Студопедия Главная Случайная страница Задать вопрос

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жұмыс барысы. Стаканға зерттелетін затты 0,0004г дәлдікпен келесі мөлшерде алады(йод санына байланысты) 2-4 г йод санының мәнімен 5 г




Стаканға зерттелетін затты 0,0004г дәлдікпен келесі мөлшерде алады(йод санына байланысты) 2-4 г йод санының мәнімен 5 г йодқа 100г мұнай өнімі және 0,2 – 0,4 йод саның мәнімен 5 г йодтан кем емс алады.

Ампуланың көмегімен өлшемді алу үшін оны өлшеп спиртшамда немесе горелкада қыздырады.

Капилярдың ұшымен қызыған ампуланы өлшеу үшін стакандағы мұнай өніміне салады, керек болған жағдайда ампуланың шаригін мұзбен немесе қармен салқындатады.

Толғаннан кейін капилярдың ұшынан жайлап құйып өлшейді. Т-1 және ТС-1 отынының өлшемін капельница көмегімен алуға болады.

Бұл жағдайда зерттелетін мұнай өнімін капельницаға құйып өлшейді.

Конус тәрізді колбаға 15 мл этил спиртін құяды.

Тығыны бар конус тәрізді колбаға 15 мл этил спиртін құйып, оған қақпағын сәл ашып сыналатын мұнай өнімі бар стаканды батырады.

Содан соң колбаға бюреткамен 25 мл йодтың спирттегі ерітіндісін құйып, колбаны алдын-ала йодты калий ерітіндісімен дымқылдатылған тығынмен жауып, мұқият шайқайды.

Колбаға 150 мл дистилденген су құйылып, оны тығынмен жауып 5 минут шайқайды да 5 минутқа тыныштықта қалдырады.

Содан кейін 25 мл йодты калий қосып, колбаның тығыны мен қабырғаларын аз мөлшерде дистилденген сумен шаяды.

Колбаның құрамын 0,1 н натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрлейді.

Колбадағы сұйықтық ашық сары түс қабылдағанда колбаға 1-2 мл крахмал ерітіндісін қосып көкшіл-күлгін түс жойылғанша титрлейді.

Т-1 отынының анализі кезінде титрлеудің алдында сыналатын ерітіндісі бар колбаға 25 мл йодты калий құйылады.

 

 

1-конустық колбалар; 2-титрлеуге арналған бюретка; 3-штатив.

 

Сурет 5 – Тәжірибені жүргізуге арналған құралдар

 

Йодтық санды анықтауға арналған бақылау тәжірибесін жоғарыда сипатталғандай жүргізеді, бірақ бұл жағдайда мұнай өнімі қолданылмайды.

 

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 239. Нарушение авторских прав

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия