Студопедия — Жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жылдардағы қоғамдық саяси өмір






30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі:

1. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.

2. Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.

3. Республикалардың заң шығару бастамасы болмады.

1936 жыл – сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты.

Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:

· Жазалау органдарының қызметі күшейтілді;

· Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.

Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды. Жазалау шаралары:

· Ату жазасы

· Жер аудару

· Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау

· КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.

Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды.

Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты.

1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

Жазалау шараларының құрбандары:

· Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов;

· Тілші ғалым, профессор – Қ. Жұбанов,

· Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров,

· КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.

Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:

Степлаг – Далалық лагерь.

Карлаг – ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

ЧСИР – Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

Алжир – Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.

ГУЛАГ – Лагерьлер Бас Басқармасы.

Үштіктер – үш адамнан құралған комиссия.

БМСБ (ОГПУ) – Біріккен мемлекеттік саяси басқарма.

Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері т. б. болды.

30–40 жылдар мен 50-жылдарда контрреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, БМСБ (ОГПУ) алқасы, «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.

Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары:

· Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды

· Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды

101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.

Сталиншілдіктің басты қылмысы:

1. Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдану.

2. Лагерьлер жүйесін құру.

3. Халықтарды күштеп көшіру.

4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.

31 мамыр – Ұлттық аза күні болып белгіленді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1882. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия