қызы Ильдиона (Ильдихо) Аттиллаға у беріп өлтірген соң, ғұн мемлекеті ыдырап кетті. Оның атымен Волга (Еділ) өзені аталды. Еуропалықтар Аттилланы «Құдайдың қамшысы», «Құдайдың қаһары» («Бич Божий») деп атаған.

ХІХ ғ. итальян композиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын (1846 ж. қойылған) жазды. Қазақ ғалымдарынан алғаш болып Ш. Уәлиханов Аттила туралы жазып, ғылымға енгізді. М. Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңінде: «ғұндар түркілердің арғы ата-бабасы» деген.

 

 

ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (VI – XVIII ғ.ғ.)

Түрік қағанаты (552-603 ж.ж.)

VІ – ХІІ ғ.ғ. Қазақстан тарихында «түрік кезеңі» деген атпен қалды. VІ – Х ғ.ғ. Қазақстанда болған мемлекеттер сипаты жағынан ерте феодалдық мемлекеттер болған. Қазақстандағы ең алғашқы феодалдық мемлекет Түрік қағанаты. Түрік қағанатының негізін салушы, бұрынғы теле тайпасының қолбасшысы Бумын.

V ғ. Шығыс Еуропадан Солтүстік Моңғолияға дейінгі жазық даланы мекедеген үлкен тайпа теле (дулу, үйсіндер кірген) деп аталды. 542 жылы алғаш рет қытай деректерінде «түрік» этнонимі пайда болды. 545 жылы түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым-қатынас орнады.

ІV ғ. Моңғолия мен Батыс Маньчжурияда жужандардың (авар) көшпелі тайпалар одағы құрылған болатын. 552 ж. Бумын жужан билеушісі Анағұйды жеңгеннен кейін Түрік қағанатын құрды (552 ж.). Бумын Анағұйды жеңіп, өзіне «елхан» деген атақ алған. Бумыннан кейін баласы Қара Еске қаған болып (552 ж.), оның тұсында түріктер Букрат тауындағы аварларды екінші рет жеңді. Қара Еске өлген соң інісі Мұқан қаған болып сайланды (552-554). Мұқанның тұсында түріктер жужандарды бас көтерместей етіп жеңіп, Орта Азиядағы саяси үстемдікке (гегемония) қол жеткізіп, түріктер ұлы даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізі елдеріне апаратын Жібек Жолы тармағының иесіне айналды. Мұқан қағанның кезінде қытай билеушілері Түрік қағанатына салық ретінде жылына 100 мың метрге тең жібек матасын төлеп отырған. Мұқан өлген соң Тобо қаған да Қытаймен екі жақты қарым-қатынаста болуды көздеді (VІ – ІХ ғ.ғ. Қазақстан жерінде моңғолоидтық белгілер тереңдей түсті).

Түрік қағанаты орта ғасырда төрт дүниежүзілік патшалықтардың бірі болып есептелді.

1) Солтүстіктегі «жылқылар патшалығы» (Түрік қағанаты)

2) Оңтүстіктегі «пілдер патшалығы» (Үндістан)

3) Батыстағы «құнды байлықтар патшалығы» (Иран, Византия)

4) Шығыстағы «адамдар патшалығы» ( Қытай ). Қытайды «мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығына да теңеген.

Түріктер VI ғ. Маньчжуриядағы қидандарды, Енисей қырғыздарын, Солтүстік Қытайды жаулап алды.

Түріктер 555 жылы Арал теңізіне дейін жетті. VІ –VІІ ғ.ғ. түріктер саудагер халық соғдыларды бағындырды. Соғдылар Орта Азияда өмір сүрген, иран тілдес халық. Соғдылардың негізгі атамекені Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алқабы. VІ – VІІІ ғ.ғ. соғдылар Жетісуға қоныс аудара бастады. В.В.Бартольдтың;айтуынша соғдылар Түркістан мен Жетісуға сауда үшін қоныс аударған. Жібек Жолы арқылы соғдылар түріктерден мал өсіруді үйренді. М. Қашқари (1030-190 ж.ж.): «соғдылар мен түріктердің әдет-ғұрпы, тілі, киім кию салты бір-біріне өте ұқсас» дей келе, «соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіні жоқ» деп жазады. Қытай саяхатшысы Сюань Цянь соғдылар туралы дерек қалдыра отырып, Сули (Соғды) елі деп Шу мен Кушанияға дейінгі бүкіл елді айтқан. Сюань Цянның деректері бойынша соғды халқының негізгі кәсібі сауда мен егіншілік болған. Соғдылар Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуына үлкен әсер еткен ортаазиялық тайпа.

Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан, одан әрі Шығыс Түркістанға дейінгі жерді Орта Азияның отырықшы халқы эфталиттер мекендеді (ақ ғұндар). Түріктер эфталиттерге қарсы соғысу үшін Иранмен одақ құрған. Эфталиттердің негізгі күштерін түріктер 567 жылы Бұхар түбінде талқандап жеңді (түріктер эфталиттерді және Орта Азияның тайпаларын 563-567 ж.ж. жаулап алған).

567 ж. Естеми қаған Иранға екі сауда елшілігін аттандырды. Иштеми қаған сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран, Византиямен байланыс орнатуға ұмтылды.

Түріктер Иранмен соғысу үшін Византиямен одақ жасасты. 568 ж. түрік қағаны Дизабулдың бұйрығымен көпес Маниах Константинопольге барып, ІІ Юстиниан императордың қабылдауында болды. Көпес Маниах мұнда екі келісім жасады: а) Иранға қарсы әскери одақ құру; б) сауда келісімі (VІ ғ. екінші жартысында сауда жолына байланысты Түрік қағанаты мен Византия дипломатиялық келісім жасады). Түріктерге әскерін әкеткені үшін ирандықтар жылына 40 мың алтын мөлшерінде алым-салық төлеп тұруға міндетті.

VІ ғ. ІІ жартысында Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтып, күшті -мемлекеттің біріне айналды. 570-580 жылдар аралығы Түрік қағанатының шығыстағы саяси ықпалы күшті болғанын көрсетеді.

VІ ғ. 70 ж. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстігіне дейін жетті.

581 ж. Түрік қағанатының өз ішінде билік үшін талас-тартыстар басталып, қағанат 603 ж. 2-ге бөлініп кетті.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3254. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия