Студопедия Главная Случайная страница Задать вопрос

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Энергияның электр механикалық және электрлік түрленуі





Электр энергиясының халық шаруашылығында және тұрмыста маңызы зор, қазіргі заманғы қоғамды электр энергиясыз елестету қиын. Өндірістің, көліктің, халықтың халық шаруашылығында және тұрмыстағы электрленуі - өндірістік үрдістердің және жекелеген операциялардың өндірісін жеңілдететін түрлі электр техникалық қондырғылардың қолдалыну қажеттілігінен туындайды.

Электрлі энергия әлдеқайда арзан және экологиялық таза энергияның түріне жатады. Ол тасымалдауда ыңғайлы және қажетті жағдайды жасағанда салыстырмалы қауіпсіз. Табиғи фактордың (су, ауа, күн сәулесі т.б) көмегі болсын, жасанды алу түрі (бу, химиялық реакция т.б) болсын оны алу түрі шектелмеген.

Электр энергиясын алудың және қолданудың негізгі түрлерінің бірі -механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше электрлі энергияны механикалық энергияға, сонымен бірге электр энергиясының бір түрін екінші түріне түрлендіретін электрлік машиналар жатады.

Осы байланыста энергия түрлендіргіштері болатын барлық электрлік машиналар үш негізгі түге бөлінеді:

- генераторлар, олар механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін машиналар. Олар бу, су, газ, іштен жану қозғалтқыштары және басқа қозғалтқыштар көмегімен іске асырылады;

- көп жағдайда электр станцияларында өндірілген электр энергияны жеке машина мен механизмдерді қозғалысқа келтіру үшін қайта механикалық энергияға айналдырады. Осы мақсатта электрлі қозғалтқыштар деп аталатын электрлік машиналары қолданылады;

- қазіргі заманғы электр станцияларында айнымалы ток өндіріледі және электр беріліс сымдары арқылы тұтынушыларға тасымалдау үшін кернеуді өзгерту қажет. Бұл электр энрегиясын тасымалдағандағы желідегі кернеудің шығындалуымен (жоғалуымен) байланысты. Мұндай өзгеріс трансформатор деп аталатын түрлендіргіштер көмегімен іске асады. Трансформаторлар – айналатын бөліктері жоқ статикалық электр магниттік машина. Бірақ олардың әсер ету принципі айналмалы машиналарға көп ұқсас, сондықтан оларды кең мағынада электрлік машиналарға жатқызады.

Сонымен бірге электрлік машиналарының басқа да түрлері бар. Электрлік машиналар, басқаша айтқанда электр энергиясының түрлендіргіштері, тұтынатын ток түріне байланысты тұрақты ток және айнымалы ток машиналары болып бөлінеді. Арнайы электрлік машиналары жеке түрде болады.

Қазіргі заманғы электр машиналарындағы энергияның түрленуі магнит өрісі нәтижесінде болады. Осындай машиналар индуктивті деп аталады. Энергиясы электр өрісінің (сыйымдылықты машиналар) есебінен түрленетін электрлік машиналары да пайда болуы мүмкін. Бірақ ондай машиналар кең тарамаған, өйткені ауа саңылауындағы магнит өрісінің таралуы, электрлік машинасынан мың есе көп.

Мүмкіндігінше күшті магнитті өрістерді алу үшін әрбір электрлік машинасының ажырамас бөлігі болып саналатын ферромагнитті өзекшелер қолданылады. Найзағай тогының әсерін азайту үшін өзекшелерді беттік электр тогы өтетін өткізгіш материалдан жасайды.

Электр машиналары қайтымдылық қасиетіне ие, әрбір электр генераторы қозғалтқыш режимінде және керісінше де жұмыс істей алады. Ал әрбір трансформаторда және элетрлік машинаның түрлендіргіштерінде түрлену бағыты кері өзгеріс алады.

Электрлік машиналарындағы электр энергиясының түрленуі жекелеген факторлар тудыратын жоғалымдармен байланысты:

- ферромагниттік өзекшелердің магниттелмеуі;

- токтың өткізгіштен өтуі;

- подшипниктегі үйкелу және ауа т.б.

Сондықтан машинаның тұтыну қуаты әр кезде беретін немесе пайдалы қуатынан артық, яғни электрлік машинаның ПЭК-і әр кезде 100 % аз. Осыған қарамастан басқа машина түрлерімен салыстырғанда электрлік машиналар жоғары ПЭК-і (қазіргі заманғы үлкен қуат ПЭК 98-99,5 пайызын құрайды) бар дамыған түрлендіргіштерге жатады.

Электрлік машиналарының жоғары электрлік көрсеткіштері, энергияның кіріс және шығыс қондырғылары, ең жоғары қуатта іс атқаруы, айналу жылдамдығы, қызметінің қарапайымдылығы әрі басқару қарапайымдылығы олардың жетістіктеріне жатады.






Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 553. Нарушение авторских прав

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.019 сек.) русская версия | украинская версия