Студопедия — Тақырып:Еңбекті қорғау саласындағы қызметкердің құқықтарына кепілдіктер.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып:Еңбекті қорғау саласындағы қызметкердің құқықтарына кепілдіктер.






Жоспар:

1.Еңбек шартымен қызметкерлерге еңбекті қорғауға берілетін кепілдіктер.

2.Еңбек қызметі процессінде қызметкерлерің еңбегінің қоғалуына берілетін кепілдіктер.

3.Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру.

4.Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімін тексеру.

Лекция мақсаты:Студенттерге еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктерін түсіндіру, жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерiн оқытып, үйрету болып табылады.

Лекция мәтіні. Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс. Азаматтарды олардың денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторларды қоса алғанда, жеке еңбек шартында жұмыс орнының шынайы сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайларда жұмыс iстегенi үшiн берiлетін жеңiлдiктер мен өтемақылар көрсетiлуге тиiс. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезiнде жұмыс беруші қызметкердi кәсiби аурудың туындау мүмкiндігі туралы ескертуге мiндеттi.

Ұйымдардағы, әрбiр жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмысын тоқтатқан уақытқа қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталуы тиіс. Қызметкердің өзiнiң немесе айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптiк және (немесе) материалдық жауапқа тартуға әкеп соқтырмайды. Қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етілмеген жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкерден еңбек мiндеттерiн орындауды талап етуге құқығы жоқ және сол себептен бос тұрып қалған уақытқа орташа жалақысы мөлшерiнде ақы төлеуге тиiс. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда оған келтiрілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерде еңбек жарақаты, кәсiби ауру немесе зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалу белгілерi байқалған жағдайда жұмыс берушi медициналық қорытындының негiзiнде қызметкердi өзiнің келiсiмi бойынша денсаулығына терiс әсерiн тигiзбейтін басқа жұмысқа ауыстыруға тиiс.

Әйелдердiң және жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қорғау.

Ауыр қол еңбегi жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда әйелдердiң және жасы он сегiзге толмаған адамдардың, сондай-ақ бұл жұмыстар денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынады. Әйелдердiң және жасы он сегiзге толмаған адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегi жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) жұмыстардағы өндiрiстердiң, кәсiптердiң тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкілеттi орган бекiтедi. Жүктi әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес орташа айлық жалақысы сақтала отырып, қолайсыз өндiрiстiк факторлары жоқ басқа жұмысқа ауыстырылады.

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық беру және білiмдерiн тексеру мынадай нысанда жүзеге асырылады:

1. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқаулық берудi, бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.

2. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудың, нұсқаулық берудiң, бiлімдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейiннен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмдерiн мiндеттi тексеруден өткiзе отырып, жұмыс берушi ұйымдастыратын алдын ала оқытудан мiндетті түрде өтедi. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудан, нұсқаулық беруден және бiлімдерiн тексеруден алдын ала өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.

4. Өндiрiс ұйымдарының басшы қызметкерлерi мен еңбек қауіпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемiнде үш жылда бiр рет тиiстi жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде бiліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерiн тексеруден өтуге мiндеттi.

Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде жүзеге асырылады. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеру және тексерілуден өткіп тұрады.

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру басшылық тарапынан немесе комиссия құру арқылы жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытылып отырады.

Заңда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктерін айқындайтын құқықтық нормалар мынадай мәселелер бойынша топтастырылған: Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер күрделі болып келеді. Бұлардың ішінде, мысалы, еңбек шартында зиянды және қауіпті өндірістік жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс. Еңбек қызметі процесіңде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер ауқымдырақ. Бұл ретте мынаны атап айтқан жөн. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлкеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Бұлар жұмыс берушінің кінәсінен орындалмаған, бұзылған жағдайларда қызметкерлердің заңды кепілдіктері қолданылады.

Кепілдіктер тобына сонымен бірге жұмыс берушінің қызметкерлерді міңдетті медициналық тексеруден өткізу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру жөніндегі міндеттері жатады. Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласыңдағы құқықтары мен міндеттері Еңбек кодексінің 35-тарауында (314—318-баптар) қаралған.

Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде, мысалы, тиісті жабдықталған жұмыс орнына; белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық — тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге; қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа; ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына және т.б. құқығы бар. Сонымен бірге заңмен қызметкерлерге бірнеше міндетгер де жүктелген. Атап айтар болсақ, мысалы, қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніңдегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмыс беруші: қызметкерлерді өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға және белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңмен бекітілген міндеттеріне мыналарды жатқызамыз: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру — техникалық іс-шараларын жүргізуге; мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; өңдірістік объектілердегі еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша 5 жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп мерзімдік аттестаттауды өткізуге; қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және т.б. іске асыруға міндетті.

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыружөніңдегі құқықтық нормалар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласыңдағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар; жұмыс орыңдарының қауіпсіздік талаптары туралы мәселелерді реттеуге арналған. (Еңбек кодексінің 319 — 321-баптары).

Зандық жоғары деңгей дәрежесіңде құқықтық реттеумен еңбек қьізметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу туралы мәселелер қамтылған. Бұл жөніндегі нормалар Еңбек кодексінің тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу; жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіңдегі міңдеттері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу; жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп — тексерілуі мен есепке алынуын бақылау деп аталатын.

2. Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде жүзеге асырылады. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы құқықтары:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта кезделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

2)еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;

3)өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;

4)денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бастартуға;

5)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға;

6)жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауілті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға;

8)еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

9)жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.

Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері.

Қызметкер:

1) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;

2)міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;

3)жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;

4)медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;

5)еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары:

Жұмыс беруші:

1)қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға;

2)еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері.

Жұмыс беруші:

1)профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;

2)қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге;

3)еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізуге;

4)нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;

5)еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес білімін тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;

6)қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен жабдықтауды қамтамасыз етуге;

7)еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына, қызметкерлердің өкілдеріне солардың жазбаша сауалы бойынша ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпарат беруге;

8)мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;

9)өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға;

10)еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілердегі еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша бес жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп мерзімдік аттестаттауды еткізуге, сондай-ақ жаңғыртудан, жаңа техника немесе технология орнатудан кейін міндетті аттестаттауды өткізуге;

11)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етуге;

12)еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;

13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлауға;

14)қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

15)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуге;

16)авариялық жағдайдың өршуін және басқа да факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға міндетті. Қызмет ерекшеліктері мен жұмыстардың түрлері, айрықша қауіптілік кездерінің болуы ескеріле отырып, еңбек шартында не ұжымдық шартта жұмыс берушінің қосымша міндеттері көзделуі мүмкін.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.

 







Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 3862. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия