Студопедия — Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.






 

Қатты сіресу кезінде бұлшықеттер, байламдар жыртылып, сүйектердің сынуы мүмкін. Егер де тыныс алу актісіне қатысатын бұлшықеттер, диафрагма сірессе, өкпенің қан айналымы бұзылып пневмония дамуы немесе науқас асфиксиядан өліп кетуі мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінде науқастың есі анық, бәрін сезіп, біліп қатты қиналады. Дене қызуы жоғарылап, кейде 42ºС дейін көтеріліп, науқас қатты терлейді. Тамыр соғысы минутына 120- дейін жиілейді, жүрек тондары анық естіледі. Сіреспе ауруының өте ауыр түрі науқасты 1-2 күнде, ауыр түрі 4-5 күнде өлімге әкелуі мүмкін, ал орташа және жеңіл түрлерінде науқас 20-30 күнде сауығады. Сіреспе ауруының қайталануы мүмкін. Науқастардың 25 – 30%-сіреспе асфиксия, пневмония және сіңір, байламдардың жыртылуы, сүйек сынуымен асқынады.

Диагноз қоюда келесі симптомдарға көңіл аударған жөн: 1. жараның тартып, тырысып ауырсынуы; 2. дене қызуы көтерілмесе де науқастың қатты терлеуі; 3. арқасының ауырсынуы; 4. жақ бұлшықетінің рефлексінің жоғарылауы (Лорин-Эпштейн симптомы). Бұл сиптомды тексеру үшін ауызын жартылай ашық ұстаған науқастың жақ бұлшықетін саусақпен немесе рефлексті тексеретін балғамен ақырын соққанда, науқастың ауызы жабылады. Қалыпты рефлекс теріс болады.

Сіреспенің емі. Сіреспемен ауырған науқасты жеке, қараңғы, тыныш палатаға орналастырып, тәжірибелі дәрігерлер, мейірбикелер үнемі бақылап емдейді. Сіреспенің токсиндері қан айналымында 2 – 3 тәулік болады, одан кейін нерв жасушаларына еніп бұлшықеттерді тырыстырып сіреспе ауруын тудырады. Сіреспеге қарсы қолданылатын сарысу, жүйке жүйесімен әлі реакцияға түспеген (бос) тетаноспазминнің уытын қайтара алады, ал жүйке жүйесімен байланыстағы токсиндерге антитоксикалық әсері жоқ. Сондықтан қандағы токсиндерді жою үшін сіреспеге қарсы сарысуды неғұрлым ерте қолданған жөн. Сіреспе ауруына тек қана симптоматикалық ем жүргізіледі: наркоз беріп жараны кеңінен тіліп өліеттен, бөгде заттардан мұқият тазарту, сіреспеге қарсы сарысу және магнезий сульфаты ерітінділерін енгізу. Диагноз анықталысымен дереу 2-3 тәулік ішінде Безредко тәсілімен сіреспеге қарсы сарысудың тиісті емдік дозасын қолданады. Үлкен адамдардың тәуліктік дозасы 100000 – 150000 ХБ (халык аралық бірлік), нәрестелерге 10000 – 20000 ХБ, ересек балаларға 20000 – 80000 ХБ. Сарысуды қолданар алдында оны дене температурасына дейін (36-37º.) жылытып 2-3 күн қатарынан инъекциялайды. Тәуліктік дозаның жартысын бұлшықетке, қалғанын 1-10 қатынаста изотониялық натрий хлор ерітіндісімен араластырып, венаға тамшылатып енгізеді. Сіреспеге қарсы гаммаглобулинді бұлшықетке 10000 ХБ бастап, ары қарай тәулігіне 5000 ХБ салынады. Сіреспе сарысуының курстық дозасы 200000 -350000 ХБ, гаммаглобулиннің мөлшері 20000 – 50000 ХБ. Бұлшықеттердің тырысуы жергілікті болса транквилизаторлар мен барбитураттар қолданады: көктамырға 10-15 мг. тәулігіне 150 – 300мг. диазепам, қосымша бұлшықетке 100-200мг. 3-6 сағат сайын натрий тиопенталы немесе гексенал (тәулігіне 1 -2 гр.). Анальгетик ретінде промедол жасалады. Сіреспенің ауыр түрлерінде бұлшықет релаксанттарын барбитураттар немесе диазепаммен бірге қолданып, науқасты трахеостома арқылы жасанды тыныс алдыру аппаратына 7 – 10 тәулікке қосады. Өте ауыр жағдайларда жасанды өкпе вентиляциясы 30 тәулік, одан да ұзақ мерзім жүргізіледі. Трансфузионды дезинтоксикациялық терапия жүргізуде қан алмастырушы сұйықтықтардың дезинтоксикациялық әсері бар препараттармен қоса, электролиттер және глюкоза ерітінділерін қолданады. Науқаста ацидоз орын алса натрий гидрокарбонаты, трисамин ерітінділері құйылады. Жараның іріңдеуі, іріңді трахеобронхит, пневмония сияқты сіреспенің асқынуларын емдеу және алдын алу үшін антибиотикотерпия жүргізіледі. Науқастардың жүрек жұмысын, тыныс алуын жақсартуда сульфокафокаин, кордиамин, коргликон, цититон, оксигенотерапия тағайындалады. Науқастарды энтералды және параэнтералды жолмен жоғары калориялы тағамдармен қоректендіру қажет.

Сіреспе ауруының алдын алу жараны мұқият зерттеуден басталады: жараның жіптерін шешіп, толық ашып, ішін 3% сутегі асқынтотығы және фурациллин ерітінділерімен жуады, өліеттерден, іріңдіктерден мұқият тазартып дренаждалады. Аурудың арнайы алдын алу шаралары жоспарлы және жедел түрде жүргізіледі: жоспарлы түрінде сіреспенің адсорбцияланған анатоксині әскер қатарындағылар, механизаторлар, құрылысшыларға қолданады: 0,5 мл. анатоксинді енгізіп, ревакцинация (0,5мл. анатоксин) бір ай және 1 жылдан кейін жасалады. 12 жасқа дейінгі балаларға комплексті КДС (коклюш - көкжөтел, дифтерия, сіреспе) вакцинасымен иммунизация жүргізіледі. Жедел түрінде бұрын екпе өткендерге 0,5 мл. анатоксин жасалса, екпе алмағандарға 1мл. анатоксин және 3000 ХБ сіреспеге қарсы сарысу немесе 450 – 600 ХБ сіреспеге қарсы гамма-глобулин инъекцияланып, 1 айдан соң 0,5 мл., 1 жылдан кейін тағы да 0,5мл. анатоксин енгізіп ревакцинация жүргізіледі.

 

Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)

Адамға ауру мал, аңдардың еті, терісі, жүнінен жұғатын өте қауіпті жұқпалы инфекция. Қоздырғышы сыртқы орта жағдайына өте төзімді, спора түзетін бацилла (Bacillus anthracis). Инкубациялық кезең 2 – 7 күнге созылады. Сібір жарасының 3 түрі кездеседі: тері, ішек, өкпе формалары. Жиі кездесетіні карбункулға ұқсас терінің сібір ойық жарасы. Теріде қышитын болар-болмас түйін пайда болады, ортасында геморрагиялық пустула түзіледі. Пустула жарылып қара қотырланады (көмір түсті), айналасында жараны қоршай жаңадан серозды-гемррагиялық көпіршіктер пайда болады, тіндер қатты ісінеді (120-сурет).







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1744. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия