Студопедия — Syllabus
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Syllabus






Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

 

 

СИЛЛАБУС

 

Пән Педагогика (3 кредит)

 

Мамандық 5В010000 «Білім» тобы

Курс 2курс

 

 

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Педагогика (3 кредит)

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс тел. email
Сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша Жусупова Ж.А.  
       
 

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Дәрістік және практикалық сабақтар, сонымен қатар ағымдық және аралық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Педагогика пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен өзара байланысы оқытылады. Модуль кешенді сипатта болады: онда дәріс және практикалық сабақтар тізімі, ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары берілген.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

 

Пәнді оқытудың міндеттері:

1. Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.

2. Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

3. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.

4. Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б.) дамыту.

5. Түйінді құзыреттіктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қалыптастыру.

6.Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі оның тек экономикалық саласын ғана қамтып отырған жоқ, сонымен бірге әлеуметтік сала да өзгеріске ұшырауда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау, соның айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру жоғары педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде «Педагогика» курсының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, осы аталған оқу курсы студенттерді болашақ мұғалімдік кәсіби мамандыққа даярлау жүйесінің негізгі бір саласы болып есептеледі. Сонымен қатар ол өзінің мазмұны әрі көтеретін мәселесі тұрғысында адамтану ғылымдарының ішінде маңызды курс болып саналады.

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс: педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;

- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;

- педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;

- мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б.

Істей білу: педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік

тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;

- сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;

- оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдау;

- білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б.

Дағдысының болуы: ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті;

- педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;

- педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

- білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;

- мектепішілік менеджмент және педагогикалық диагностиканы;

- педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу;

- кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобилді (ұтқыр) болу.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: «Педагогика» оқу пәнін меңгеру үшін студенттер «Қазақстан тарихы», «Психология және адамның дамуы», «Әлеуметтану», сонымен қатар «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» негіздері бойынша білім, біліктілік, дағдыларды игеруі қажет.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Педагогика төмендегі пәндермен өзара байланысты: «Этнопедагогика», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Философия», «Оқыту әдістемесі» (мамандықтар бойынша).

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Дәріс (сағат) Практикалық сабақ (сағат) СӨЖ (сағ)
  Модуль 1 Тәрбиенің пайда болуы, Шетел педагогикасының тарихы      
  Модуль 2 Ресей, Кеңестік, Қазақ педагогикасының тарихы      
  Модуль 3 Педагогиканың жалпы мәселелері      
  Модуль 4 Тәрбиенің теориялық және әдіснамалық негіздері      
  Модуль 5 Оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздері      
  Модуль 6 Мектептану негіздері      
Барлығы:      
ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

 

Апта   сағаты
1-3 апта Модуль 1Тәрбиенің пайда болуы, Шетел педагогикасының тарихы  
  Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері  
  Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы  
  Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері  
  Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие  
  Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XVғ.ғ.)  
  Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер  
4-5 апта Модуль 2 Ресей, Кеңестік, Қазақ педагогикасының тарихы  
  Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы.  
  Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы.  
  Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы кезеңі).  
  Қазақстандағы XIX-XX ғ. білім беру мен педагогика ғылымы. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі.  
6-7 апта Модуль 3 Педагогиканың жалпы мәселелері  
  Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде  
  Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі  
  Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты  
7-11 апта Модуль 4 Тәрбиенің теориялық және әдіснамалық негіздері  
  Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПY) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары  
  Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі  
  Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі  
  Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны  
  Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі  
  Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі  
  Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы  
  Отбасы тәрбиесінің негіздері  
11-14 апта Модуль 5 Оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздері  
  Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту  
  Қазіргі мектептегі білім мазмұны  
  Оқыту формалары, әдістері мен құралдары  
  Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу  
  Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру  
  Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар  
14-15 апта Модуль 6 Мектептану негіздері  
  Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау  
  Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау  
  ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері  
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Апта Практикалық сабақтың тақырыптары сағаты
  Модуль 1Тәрбиенің пайда болуы, Шетел педагогикасының тарихы  
  Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы  
  Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар  
  Модуль 2 Ресей, Кеңестік, Қазақ педагогикасының тарихы  
  Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары  
  Қазақстандағы (ХVІІІ-ХІХ ғғ.) алғашқы ұлттық мектептер  
  Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым-педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері  
  Модуль 3 Педагогиканың жалпы мәселелері  
  Педагогикалық білім – адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі  
  Тұлғаның іс-әрекеті – оның өзін-өзі дамытуының негізі  
  Модуль 4 Тәрбиенің теориялық және әдіснамалық негіздері  
  Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі  
  Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі  
  Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту  
  Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері  
  Модуль 5 Оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздері  
  Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық  
  Тұлғаның функционалды сауаттылығы  
  Оқытудағы құзыреттілік тәсіл. Оқушылардың түйінді құзыреттілігі – оқытудың нәтижесі  
  Модуль 6 Мектептану негіздері  
  12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту  







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 397. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия