Студопедия — Ауамен, сумен, күнмен, жалаң аяқ жүрумен, моншаға түсумен шынығу түрлері .
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ауамен, сумен, күнмен, жалаң аяқ жүрумен, моншаға түсумен шынығу түрлері .






Денені шынықтыру адамның күш-жігерін, қабілетін дамытып, денсаулығын жақсартады. Денені шынықтыру енбекпен тұрмыс гигиенасы, демалыс және еңбектің дұрыс режимін, сонымен бірге денсаулықты нығайтып, шынықтыру ұшін күн мен ауаны және суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.

Шынығу - ол ауа райының күрт өзгермелі жағдайына адам ағзасының төзімділігін арттырады. Шынығу - дене тәрбиесінің құрамдас бір бөлігі болып табылыды және оқушылардың денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін жоғарлатуда аса маңызды.

Шынығудың негізгі принципі - шынығу шараларының жүйелігі, үдемелілігі және жинақылығы болып табылады. Шынығу әдістерін күн сайын, мүмкіндігіне қарай, бүкіл өмір бойы пайдалану қажет. Бұл жағдайда ағзаның белгілі бір тітіркенішке реакциясын бірте-бірте өзгертеді, өйткені бір тітіркеніштен арылсақ болды, оның қалдықтары екінші бір сондай құбылыспен ұласып кетеді. Шынығулар арасындағы үзіліс адам ағзасының жинақтаған қорғаныс қабілетін әлсіретуге, немесе жойып жіберуге әкеп соқтырады. Ол үшін тиімді факторлардың адам ағзасына әсерін бірте бірте қалыптастыру керек.

Ауамен шынығу - көбіне, шынығудың ең женіл түріне жатады. Ауа ваннасы нерв жүйесін сергітеді, жылуды реттеуші апаратты жатықтырады, денедегі зат алмасуын жақсы ұйқымен тәбетті арттырады.

Таза ауада шынығудың тағы бір түрі отпе желдің өтінде шынығу болып табылады. Адам ағзасына өтпе желге тұрақтылығы әдеттегідей жай және салқын шашпа судан (душ) кейін, сондай-ақ, төменгі температурада шынығудың басқа әдістерін пайдаланғаннан кейін арта түседі. Алайда, осыған қоса тітіркендіргіш ретінде сол өтпе желдің өзін пайдаланып, оның адам денесінің барлық жерін бір келкі қамтуын қарастыру керек. Өйткені, адам денесінің белгілі бір бөлігін ғана қамтыған жел адам ағзасы тарапынан белсенді қорғаныс реакциясын туғыза алмайды.

Ауамен шынығу барысында шынығушы өзінің көңіл күйін қадағалап отыруы тиіс. Оның ауамен шынығудың жақсы әсерін тәбеттің ашылуынан, тәтті ұйқыдан, жұмыс қабілетін артыруынан, т.б. байқауға болады. Ал ауа ваннасын қабылдау барысында дене бүршіктеніп, тоңып дірілдесе, оны қабылдауды тоқтатып, немесе қозғалыс қимылдарын жасау керек.

Денені сумен шынықтырудың жолдары көп (сүртіну, шомылу, суға түсу, қыста суға түсу, морыждану, шашпа су (душ), монша,) П.К.Ивановтың «Қарғаш» сауықтыру жүйесі. Мұздай суға түсу осы шараның қағидаларын ескертеді. Практикалық ұсынылымдар сілтемелерді бұлжытпай қатан түрде орындау керек. Егер олар дұрыс орындалса, онда ағзадағы өзгерістер қалыпты мөлшерде өтеді. Сондай-ақ, өкпенің тіршілік ету аймағы кеңейеді, шеттік қандағы эритроциттер мен лейкоциттердің санымен сапасы артады. Жүрек бұлшық етінің қабілеті жақсарады. Бір минут ішінде жүрек арқылы өтетін қан мөлшері көбейеді.

Денені шыңдауға суды пайдалану және суық сумен шынықтыру адам ағзасын салқын ауаға деген қарсылығын қалыптастырудың ең тиімді жолы болып табылады. Судың ауаға қарағанда жылу өткізгіштік қасиеті (28 есе) жоғары және жылу мөлшерін көп ұстайды, сондықтан сумен шынығу дененің сыртындағы мол жылуды тартып ала отырып, ауа ваннасына қарағанда көбірек термикалық тиімділік әкеледі. Сонымен бірге, оның үстіге құю, шашпа су (душ) қабылдау, шомылу секілді түрлері қимыл әрекет әсерін тері сыртына шығарады.

Салқын судың тітіркендіргіш әрекеттеріне адам ағзасы өзінің дене тамырларының тартылуынан сақтайтын күшті қарсылығын көрсетеді. Қанның ішкі органдарға ағылуы қан қысымының артуымен жұрек соғысының жиілігін арттырады. Оның артынан дене тамырлары кеңейіп, қан теріге қарай молынан тарай бастайды. Сондықтан суық суға шомылған адам алғашқыда оқыс суықта тынысы тарыла бастайды, одан кейін тері жылылықты сезінетін болады.

Шынығудың 30-35 градустық жылылықтан бастап, бірте-бірте 8-10 градусқа дейін төмендеткен дұрыс. Осыған байланысты шынығудың ең басты факторы сумен жаттығудың ұзақтығы емес, судың температурасы болып табылады. Сумен шынығудың 17-20 градусқа дейінгі жылылық мөлшерін бастаудың манызы зор, содан шынығудың белгілі бір дәрежесіне жеткеннен кейін су салқындығын одан төмендете түсуге болады.

Сумен шынығудың ең қолайлы мерзімі – танертенгілік жаттығулардан кейінгі мезгіл. Ал сумен шынығудың ең қарапайым да қолайлы түрі ысқылау және үстіге құю.

Ысқылау – ол сумен шынығудың адам ағзасына ең аздау әсер ететін түрі. Оны таңертенгі жаттығудан кейін жасаған дұрыс. Екі минут бойы қатты ысғылған жөкемен, дымқыл сүзгімен не жай сулы қолмен ысқылау керек, ол үшін алдымен дененің жоғарғы жағын (мойынды, кеудені, қолдарды, арқаны), одан кейін төменгі жақты (қарынды, белді, аяқ жақты) ысқылаған жөн.

Адам ағзасына салқындау және суық су қатты әсер етеді. Мұндай жағдайда температураны тітіркендіргіш әсеріне судың екпінді сарқылы қосылады да, қысқа мерзімді шашпа су (душ) керек болады. Ал, ол адам ағзасының қатты қарсылығын қажет етеді. Шынығу барысында судың температурасы 30-35 градус болып, айналысу уақыты 1 минуттан аспау тиіс. Ал одан әрі оның ұзақтылығы суды салқындатыңқырай отырып 2 минутқа дейін жеткізуге болады.

Су мен ауа - тіршілік көзі. Су мен ауа- өмірдің өзегі. Бұл екеуінсіз тіршілік болмайды. Сондықтан табиғаттың адамға берген осы сыйларын күнделікті өмірде тиімді пайдалану - адамның салауатты да саламатты өмір сүруінің басты кепілі. Су, ауа - жер бетіне тіршілік сыйлап, адамның сапалы ғұмыр кешуінің қайнар көзі. Адамға денсаулық бір-ақ рет тұрақты әрі өзгермейтін түрде беріледі. Ол өзінен-өзі жақсармайды. Оны ол үшін адам санасына жас кезінен «денсаулық және әдемілік» ұғымдарын сіңіру керек. Мұндай қажеттілік ізгілікті, адамгершілікті тәрбиелікпен білілікті көрсетеді. Табиғат берген байлығымызды орынды пайдаланып, шымыр да дені сау азамат болып өсу - баршамыздың ортақ борышымыз.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 508. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия