Студопедия Главная Случайная страница Задать вопрос

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зертханалық жұмыс №7





Ареометрлік әдіспен тығыздықты анықтау (нефтеденсиметрмен)

Жұмыстың мақсаты: ашық және қаралау түсті мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау.

Құрал –жабдықтар: ареометр, шыны цилиндр не металдық диаметрі > 5см,керосин.

Жұмыс барысы:

Ареометрмен мұнайдың тығыздығын анықтайды,ашық және қара мұнай өнімдері мен майлар, 50°С тұтқырлығы 200 мм2/с аспайтын, сонымен бірге араластыру кезінде тұнба бөлмейтін тұтқырлы мұнай өнімдерін анықтайды.

Ұшқыш мұнай өнімдерінің (мысалы, петролейнді эфир, газды конденсат ) тығыздықтарын ареометрмен анықтау ұсынылмайды.

Ареометрлерді сарапталатын мұнайға (мұнай өнімдеріне) енгізгенде олар батпай әрі тығыздықтардың градуирленген деңгейінен жоғары балқымайтындай етіп таңдайды.

Тығыздықты ареометрмен анықтау Архимед заңына негізделген.

Мұнай (мұнай өнімінің) сарапталатын сынамасының тығыздығын анықтамас бұрын оны қоршаған орта температурасымен бірдей етіп алады, өйткені сынама бұл температураны қабылдау тиіс.

Мұнай (мұнай өнімінің) тығыздығын 50°С тұтқырлығы 200 мм2/с аспайтындай етіп ареометрмен келесі түрде анықтайды.

Таза құрғақ шыны (немесе металдық) цилиндр диаметрі см кем болмайтын, берік орналастырғышқа орныққан,байыппен қабырғамен немесе шыны таяқшамен мұнай (мұнай өнімін) ареометрді енгізгенде сарапталатын сынама цилиндр шетінен тасып кетпейтіндей етіп құяды.

Содан таза әрі құрғақ ареометрді асықпай және байыппен мұнайға (мұнай өніміне) жоғары ұшы арқылы ұстап салады.

Ареометр орнығып, шайқалуы тоқтаған соң, менискінің жоғарғы жағы бойынша тығыздық мәнін есептеу жүргізе бастайды. Осы мезетте бақылаушының көзі менискінің деңгейінде болу керек.

Сонымен қатар ареометр термометрі немесе басқа термометр бойынша (ареометрлер термометрмен және темометрсіз болуы мүмкін) мұнай (мұнай өнімінің) температурасын анықтауға болады.

Ареометр деңгейі бойынша есептеу мұнай (мұнай өнімін) сараптамадағы температура тығыздығын береді.

Табылған тығыздық үшін p тығыздық қалыпты температурада келесі формула бойынша есептейді:

 

Ρ 4= ρ420 – γ (t -20) ,

 

Ареометр түрлеріне байланысты параллель анықталған тығыздықтардың мәні 0,001-0,002-ден аспау керек.

Ареометрлік әдіспен анықталған 50˚C температурадағы мұнай өнімдерінің тұтқырлығы 200мм 2 ⁄с аспау керек, оларды алдын ала керосинде еріту керек.

Тұтқырлы мұнай (мұнай өнімдері) белгілі тығыздықта керосин көлемімен бірдей араластырады.Керосиннің тығыздығы анықталынған болу қажет,анықталынбаса ареометрлік әдіспен анықтауға болады.

Талданған мұнай өнімінің тығыздығы анықталынатын формула:

 

ρ= 2ρ1 - ρ2,

 

Мұндағы, ρ1 –қоспа тығыздығы, кг ⁄м . 3

ρ2 –керосин тығыздығы, кг ⁄м . 3 бұл мәндер 0,004-0,008-ден аспау керек.

Ареометр түрлеріне байланысты параллель анықталған мұнай және мұнайөнімдерінің тығыздықтары арасындағы айырмашылық 0,004-0,008 аспау керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Салыстырмалы тығыздық және оның өлшем бірлігі.

2. Мұнай не мұнай өнімдерінің тығыздығының температураға байланыстылығы.

3. Мұнайдың химмотологиялық және геологиялық көрсеткіштері мен құрылыстық –топтық құрамы арқылы тығыздылығының анықталуы.

4. Тығыздықты анықтау әдістері.

5. Пикнометрлік әдіспен тығыздықты анықтау.

6. Ареометрлік әдіспен тығыздықты анықтау.

2.2 Тұтқырлық

Тұтқырлық, тығыздық сияқты физикалық – химиялық параметрлердің бірі,мұнай қорын санауда,мұнай орналасуының жобалау әдістемелерінде, тасымалдау түрін таңдауда және мұнай өңдеу сұлбаларында, химмотологияда қолданылады.Динамикалық, кинематикалық, шартты( шекті)тығыздықтарды ажыратады.Динамикалық тұтқырлық η - бұл қозғалыстағы жанама қысымның берілген температурадағы жылдамдық градиентіне қатынасы.Динамикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі –Паскаль секунд (Па∙с), практикада көбіне мПа с қолданылады.Динамикалық тұтқырлыққа кері шама,аққыштық деп аталады.

Динамикалық тұтқырлықты анықтау негізінде капиллярлы түтікше арқылы ағатын сұйықтықтың уақытын өлшеуде Пуазейл формуласы жатыр:

 

η = πρr4τ⁄8VL

 

Мұндағы, ρ – капиллярдан ағатын сұйықтың қысымы;

r – капилляр радиусы;

τ –cұйық ағатын уақыт;

V - капиллярдан ағатын сұйықтың көлемі;

L - капилляр ұзындығы;

Кинематикалық және шартты тұтқырлықты анықтау қажеттілігінің тууы, динамикалық тұтқырлықты анықтауда тұрақты сұйыққа қысым (тұрақты қосымша кернеу) көзі қажет.Бұл алдынала қосымша техникалық қиындықтарды, сараптама мен орындалу қиындығын болдырмайды.

Кинематикалық тұтқырлық – белгілі бір температурадағы динамикалық тұтқырлықтың тығыздыққа қатынасы:

 

ν = η ⁄ ρ

 

Өлшем бірлігі м2 ∕с. Көбіне мм 2 ∕с алынады. Бұл әдісте шыны капиллярлы вискозиметр қолданылады.

Шартты тұтқырлық – 20˚C шартты температурада 200 мл мұнай өнімінің ағуға кеткен уақыттың 20˚C температурадағы дистилденген судың осындай көлеміне қатынасы.

Вискозиметрдің сулы саны деп 20˚C температурадағы көлемі 200 мл суды айтады.Ол әрбір прибор үшін анықталады және оған тұрақты болады.Әдетте сулы сан 49-51c –қа тең болады.

Бұл әдіс мұнай өнімдерінің тұтқырлығын анықтауға арналған.Ал МЕСТ 33-82 секілді өнімдердің кинематикалық тұтқырлығын анықтауға болмайды.Шартты тұтқырлық мұнай отындарына ( мазут) арналған.

Кинематикалық тұтқырлық ( МЕСТ 33-82) дизелді отын мен шайырлы май сияқты мұнай өнімдерін анықтауға арналған.

Динамикалық тұтқырлық сұйық мұнай өнімдерін анықтауға арналған,бұл тұтқырлық 1-ден 6∙10-3 Па∙с аралығында болады және оған автоматтық капеллярлы вискозиметр қолданылады (МЕСТ7163-84). Табиғи битум, қатты мұнай және мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығын ротациялық вискозиметрмен анықталады.

Мұнай динамикалық тұтқырлығы бойынша 3 классқа бөлінеді: аз (5мПа∙с-тан аз), көтерілген (5-30мПа∙с), жоғары (30мПа∙с-тан жоғары).

Мотор отыны мен отынды газ құбыры мен котелді қондырғыларда айдау тқтқырлығына байланысты болады.Мысалы, тұтқырлығы 0,65 мм 2 ∕с бензиннен двигатель минуты100 г,ал тұтқырлығы 1,0 мм 2 ∕с бензиннен 95г құрайды. Техникалық талаптарда тауарлық отын мен майларда тұтқырлық шектеулі болады.Жүргек дизелді отындарда кинетикалық тұтқырлық 20˚C температурада 1,5- 6,0 мм 2 ∕с болу керек.Температураны төмендеткенде мұнайдың , табиғи битумның,мұнай өнімінің қалдықтарының тұтқырлығы аномалды қасиет көрсетеді. Себебі,мұнай құрамында асфальт – шайырлы заттар және парафиндер кездеседі. Бұл компоненттер белгілі бір температурада дисперсті жүйелер құрады. Бұл ньютондық емес сұйықтың молекулалық құрылысын бұзу жинақтылық шарты деп аталады.

Кинематикалық тұтқырлықты мұнай фракциясы үшін орташа қайнау температурада Вальтер бойынша есептеуге болады:

 

Lg ( ν + 0,8) = 2,96( 3,696 - lgT)( l + t қайн ⁄ 100) – 4,763

 

Мұндағы, ν - кинематикалық тұтқырлық , мм 2 ∕с;

t қайн - фракцияның орташа қайнау температурасы, ˚C;

T- температура, К.

Кинематикалық тұтқырлық 20-50˚C –тағы фракция үшін тығыздық ρ420 = 0,77- 0,90 , күкіртті және жоғарғы күкіртті мұнай үшін есептелінетін формула:

 

Ln(ν 20 + 0,5) = 14,83 ρ420 – 12,035;

 

Ln(ν 20 + 0,35) = 17,25 ρ420 – 14,535.

 

Шартты тұтқырлық 80-100˚C температурадағы тығыздығы ρ420 = 0,94- 0,99 ,тура жанғыш қалдықтарға есептелінетін формула:

 

Ln ШТ80 = 37,82 ρ420 – 34,06 ,

 

Ln ШТ100 = 33,68 ρ420 – 30,81

 

Мұнай өнімінің градусы шартты тұтқырлықты кинематикалық тұтқырлықпенде анықтауға болады:

 

ν =1-120 мм 2 ∕с ν t = 7,31 ШТt – 6,31 ∕ШТt;

ν >120 мм 2 ∕с ν t = 7,4 ШТt не ШТt = 0,135 ν

 

Майдың тұтқырлы – температуралық мәнін есептегенде тұтқырлықтың температуралық коэффициенті мен тұтқырлық индексі алынады.






Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1067. Нарушение авторских прав

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия