Студопедия — Дәріс. Квадраттар бойынша нивелирлеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Квадраттар бойынша нивелирлеу






Дәрістің мазмұны:

Далалық нивелирлеу өлшемдерін өңдеу. Нүктелердің биіктіктерін анықтау. Квадрат бойынша нивелирлеудің планын салу, ситуацияны түсіру және планда горизонтальдарды жүргізу тәсілдері. Қиысқтарды бөлу.

Жердің бетін нивелирлеу рельефі аз өзгермелі жерлерде, құрылыс салатын алаңның ірі масштабты топографиялық планын алу үшін қолданылады. Жердің бетін нивелирлеудің екі әдісі бар: квадратпен және магистральды.

Квадратпен нивелирлеуді ашық жерлерде, рельефтің күрделілігіне байланысты, теодолит пен лентаның көмегімен қабырғалары 10,20,30,40 және 50 м квадрат торларға бөлуден бастайды. Квадраттардың төбелерін қазықпен бекітеді. Квадрат торларды бөлумен қатар жердің ситуациясы түсіріледі. Квадраттардың төбелерін нивелирлеу құрылыс алаңына байланысты. Кішігірім алаңдарды нивелирлеу нивелирді бір-ақ рет қойып, жүргізіледі. Бұл жағдайда нивелирді алаңның ортасына қояды, оны жұмыс қалпына әкеліп, осы станциядан кезегімен квадраттың төбелеріне рейканы қойып, оның қара жағымен санақ алады.

 

 

Реперден квадраттардың бір төбесіне биіктікті беру үшін нивелирлеуді ортаға қою әдісімен орындап, репер мен квадрат төбесіндегі орналасқан рейкалардың екі жағынан санақтар алады. Осыдан кейін квадраттың төбесінің биіктік мәнін есептеп анықтайды. Анықталған биіктік мәні мен сол нүктедегі рейканың санағы арқылы аспаптың горизонты (АГ) есептеледі, АГ арқылы квадраттың барлық төбелерінің биіктігі анықталады.

Құрылыс алаңы аумақты территорияны алып жатса, онда тұйық нивелир жүрісі жүргізіледі. Бұл жағдайда кейбір квадраттың төбелері байланыс нүктелері болады. Нивелирлеудің нәтижесіне байланыс нүктелерінің биіктіктері станциялардағы АГ және квадраттың төбелерінің барлық биіктіктері есептелінеді.

Қабырғалары 100 м квадрат торларында әр квадрат бөлек нивелирленеді. Бұл жағдайда нивелир квадраттың ортасына орналастырылады. Квадрат төбелерінде орналасқан рейкалардан алынған санақтар квадрат торының схемасына жазылады.

 

 

Снақтарды тексеру квадраттың қарама-қарсы төбелеріндегі санақтардың қосындысының теңдігі, оның айырмашылығы 5 мм-ден аспауы керек. Содан кейін квадраттың қабырғалары арқылы өзара биіктіктерді есептейді, сыртқы периметрі арқылы, сондай-ақ створмен олардың мәндерін үйлестіреді де, квадраттардың барлық төбелерінің биіктіктерін есептейді. Құрылыс салынған территорияларда жердің бетін нивелирлеу магистральды сызықтармен және оның көлденеңдіктерімен жүргізіледі. Ол үшін магистральды сызықтарға перпендикуляр орналасқан көлденеңдіктер бөлініп, тең бөлікпен нүктелер белгіленеді.

 

 

Оларды түсіру біріктірілген теодолиттік және нивелирлік жүрістер арқылы орындалады. Жер бетінің рельефіне және планның масштабына байланысты көлденеңдіктің аралығы 10 м-ден 50м-ге дейін алынады. Өзара биіктіктерді үйлестіру және биіктіктерді есептеу геометриялық нивелирлеу нәтижесін өңдегендей жүргізіледі.

Квадраттардың биіктіктері анықталғаннан кейін жер бетінің топографиялық планы жасалынады. Ол үшін квадраттың әр төбесіне метрдің жүзден бір бөлігімен (0,01м) биіктік мәндері жазылып, абрис бойынша планға ситуация түсіріледі және горизонталь жүргізіледі. Магистральды нивелирлеумен топографиялық планды жасау жоғарғы айтылған әдістермен жүргізіледі.

Жер бетінің табиғи жағдайы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін барлық кездерде қолайлы бола бермейді, яғни жер бетін салынатын құрылыстық түріне, пайдалануына байланысты өзгертуіне тура келеді. Осындай мақсатпен жүргізілген жұмысты жер бетін тегістеу деп атаймыз. Көп жағдайда жер бетін тегістеу жобасы құрылыстың бас жобасының құрамдас бөлігі болып келеді. Жер бетін түсіру жобасын жасаудың негізі болып 1:500-1:5000 масштабтағы топографиялық пландар саналады.

Сызықтық құрылыстардың ізденіс жұмыстарының өз ерекшеліктері бар, оларды орындаудың мақсаты жобалау кезінде құрылыстың трассасының қолайлы жағдайын анықтау болып табылады.

Трасса дегеніміз- жобалайтын сызықтық құрылыстың осі, ол картаға, планға, фотопланға координаталарымен түсірледі және жердің бетінде бекітіледі. Трасса күрделі кеңсітік сызығы болып табылады, планда түзулер әртүрлі қисықтармен жанасады. Трасса жазықтық, алқаптық, суайырықтық, беткейлік, және көлденең-суайрықтық болып бөлінеді.

Трассаның жағдайын анықтау сызықтық құрылыстың өндірістік мүмкіншілігін және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін техникалық талапты қанағаттандыру арқылы болады.

Трассаны жерге бекіткеннен кейін құрылыс мекемесіне акт бойынша тапсырады. Сөйтіп, ізденістің барлық кезеңдерінде негізгі инженерлік-геодезиялық жұмыстың кешені трассалау болып табылады. Трассалаудың екі түрі бар: камеральдық және далалық трассалу.

Камеральдық трассалу топографиялық карталарда орындалады, олардың масштабы жобалау сатысына байланысты.

Далалық трассалауда трассаның соңғы таңдалған вариантын жерге шығарады. Далалық трассалуда келесі жұмыстар жүргізіледі:

1) трассаның басты нүктелерін жердің бетінде анықтау және бекіту

2) трассаның бойымен пикетерді белгілеу және ситуацияны түсіру

3) трассаның бұрылыс бұрыштарын өлшеу

4) айналманың басты нүктелерінің пикеттік орнын анықтау

5) түзу мен қисықтар ведомосін есептеу.

Трассаны жерде бекіткеннен кейін, оны пикеттерге бөледі. Пикет (ПК) деп горизонталь ұзындығы 100м жер бетіндегі қашықтықты айтады. Әр пикеттің басы мен соңын тегістелініп кесілген ағаш қазықшаларымен жердің бетімен бірдейлетіп бекітеді. Қазықшалардан 20-25 см алшақ, алыстан көрінетін ұзын қарауыл тақтайшалар орнатылады, бұл тақтайшаларға пикеттің реттік нөмерлері жазылады. Мысалы, ПК42 (немесе ПК4/2)деген пикеттің нөмірі 42, трассаның басынан 4200м жүргізілген. Сонымен қатар, әр пикеттің ішінде қазықшамен бекітіп, қарауыл тақтайшамен белгіленген плюстік нүктелер орнатылады. Қарауыл тақтайшаларда артқы пикеттің нөмірі және нүктеге дейінгі қашықтық жазылады.

Мысалы, ПК18+52, яғни айтқанда плюстік нүкте ПК18 бен ПК19 –дың арасында, ПК18-ден 52 м қашықтықта орналасқан.

Жолдың ыңғайлы трассасы –тура сызық болып табылады. Бірақта жердің әртүрлі жағдайына байланысты, аралық пункттермен өту кезінде және шеткі пункттердің аралығы тым қашық болғанда, екі тура бағыттағы трасса сызықтары сүйір бұрышпен қосылады. Осы екі түзудің қосылысқан жерінде, жол қозғалысы бірқалыпты және қауіпсіз болуы үшін тура сызықтар қисықпен жанастырылады. Жол практикасында қисықтың екі түрі қолданылады: Шеңберлі және өткінші қисықтар.

Соның ішінде жиі қолданылатын және қарапайым түріне жататын шеңберлі қисықтар.

Жолда шеңберлі қисықты салу үшін, оның элементтерін және басты нүктелерін білу қажет. Қисықтарды пикетке бөлу үшін, алдымен басты нүктелерінің пикеттік орнын анықтау керек. Басты нүктелерінің пикеттік орнын бұрылыс бұрыш төбелерінен (ББТ) қисықтың элементтерін пайдаланып табады.

Қисықтың негізгі нүктелерінде ағаштан жасалған бағандармен бекітеді, ал бағандарға бөлшек түрінде- алымына нүктенің атын, ал бөліміне пикеттік орнын жазады. Егер ББТ болса, онда қосымша бұрылыс бұрышының мәні жазылады.

Түзу және қисықтар ведомосі арнаулы таблицамен безендіріледі. Онда трассаны жерге салғандағы жасалатын өлшеу нәтижелері кіргізіледі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Нөлдік жұмыс нүктесін қалай анықтайды?

Жер бетіндегі бөлу жұмысының қандай кезеңдері бар?

Жоба биіктігін жерге шығарғанда қолданылатын аспап?

Трассаның элементтері?

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т.П., Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия - Алматы, 2003 ж.

2. Михелев Д.Ш., Инженерная геодезия, учебник, М.:2008

 







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 4181. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия