Студопедия — ЖЕЛ ШЕШЕК
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЖЕЛ ШЕШЕК






Анықтамасы: Жел шешек (Varicella) – бұл ағзаның орташа улануымен және тері мен шырышты қабатта дақты-папулезді- везикулярлы бөртпелермен сипатталатын антропонозды жедел вирусты жұқпалы ауру.

Тақырыптың өзектілігі. Жел шешек тез таралатын аурулар қатарына жатады. Инфекцияны қабылдаушылық өте жоғары. Ересек адамдарда асқынулар балаларға қарағанда көбірек кездеседі.

Тарихи мәліметтер. Алғаш рет бұл ауру туралы XVI ғасырдың ортасында итальяндық дәрігер және анатом Г.Видус жазған. Varicella деген атауды 1772 жылы неміс дәрігері О.Фогель енгізген. 1911 жылы бразилиялық дәрігер Э.Арагао көпіршік сұйықтығынан элементарлы вирус денешіктерін (Арагао денешіктері) тауып, қоздырғышты анықтаған.

Этиологиясы. Жел шешек қоздырғышы Varicellavirus тегіне, Alphaherpesviridae тұқымдастығына жататын ДНҚ-геномды вирус. Сыртқы ортада төзімсіз: күн жарығы, қыздыру, ультракүлгін сәулелері әсерінен тез жойылады.

Эпидемиологиясы. Жел шешек – антропонозды ауру. Инфекцияның көзі - тек адамдар болып табылған. Ауру өте контагиозды, ауа-тамшылы жолымен беріледі. Ауру қоздырғышы ауа арқылы жұғуы үлкен ара қашықтықтықтарға өтуі мүмкін. Қабылдаушылық өте жоғары, ол әлемнің барлық елдерінде кең таралған. Ауруды көбінесе жас кезде бастан кешіреді. Тіркелген аурулардың жартысына жуығы 5-9 жас аралығындағы балаларда кездескен, ал 1-4 және 10-14 жастағы балалар сирек ауырады. Жел шешек ауруының 10% жуығы 15 жастан жоғары балаларға тән. Ауру жылдың суық мезгілдерінде жоғарылайды. Ауырып шыққандарда тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпалары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары болып табылған. Вирус қанға өтіп, содан соң теріге түседі де, ерекше бөртпенің пайда болуын тудырады. Инфекцияның жедел көрінуі басылғаннан кейін, вирус организмде ұзақ сақталады, яғни жасырын инфекция түрінде. Вирус өмір бойы ағзада латентті жағдайда жұлын ганглийлерінде сақталуы мүмкін.

Клиникалық көріністері. Жел шешектің жасырын кезеңі 10-21 күнге (жиі 14-17 күн) созылады. Алғашқы кезең қысқа, оның клиникалық нышандары жоқ, бар жоғы 1 тәулікке жуық созылады. Ауру бөртпенің пайда болуымен бірден басталады.

Бөртпе кезеңі шешектің аса ерекше білінуі болып табылған. Бөртпенің бірінші элементтері терінің кез-келген жеріне шығуы мүмкін: ішке, жамбасқа, иыққа, кеудеге, бет пен басқа, шаш арасында орналасады. Табиғи шешектен айырмашылығы бұл кезде бетке бөртпе аз шығады, әрі ол кеуде мен аяқ-қолдан кейін кештеу пайда болады. Алғашқыда дөңгелек немесе сопақша формадағы дақтар (5-10 мм) пайда болып, содан кейін дақтың ортасында папула білінеді де, ол везикулаға айналып кетеді. Көпіршіктердің құрылуы әртүрлі формада келеді (дөңгелек, сопақша, күмбез тәрізді). Көпіршіктер сипағанда жұмсақ болады. Келесі 1-2 тәуліктің ішінде везикула құрғау сатысына өтеді. Көпіршіктерден кейін кейде аздаған тыртықтар қалады, олар бірнеше жыл бойы жоғалмай, көзге көрініп тұрады. Бөртпе элементтерінің мөлшері әртүрлі, яғни 20-70-тен кейде 10-800 дейін байқалатыны белгілі. Бөртпе әр түрлі уақытта дамып, бөртпенің жалған полиморфизмі байқалады.

Жел шешектің ерекше білінуі, бөртпе элементтерінің тек қана тері де емес және шырышты қабықтарда да (энантема) дамуы болып табылған. Ол экзантеманың пайда болу мерзімімен бірдей шығады, бірақ науқастардың жарты (20-30%) бөлігінде ғана байқалады. Энантема қатты таңдайға, жаққа, қызыл иекке, тілге жұтқыншақтың арт жағына, ал қыздарда жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына жайылған.

Бөртпе кезеңінде ағзаның улануы әлсіз, аздаған дене қызуы байқалады.

Асқынуылары. Шешек зарарсыз ауру болып есептеледі, алайда кейде оның асқынуы мүмкін (5%). Тері жақтан әртүрлі асқынулар жиі байқалған. Басқа да асқынуларға энцефалит, миокардит, кератит, нефрит, артрит, гепатит қатысты, дегенмен бұлар сирек байқалады. Туа біткен шешек босанғанға дейінгі 4-5 күнде ауырған жүкті әйелдерде дамиды. Сонымен баланың бұл аурумен ауру мүмкіндігі –17% және олардың өлімі-31% жеткен. Туа біткен шешек ауыр өтеді. Ауру босанғаннан кейінгі 6-11 күнде дамиды.

Диагностикасы. Жел шешекті шын шешектен, везикулезді риккетсиоздан ажырата білу керек. Шешек жер бетінен жойылған. Белдемелі герпес бөртпесімен және басқа везикулезді бөртпелермен салыстырмалы диагностика жасау қиындық тудырмайды. Кейде ұқсас элементтер бүргенің және басқа жәндіктердің шағып алуы нәтижесінде пайда болады. Вирусологиялық, серологиялық (КБР) әдістер сирек қолданылады.

Емдеуі. Жедел кезеңде науқастар төсек тәртібін сақтауы керек, төсек жаймалары мен іш киімнің тазалығын және қолды таза ұстап, тырнақты алып тұру керек. Этиотропты емдеу ауыр асқынулар кезінде көрсетілген. Соңғы жылдары ацикловир, видарабин сияқты вирусқа қарсы препараттардың нәтижелілігі туралы мәліметтер бар. Антибиотиктер екінші бактериальды микрофлора қосылғанда тағайындалады.

Болжамы. Көп оқиғаларда аурудың болжамы қолайлы.

Алдын алу шаралары. Науқасты соңғы жаңа бөртпе элементтері пайда болғанға дейін, 5 күнге дейін үйде жеке ұстайды. Ал бұрын бұл инфекциямен ауырмаған, жел шешекпен ауырған науқаспен байланыста болған 7 жасқа дейінгі балаларды 21 күн оңаша жатқызады. Шел шешекке қарсы вакцина жоқ.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2358. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия