Студопедия — Сурет 116. Токсикалық ісіну.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сурет 116. Токсикалық ісіну.






 

Қоздырғышы Cl. Oedematiens, анаэробты инфекциялар арасында 34,7% кездесіп, 52,3% жараланған жауынгерлерді өлімге әкелген.

Қоздырғыштары аралас газды гангренада тіндерде токсикалық ісіну, газ түзілу қатар жүреді, даму жиілігі 29,2%, адам өлімі 44,1%.

Некроздық формасы тіндердің өліеттенуімен өтеді, 9,3% кездесіп, аурулардың 22,3% өлімге әкеледі, басқа түрлерімен салыстырғанда жеңіл жүреді.

Флегмонозды формасында эмфизема мен ісік бәсеңдеу, іріңдеу байқалады, тез таралмайды. Ағымы жеңіл, сирек кездеседі 7,1%, өлімге әкелуі 10,3%.

Клиникалық классификация бойынша найзағай тәріздес және жедел түрлерін ажыратады.

Найзағай іспеттес түрі. Науқас жараланғаннан кейін бірер сағатта, иммобилизация және тасымалдау кезінде қосымша жарақаттанса дамиды, тез арада өлімге әкеледі.

Жедел түріне газды гангренаның басқа түрлерін жатқызады.

Анатомиялық;жіктелуде газды гангренаны эпифасциалды және субфасциалды деп бөледі.

Газды гангренаның алдын алу шаралары:Алғашқы көмекті дер кезінде және дұрыс көрсету, шоктан шығару, қан тоқтату, анемиямен күресу, неғұрлым ерте жараға біріншілік хирургиялық тазарту жүргізіп, дренаждау. Жергілікті және жалпы антибиотикотерапия жүргізу, қажетті жағдайларда жараланғандарды эвакуациялау. Жараны мұқият бақылап жаралардың асқынуының алғашқы белгілерін дер кезінді анықтау. Кірленген, жыртылған үлкен жараларда гангренаға қарсы сарысудың 1 -2 дозасын бұлшықетке инъекциялау. Қазіргі кезде газды гангренаның алдын алу мақсатында 1. арнайы сарысу қолданады: құрамында Clostridium perfringens қоздырғышына қарсы 10000 антитоксикалық бірлік; Cl. Septicum қарсы 10000 а.б; Cl. Oedematiens карсы 10000 а. б. 2. Анаэробты бактериофагты тең мөлшерде стафилококк, стрептококтың бактериофагтарына қосып, осы бактериофагтарды 1: 1 қатынаста 0,5% новокаин ертіндісімен араластырып жараға жергілікті анестезия жасалады. Жараның көлеміне байланысты 100 – 200 мл. бактериофагтар ерітіндісін қолданады.

Газды гангренаның емі. Науқасты бөлек, жарық, ауасы кең палатаға орналастырып, тәжірибелі медперсоналдың бақылауы қажет. Кешенді ем 3 топтан құралады:

1. Арнайы (спецификалық) ем жүргізу мақсатында, бактериологиялық диагноз анықталғанға дейін, газды гангренаның қоздырғыштарына қарсы 150.000 антитоксикалық бірлік поливалентті антигангренозды сарысуды (антиперфрингенс, антиэдематиенс және антисептикум әрқайсысы 50000 а. б. доза) дәрігердің өзі немесе мейірбике дәрігердің бақылауымен науқастың көктамырына баяу тамшылатып енгізеді. Әрбір 100мл. сарысуды 100 – 400 мл. дене температурасына дейін жылытқан натрий хлордың 0,9 % ерітіндісімен араластырып қолданады. Бактериологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекцияны тудырған қоздырғышқа қарсы сарысумен ем жүргізеді.

2. Жедел хирургиялық операция үш түрге бөлінеді: а) Анаэробты инфекция ошағын кеңінен тіліп ашып, өліеттенген тіндерді әсіресе бұлшықеттерді алып тастау; ә) ауыр, прогрессивті интоксикация дамыған жағдайда жгут салмай гелиотина тәсілімен (балтамен шапқандай) ампутация жасап, жараны тікпейді; б) аса асқынып кеткен жағдайда ампутация істелген аяқ, қолдың тіндеріне қосымша тілік жасау; в) операциядан кейін жараларды тотықтығыштар ерітіндісімен (калий перманганаты, сутегінің асқын тотығы) көп мөлшерде жуып, 10% натрий хлор, бактериофаг ерітінділерімен таңғыш салып, ауырған жердің қимылын шектеу.

Бейспецификалық, дезинтоксикациялық ем жүргізу- науқасқа тәулігіне 4 литрге дейін натрий хлордың изотониялық ерітіндісін, глюкоза, қан, қан алмастырушы сұйықтықтарды құяды. Көп мөлшерде сұйықтық ішкізіп, жоғары калориялы тағамдармен тамақтандырады. Газды гангренада оксигенотерапия жүргізу үшін барокамераларды пайдаланады. Қажеттілігіне байланысты науқасқа тиісті симптоматикалық ем тағайындалады (жүрек гликозидтері, аналгетиктер, диуретиктер, тыныс алуды реттейтін аналептиктер т.б.).

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1450. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия