Студопедия Главная Случайная страница Задать вопрос

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Эпидемиологиясы. Босанудан кейінгі тиреоидит босанудан кейінгі кезеңде әйелдердің 5–9%-да дамиды және бұл кезде ол қатаң түрде





Босанудан кейінгі тиреоидит босанудан кейінгі кезеңде әйелдердің 5–9%-да дамиды және бұл кезде ол қатаң түрде ТПО-АД тасымалдаушылығымен ассоцирленген. Босанудан кейінгі тиреоидит ТПО-АД тасымалдаушыларының 50%-да көрініс береді және жоғарыда көрсетілгендей жалпы әйелдер ішінде ТПО-АД тасымалдаушыларының таралу жиілігі 10%-ды құрайды. Босанудан кейінгі тиреодит қант диабетінің 1 түрімен сырқаттанған науқастардың 25% көрініс береді.

 

3.17 кесте.Босанудан кейінгі, ауырсынусыз және цитокин-индуцирлеген тиреоидит

 

Этиологиясы Созылмалы АИТ-ке ұқсас. Босанудан кейінгі тиреоидитте— гестациялы супрессиядан кейінгі иммунды жүйенің реактивациясы; цитокин-индуцирлеген тиреоидитте - интерферон препараттарымен терапия
Патогенезі Антидене тәуелді тироциттерге қарсы комплемент шабуы нәтижесінде деструктивті тиреотоксикозбен сипатталатын олардың бұзылуы дамиды да, бұдан кейін транзиторды гипотиреоидты фаза көрініс береді.
Эпидемиологиясы Босанудан кейінгі тиреоидит барлық әйелдердің 5%-да және ТПО-АД тасымалдаушыларының 50%-да көрініс береді. Цитокин-индуцирлеген тиреоидит интерферонмен терапия қабылдайтын ТПО-АД тасымалдаушыларының 20%-да анықталады
Басты клиникалық көріністері Тиреотоксикоз бен гипотиреоз кезінде бейспецификалық щағымдар дамиды, сирек- ҚБ қызметі бұзылыстарының айқын ашылған клиникалық көрінісі. Босанудан кейінгі тиреоидитте- босанудан 14 аптадан кейін деструктивті тиреоидит дамиды; транзиторлы гипотиреоз- босанудан 19 аптадан кейін анықталады
Диагностикасы Жақын аралықтаңы босану (түсіктер), интерферон препараттарымен терапия. ҚБ қызметінің бұзылуы. Тиреотоксикалық фазада ҚБ сцинтиграфиясы мәліметтері бойынша 99mTc қармауы төмендейді
Салыстырмалы диагностикасы Тиреотоксикалық кезеңде — Грейвс ауруы; ал гипотиреоидты кезеңде — созылмалы АИТ соңында дамитын тұрақты гипотиреоз
Емі Тиреотоксикалық кезеңде- β-дреноблокаторлар, ал гипотиреоидты кезеңде — L-T4-пен орынбасушы терапия, бір жылдан кейін қабылдауды тоқтатады
Болжамы Қайта босанудан кейінгі тиреоидиттің даму қаупі — 70 %; босанудан кейінгі тиреоидитпен сырқаттанған науқастардың 30%-да тұрақты гипотиреозға айналатын созылмалы АИТ көрініс береді

 

Ауырсынусыз («үнсіз») тиреоидиттің таралуы жөнінде мәліметтер белгісіз. Босанудан кейінгі тиреоидит секілді ол ТПО-АД тасымалдаушылығымен ассоцирленген, ағымы қатерсіз болғандықтан жиі анықталмайды. Цитокин-индуцирлеген тиреоидит жоғарыда айтылғандай жиі әйел адамдарда дамиды (4 есе жоғары) және ТПО-АД тасымалдаушылығымен ассоцирленеді. Интерферон препараттарын қабылдайтын ТПО-АД тасымалдаушыларында оның даму қаупі 20%-ды құрайды. Қабылдай бастаған уақыт, ұзақтығы мен интерферонмен емдеу схемасының арасындағы тәуелділік анықталмаған. Соған қарағанда цитокин индуцирлеген тиреоидиттің ағымына интерферонмен терапияны тоқтату еш әсер етпейді.

 

Клиникалық көріністері

Деструктивті АИТ-тің барлық үш түрінде ҚБ қызметі бұзылысының симптоматикасы әлсіз немесе мүлдем болмайды. ҚБ-і бұған дейін дамыған жемсау көрінісінде болмаса ұлғаймайды, пальпациялағанда ауырмайды. Эндокринді офтальмопатия ешқашан дамымайды. Босанудан кейінгі тиреоидит босанудан 14 аптадан кейін жеңіл тиреотоксикозбен манифестацияланады. Басым жағдайда жалпы әлсіздік, шаршағыштық, дене салмағының төмендеуі секілді бейспецификалық белгілерді бұған дейінгі босанумен байланыстырады. Жеке жағдайларда ғана тиреотоксикоз айқын дамып, Грейвс ауруымен салыстырмалы диагностикалауды талап етеді. Гипотиреоидты фаза шамамен босанудан 19 аптадан кейін дамиды, бірақ ауыр гипотиреоз көрініс бермейді. Бірқатар жағдайларда босанудан кейінгі тиреоидиттің гипотиреоидты фазасы босанудан кейінгі депрессиямен ассоцирленеді.

Ауырсынусыз (үнсіз) тиреоидит жеңіл, жиі субклиникалық тиреотоксикоз кезінде кездейсоқ диагностикаланады. Ауырсынусыз тиреоидиттің гипотиреоидты кезеңінің диагнозы, яғни ҚБ қызметінің қалыптасуымен сипатталатын субклиникалық гипотиреозбен сырқаттанған науқастарды динамикалық бақылау барысында ретроспективті қойылады.

Цитокин-индуцирлеген тиреоидит әдетте ауыр тиреотоксикоз немесе гипотиреозбен ұштасады, жиі жоспарлы гормональды зерттеу нәтижесінде диагностикаланады, себебі бұл зерттеу интерферон препаратын қабылдайтын науқастарды зерттеу алгоритімі ішіне кіреді.

 






Дата добавления: 2014-11-12; просмотров: 145. Нарушение авторских прав

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия