Студопедия — Жедел остеомиелит
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жедел остеомиелит






Қаңқа сүйектерінің ішінде жедел остеомиелитпен ұзын түтікті сүйектердің зақымдануы жиі, әсіресе олардың ұзына бойы өсетін бөлімдері бұзылады (мысалы, сан сүйегінің төменгі бөлімдері, үлкен жіліншік және иықтың тоқпан жілік сүйегінің асықты жоғарғы бөлімдері). Аурудың қоздырғышы қандай да бір іріңді микроб, көбіне стафилококк.

Инфекцияның кіру қақпасы әртүрлі: тері жамылғылары, ауыздың кілегей қабықтары, бадамша бездері, нәрестелердің кіндік жарасы және т.б.

Жедел остеомиелиттің клиникалық ағымының өту барысы бірқатар себептерге байланысты: микроб вирулентілігі, организм реактивтілігі, баланың жасы, жергілікті зақымдану дәрежесі және т.б.

Аурудың үш түрін ажыратады: токсикалық, септикопиемиялық; және жергілікті. Біріншісі күрт басталуымен сипатталады, аурудың көрінісінде сепсис белгілері басым болады. Науқаста жергілікті белгілер пайда болмай жатып, бала ерте қайтыс болуы мүмкін. Септикопиемиялық түрінің басқалардан кездесуі жиі. Жергілікті белгілер мен жалпы көріністердің айқын болуымен бірге кейде бірнеше сүйектер зақымданып, дененің басқа бөлімдеріне метастаздардың таралуы байқалады (мысалы, өкпеге, плевраға). Остеомиелиттің жергілікті түрі жеңіл ағыммен өтеді. Жергілікті көріністері айқын және сүйектің зақымдануы шектелген болады.

Науқастардың басым көпшілігінде ауру өте күрт, предромальді кезеңсіз жедел басталады және организмнің жалпы зақымдануының белгілерімен сипатталады: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі. Токсикалық және септикопиемиялық түрлерінде жиі сандырақтау, санасы бұлыңғыр, кейде бұлшық еттің тартылуы мен менингиальды белгілер пайда болады. Тері жамылғылары бозғылт, сарғыш түстес, көздері кіріңкі, ерні құрғақ, кезерген тілі жабындымен жабылады. Жүрек - қан тамыр және тыныс алу жүйелерінде өзгерістер қосылады: тахикардия, жүрек шекараларының кеңеюі, жүрек ұшында систолалық шу, демікпе, беткей тыныс алу.

Негізгі жергілікті белгілерге қарқындылығы әртүрлі ауру сезімі жатады. Бала зақымдалған дене бөлігін қозғалтпауға тырысады немесе жанасудан сақтанады, өйткені ол ауру сезімін күшейтеді. Аяқ сүйектерінің остеомиелитіне диффузды ісіну, тері асты веналар суретінің күшеюі және жергілікті температураның көтерілуі тән.

Ауру дамуының кейінгі кезеңдерінде зақымдалған дене бөлігінің ісінуі үлкееді, терінің қызару мен былқөылдауы (флюктуациясы) пайда болады.

Эпифиздік остеомиелит кезінде қабыну буынға тарайды. Буын қалтасын бұзып, қоршаған тінге өтіп периартикулярлы флегмона түзеді. Зақымдалған буын аймағында гиперемиясыз, ірің тек жұмсақ тіндерге тарап буынның беткей қабаттарына жеткенде ғана қызару пайда болады.

Жедел гематогенді остеомиелиттің алғашқы бірнеше тәулігінде флегмонаның анық белгілерінің болмауы науқастың ауыр түрлеріне жұғысты.

Аурудың кеш мерзімінде флегмонаның анық белгілерінің әлсіздігі, фасция және бұлшық еттердің қалың қабатының астында жатқан сүйектердің зақымдануы кезінде байқалады (тоқпан және ортан жіліктер сүйегінің проксимальді метафиздері, жамбас сүйектері және омыртқа).

Жедел гематогенді остеомиелит кезіндегі топикалық нақтылау диагнозының негізі нәзік пальпация және перкуссия. Аяқтың осі бойынша күш түсіру науқас жағдайы туралы мәліметтерді нақты алуға береді, егер қабыну сүйек ми каналында орналасса, онда, сүйекті бойма бой қарай бағыттап соғу, ауырғандық сезімін күшейтеді.

Жедел гематогенді остеомиелит диагнозы анамнезді толық жинауға, субъективті шағымдарға және науқасты объективті тексеруге негізделеді. Бірақ, кейбір ауыр жағдайларда анамнезді жинау мүмкін емес, сондықтан емхана дәрігері беткей зерттеумен ғана шектелуге мәжбүр.

Ажыратпалы нақты диагнозды ревматизм (буындық түрі), флегмона, сүйек туберкулезі, жарақатпен жүргізеді.

Ревматизмде көп буындардың ауруы, электрокардиографиялық зерттеу нәтижесінде жүрек жағынан бұзылыстар байқалады. Зақымданған аймақты мұқият қарау және пальпация жасау кезінде, ревматизмнің остеомиелиттен үлкен бір айырмашылығы ауырсыну және ісінгендіктің сүйек үстінде емес, буын үстінде орналасатындығы.

Флегмона да остеомиелиттің клиникалық көрінісін беруі мүмкін. Бірақ остеомиелитпен салыстырғанда флегмона кезінде терінің қызаруы мен беткей флюктуация өте ерте дамиды. Егер флегмона буын аймағында орналасатын болса, контрактураның болуы шарт. Бірақ остеомиелитпен салыстырғанда оны тұрақты және пассивті қозғалыс жасау арқылы буынды қалыпты жағдайға келтіруге болады.

Сүйек туберкулезінен ажырату қиын емес. Сүйектердің туберкулезді зақымдануы қазіргі кезде өте сирек кездеседі және біртіндеп дамуымен сипатталады. Дегенмен баланың аяғы ауырса да жүруін тоқтатпайды.

Жедел остеомиелитті жарақаттардан ажыратуда мұқият жиналған анамнездің, септикалық көріністердің болмауының және рентгенолгиялық зерттеу нәтижелерінің ролі зор.

Сүйек қабығы астындағы сынықтар диагноз қоюда қиындық туғызады, бірақ 6-7 күннен кейін жарақат аймағын қайталап түсірген рентгенограммада, анықталатын сүйектену кезеңі диагнозды нақтылайды.

Жедел гематогенді остеомиелитке күдіктенген балаларды тез арада аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызу керек. Емхана дәрігері науқасты тасымалдаған кезде зақымдалған аяқтың немесе қолдың иммобилизациясын қамтамасыз етіп қадағалайды.

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2807. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия