Студопедия — Пилоростеноз
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пилоростеноз






Пилоростеноз балаларда жиі кездесетін туа біткен ауру. Ол асқазанның пилорикалық бөлігінің бұлшық ет қабатының гипертрофиясы және оның талшықтарының гиперплазмасымен өтеді. Осының салдарынан пилорикалық бөлімнің қуысы тарылып, асқазан тамақ эвакуациясы бұзылады.

Механикалық кедергімен қатар асқазанның пилорикалық бөлімінде бұлшық еттердің спазмымен көрінетін функциональді бұзылыстар да болады.

Клиникалық көрінісі тарылу дәрежесіне және спазмның айқындалуына байланысты. Ауру көріністері әртүрлі мерзімде, негізінен жиі өмірінің 2-ші аптасының аяғында 3 аптаның басында білінеді.

Алғашқы және негізгі белгі құсу болып есептеледі. Алғашқыда ол әр тамақтанудан кейінгі лоқсу түрінде, бірақ кейін жиілейді және көп мөлшерде бола бастайды. Құсық массалары қатты ағыс түрінде шығады (фонтан тәрізді). Құсық массасының мөлшері соңғы емізген сүт мөлшерінен көп болады, яғни ол тамақтың асқазанда тұрып қалатындығының белгісі. Құсық массаларының құрамында ірімшік тәрізді сүт болады, өт араласпайды. Егер ауру ұзақ уақытқа созылса, құсық күйген майдың, шіріген жұмыртқаның иісін береді.

Қабылдаған тамақты құсу арқылы бала әрдайым салмағын жоғалтады. Құсқаннан кейін, бірнеше уақыт өткеннен соң іш қату байқалады (“аш іш қату” деп аталады). Зәр бөлу мен несіптің мөлшері азаяды. Жиі 1 - 2 айлық баланың салмағы, туылған кезбен салыстырғанда аз болады. Тұрақты аштықты сезініп науқас қызғанышпен тез-тез емеді. Бірақ жүдегендік бірте-бірте үдеп, маңдай терісі қатпарланып, бала өз жасынан үлкен көрінеді және оның түрі қатаң сипат алады.

Қарағанда гипотрофия және сусыздану белгілері анықталады: әлсіз дамыған тері асты май қабаты, тін тургорының төмендеуі, еңбегі кіріңкі. Дене қызуы қалыпты. Эпигастральді аймақта құрсақ қабырғасының “құм сағат” тәрізденіп томпаюын, асқазанның перистальтикасын және оның сұйықтық ішкенде (сүт, глюкоза) күшейетіндігін байқауға болады. Бұл пилоростеноздың тұрақты және маңызды белгісі. Гипертрофияланған 12-елі ішекті сезіп көру де маңызды, бірақ өкінішке орай сирек анықталатын белгі. Оның проекциясы іштің тік бұлшық етінің сыртқы жиегімен, қабырға доғасынан 1,5 – 2 см төмен жерге сай келеді.

Пилоростенозды танып-білу қиын емес, егер үш негізгі белгі болса: фонтан тәрізді құсу, асқазан перистальтикасының күшеюі және сипап көргенде тығызданған пилорикалық бөлімнің анықталуы. Диагнозды нақтылау үшін контрасты затты (1 ас қасық барий) 75-100 мл ана сүтіне араластырып, ауыз арқылы беріп рентгенологиялық зерттеу өткізу қажет.

Пилоростеноздың рентгенологиялық белгісіне контрасты заттың асқазанда 3 сағаттан артық тұрып қалуы жатады. Кейбір жағдайда барийдің қалдықтары асқазанда 20-24 сағатқа дейін қалып қояды. Рентгенологиялық әдіс әрдайым пилоростеноз диагнозын нақтылауы мүмкін, бірақ мүлдем жоққа шығармайды.

Ажыратпалы диагноз. Диагностикалық қиындықтар пилоростеноздың жеңіл дәрежесінде, әсіресе бастапқы кезеңде болуы мүмкін. Бұл қиындықтар пилоростеноз бен функционалді ауру – пилороспазмның клиникалық көріністерінің ұқсастығына байланысты. Осы ауруларды ажырату кезінде нейроплегиялық заттарды (аминазин, атропин пипольфен, супрастин) қолданудың маңызы жоғары. Нейроплегиялық дәрілерді баланың 1 кг дене салмағына немесе жасына қатынаста тағайындайды. Тәуліктік мөлшерін 3 қабылдауға бөледі. Курстың ұзақтығы 9 – 10 күн. Препаратты бұлшық ет ішіне енгізу тиімді. Сонымен қоса мезгілмен тамақтандыруды тағайындайды. Нейроплегиялық препараттарды қолданғанда пилоростеноз бен пилороспазмның арасындағы ұқсастықтар әртүрлі өзгереді, нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Пилороспазмы бар науқастарда белгілер жойылады. Төменгі кестеде нейроплегиялық дәрілерді қолданғаннан кейінгі пилоростеноз бен пилороспазм белгілерінің өзгеруі көрсетілген.

 

Пилоростеноз Пилороспазм
Құсу тұрақты. Нейроплегиялық препараттарды қолданғанда жойылмайды. Құсу тұрақты емес нейроплегиялық препараттарды қолданғанда жойылады. Құсу аз мөлшерде, лоқсу болады.
Асқазанның көрінетін перисталтикасы
Жиі, “құм сағат” пішінде көрінеді. Нейроплегиялық дәрілермен емдегеннен кейін жойылмайды. Өте сирек кездеседі. Нейроплегиялық дәрілермен емдегеннен кейін жойылады.
Пальпацияда
Асқазанның пилорикалық бөлімі сезіледі. Пилорикалық бөлім ешқашан сезілмейді.
Дене салмағы
Тұрақты немесе азаяды. Қосады, көбінесе жылдам.

Емі: Диагноз қойылғанан соң жасына байланыссыз жедел түрде хирургиялық тәсіл көрсетілген. Пилоростенозды консервативті емдеу дұрыс емес, себебі бала жүдеп, оперативті араласудың нәтижелеріне кері әсер етеді. Емхана хирургінің міндеті науқасты уақытылы ауруханаға жатқызу.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2913. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия