Студопедия — Жұмыстың қысқаша мазмұны
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жұмыстың қысқаша мазмұны






Тірі ағзалардың барлық белгілері олардың тіршілік ету жағдайларына бейімделген. Ағзалардың ішкі және сыртқы құрылысы, жануардың мінез – құлығы және т.б. бейімделушілігімен ерекшеленеді. Дарвиннің теориясы бейімделушіліктің пайда болуын тұқым қуалау өзгергіштікпен және табиғи сұрыпталумен түсіндіреді. Бейімделушіліктің жарқыраған мысалдары – бүркеніш рең және мимикрия. Мимикрия – бұл қауіпті түрлерге еліктеу көптеген жануарларда байқалады. Мысалы: кейбір залалсыз, усыз жыланның улы жыландарға ұқсауы оларға жыртқыштардың шабуылынан құтылуына көмектеседі.

Бірақ бейімделушіліктің салыстырмалы екенін барлық жерде есепке алу керек. Яғни қандай да болса бейімделу тек қана өзі қалыптасқан жағдайында ғана тірі қалуға көмектеседі.

 

Жұмыстың барысы:

1.Атлас, суреттер, кітаптар коллекцияларды анықтап қарай отырып, әртүрлі систематикалық топтардың қорғану бейімделгіштігін анықтаңыз және оның себептерін, шығу тегі табыңыз.

2. Сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының құрылысының өзгеруін анықтап, қандай бейімделушілік нәтижесінде пайда болғанын табыңыз. Себебін анықтаңыз.

3. Әртүрлі систематикалық топтардағы бүркеніш реңдердің пайда болғанын анықтаңыз.

4.Жануарлардың экспонаттарын қарай отырып, ауыз аппараттарындағы тістерінің құрылысының өзгеруін, олардың қоректенуіне байланысты екендігін анықтаңыз, нәтижесін кестеге толтырыңыз.

 

Жануарлардың аты Тіршілік ету ортасы Бейімделгіштігі. Бейімделу себебі Биологиялық маңызы
       

 

Сұрақтарға жауап беріңдер

1.Бейімделу нәтижесі нені береді?

 

2.Бейімделуге байланысты жануарларды қандай топтарға бөлеміз?

3.Күрделі бейімделгіштікке мысал келтіріңіз?

 

Қорытынды: бейімделгіштік түрдің әртүрлі сыртқы жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік береді.

 

Зертханалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Насекомдардың бейімделгіштігін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Насекомдардың әртүрлі сыртқы орта жағдайына бейімделуіне көз жеткізу.

Қажетті құрал-жабдықтар:Коллекция: « Насекомдардың аяқтарының бейімделе отырып өзгеруі », « Қорғаныш реңдер »,кітаптар, дайын препараттар, лупа, пинцет, инелер, сызғыш, ақ қағаз.

 

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Түрлердің бейімделушілік белгілерімен иемденуі қорғаныш реңнің және дене пішінінің пайда болуына ұшыратады. Мысалы: қара күйе және ыспен ластанған тал ағаштарының қабығындағы бунақденелілердің қара түсті даралары ақ түсті дараларды ығыстырып шығарады. Ақ түсті бунақденелілер қара фонда көзге өте жақсы түседі де көбінесе құстар олармен қоректенеді. Ал ауылдық аудандарда керісінше, қара бунақденелілер ашық, ластанбаған діңдерде көзге жақсы түседі де тек қана солар құстармен құртылады.

Кейбір залалсыз жануарлар қауіпті, улы түрлерге ұқсас белгілерді шынықтырған. Бұл оларды жыртқыштардың шабуылынан қорғайды.

 

Жұмыстың барысы:

Насекомдардың бейімделгіштігін анықтау үшін олардың коллекцияларын пайдаланып мыналарды зерттейміз:

1.Бейімделгіштікті тауып, оның себебін түсіндір.

2.Күрделі бейімделгіштікті анықтаңыз, себебін түсіндір.

3.Бүркеніш реңдерді анықтаңыз, себебін түсіндір.

4.Тозаңдандырушы насекомдар мен насеком – санитарлардың бейімделгіштік белгілерін анықтаңыз.

5.Анықтағыш атласын пайдаланып насекомдардың дене пішінін, түстерін анықтаңыз.

6.Насекомдардың ауыз аппараттарының дамуын, ерекшелігін көрсетіңіз. Нәтижелерін кестеге толтырыңыз.

 

Насекомдар атауы   Тіршілік ету ортасы Бейімделуі Биологиялық маңызы Бейімделу себебі
         

 

Сұрақтарға жауап беріңдер

1.Насекомдар бейімделе отырып, қандай қасиеттерге ие болды?

2.Насекомдар қандай кезеңде едәуір өршіп дамудан өтті?

Қорытынды: барлық бейімделу процестері тіршілік үшін күрес, яғни табиғи сұрыпталу процесі.

Зертханалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Жануарларда идиоадаптацияны және ароморфозды анықтау.

Жұмыстың мақсаты:

1.Күрделі систематикалық топтардың ароморфоз жолымен түзілуін анықтау.

2.Жануарларда идиоадаптация белгілерін көрсету.

3.Ароморфоз бен идиоадаптацияның биологиялық маңызын ашып көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтар:Атластар,кітаптар, жануарлардың кластары, типтері көрсетілген суреттер (кит тәрізділер, ескекаяқтылар, кеміргіштер, қосмекенділер, жорғалаушылар).

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1414. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия