Студопедия — СӨЖ тапсырмалары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СӨЖ тапсырмалары






Бақылау жұмысы

1.Тақырыбы. «Конфуцийдің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайындау.

Тапсырма: Ежелгі Қытайда тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен үлес қосқан Конфуцийдің (біздің заманымызға дейінгі 551 - 479) ілімдерін негізге ала отырып, «Конфуцийдің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайында.

2. Тақырыбы. Спарта мен Афинадағы тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі жалпыны және ерекшелікті анықтау.

Тапсырма: Ежелгі Шығыс мемлекеттері, ежелгі Грециядағы тәрбиелеу мен оқытудың спартандық және афиналық жүйелеріне сипаттама беріп, олардың тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтап, салыстырып кесте түрінде беріңіз.

3.Тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар-конспекті құрастыру.

Тапсырма: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқу-тәрбие жұмысының теориялық және әдістемелік мәселелері, оның ішінде білім берудің мазмұнын жетілдіруге, патриоттық, еңбек және интернационалдық тәрбиеге мән берілуі, ғылыми-зерттеу жұмысы, 1943 жылы үкіметтің қаулысымен Москвада РСФСР педагогика ғылымдарының академиясының құрылуы сияқты мәселелерді қамти отырып, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар-конспекті құрастыр.

4. Тақырыбы. ҚР-дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздерінің тізімін құрастыру.

Тапсырма: ҚР-дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар тізімін құрастыра отырып, олардың кейбіреулеріне қысқаша талдау бер.

5.Тақырыбы. Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындылған кесте бойынша өз ойыңызыды дәлелдеңіз.

Тапсырма: Педагогикалық еңбектерді пайдаланып педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін бірнеше авторлардың көзқарастарын салыстырып, кесте құрып, кесте бойынша өз ойыңды дәлелде.

6. Тақырыбы. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау.

Тапсырма: Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлап, бірнеше мектеп мұғалімдеріне жүргізіп, қорытындысын шығар.

7.Тақырыбы. Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру.

Тапсырма: «Педагогикалық үдеріс» мәселесін зерттеген әртүрлі авторлар жұмыстарын оқи отырып, авторлардың берген анықтамаларын салыстырыңыздар.

8.Тақырыбы. Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдау. Социограмма негізінде сыныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін анықтау.

Тапсырма: Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдап, социограмма негізінде сыныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін анықта.

9. Тақырыбы. Сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тақырыптарының үлгісін құру (сыныпты таңдау бойынша).

Тапсырма: Сыныпты таңдап (жеткіншек, жасөспірім) адамгершілік тәрбие беруге бағытталған тақырыптардың тізбегін жасай отырып, адамгершілік тәрбие беруге бағытталған бір тәрбие сағатының жоспарын құрыңдар.

10. Тақырыбы: Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларына салыстырмалы сипаттама беру.

Тапсырма: Оқытудың дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларына салыстырмалы сипаттама беріп, қай технологияның тиімділігін анықтаңдар.

11. Тақырыбы: Ұжымдық танымдық технологиясын пайдалану арқылы сабақтың жоспарын, үлгісін құру.

Тапсырма: Ұжымдық танымдық технологиясын пайдалану арқылы өз салаң бойынша бір сабақтың жоспарын, үлгісін құрастыр.

12. Тақырыбы: Әр түрлі әдебиеттер бойынша (5 әдебиеттен кем болмау) мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігі анықтамасына талдау жасау.

Тапсырма: Мұғалім құзіреттілігінің түрлеріне тоқталып, әр түрлі әдебиеттер бойынша мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігі анықтамасына талдау жасаңыздар.

13. Тақырыбы: Қазіргі мектептерде мұғалімді аттестациялау механизмін және ерекшелігін ашып көрсету.

Тапсырма: Мұғалымдарді аттестациялау мақсатына тоқталып, қазіргі мектептерде мұғалімді аттестациялау механизмін және ерекшелігін ашып көрсетіп, конспектіле.

14.Тақырыбы: Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау.

Тапсырма: Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау туралы материалдар жинап, шағын хабарлама әзірлеңдер.

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Педагогика ғылымы алғашқыда қандай ғылым саласында дамыды:

А) Психология. В) Философия. С) Антропология. D) Этика. Е) Эстетика.

2. Мектептегі тәрбиелік қызмет жүктеледі:А) Сынып жетекшісіне.

В) Сынып старостасына. С) Мектеп директорына. D) Мектеп оқу ісі меңгерушісіне. Е) Пән мұғаліміне.

3. Арнайы педагогиканың салалары:А) Мектепке дейінгі педагогика, педалогия.

В) Этнопедагогика, этнопсихология. С) Әлеуметтік педагогика.

D) Тифлопедагогика, сурдопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.

Е) Салыстырмалы педагогика, кәсіби педагогика.

4. Білім беру мазмұнын таңдағанда материалдық және формальдық теориялардың бірлігін қамтамасыз ету идеясын ұсынған педагог:

А) А.С.Макаренко. В) Л.Н. Толстой. С) К.Д.Ушинский. D) И.Г.Песталоцци.

Е) Я.А.Коменский.

5. Педагогикалық шеберлік:А) Тұлғалық қабілеттіліктер. В) Тұлғалық және іскерлік қасиеттер мен кәсіптік біліктілік жиынтығы. С) Біліктілік.

D) Тұлғалық қасиеттер. Е) Кәсіптік білімдер мен біліктер жиынтығы.

6. Жыл бойында оқытылатын оқу пәндері құрамы көрсетілетін мемлекеттік құжат:

А) Мектептің жылдық жұмыс жоспары. В) Календарлық жоспар. С) Оқу бағдарламасы.

D) Мектеп жарғысы. Е) Оқу жоспары.

7. Ертеден келе жатқан, мәні өзгермеген, тәрбиенің идеал-мақсаты:

А) Жалпы адами құндылықтарды қалыптастыру. В) Қызығушылықтарын тәрбиелеу.

С) Тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту. D)Мырзаны тәрбиелеу. Е) Тұлғаның жас ерекшеліктерін ескере отырып дамыту, дербестігін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту.

8. Жаттығу, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыс:

А) Ауызша әдістер. В) Көрнекілік әдістер.С) Кітаппен жұмыс. D) Зерттеу әдістері.

Е) Практикалық әдістер.

9. Педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлінуі қай педагог есімімен байланысты? А) Д.Локк. В) Л.Н.Толстой. С) А.С.Макаренко.

D) И.Г.Песталоцции. Е) Я.А.Коменский.

10. Оқушылар мүмкіндіктерін ескере отырып оқытуды талап ететін дидактикалық принцип:А) Шамаға лайықтық. В) Көрнекілік.

С) Ғылымилығы. D) Белсенділік принципі. Е) Саналылық.

11. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесін анықтаңыз:

А) Әңгіме, лекция, демонстрациялау, үлгі. В) Педагогикалық эксперимент, сауалнама, әңгіме. С) Репродуктивті және проблемалық–зерттеу әдістері.

D) Мектеп құжаттарын зерттеу. Е) Педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.

12. Мектеп директорының орынбасарын тағайындайды:А) Ата-аналар комитеті.

В) Педагогикалық кеңес. С) Мектеп кеңесі. D) Оқушылар ұжымы.

Е) Мектеп директоры.

13. Ата-анадан балаға тұқымқуалушылық арқылы берілетін қасиет:

А) Ойлау қабілеті. В) Мінез-құлық белгілері. С) Әр түрлі іс-әрекетке деген қабілеті.

D) Нышан, адамның жеке қабілетін дамытудың қызметі.

Е) Адамдармен қарым-қатынасы.

14. Оқыту процесінің қозғаушы күштері:А) Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды игеру қажеттілігін оқушылардың түсінуі. В) Оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар. С)Дидактикалық зерттеулердің нәтижелері.

D) Мұғалімнің жігері. Е) Ғылым мен практиканың байланысы.

15. Сынып-сабақтық жүйе сақталып, бірақ оқушыларды қабілеттілігі мен интеллект деңгейіне қарай түрлі сыныптарға бөлетін жүйе:А) Трамп-жоспар. В) Белл-ланкастер.

С) Мангейм. D) Дальтон-жоспар. Е) Келлер-жоспар.

16. Жеке тұлғаға әсер ететін «Микро ортаға» қайсылары жатады? А) Әлем, планета.

В) Достары, ата-анасы. С) Жергілікті халықтың болмыс түрі. D) Саяси талдаулар.

Е) Жарнама.

17. Дидактика зерттейді:А) Тәрбие үрдісін. В) Педагогикалық үрдісті.

С) Тәрбиелік шаралар жүйесін. D) Оқыту заңдылықтарын. Е) Оқу орнын ұйымдастыру ерекшеліктерін.

18. V сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен тәртібінің төмендеуінің себебі:

А) Оқушылардың сабақтан жалығуы. В) Сынып жетекшілерінің бастауыш сынып оқушылар тәрбиесіне аз көңіл бөлуі. С) Жаңа талаптарға, оқу жағдайының өзгеруіне оқушының дайындығының болмауы. D) Бастауыш мектепте 5-сыныпта оқуға қажетті дағдылардың берілмеуі. Е) Отбасы жағдайының нашарлауы.

19. Оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формаларын көрсетіңіз: А) Тақырыптық кештер, конкурстар, олимпиадалар, КВН (КТК). В) Музыка мектептері. С) Үйірмелік жұмыс.

D) Балалар спорт мектептері. Е) Жас натуралистер мен техниктер станциясының жұмысы.

20. Педагогикалық үрдістің негізгі қызметтері:А) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту.

В) Педагогикалық құбылыстың заңдылықтарын ашу. С) Білім беру орындарының жұмысын реттеу. D) Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату. Е) Оқу үрдісін басқару.

21. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:А) Мемлекет идеологиясы, саясат.

В) Ата-аналар. С) Педагогтар. D) Педагогикалық үрдістің мүмкіндіктері. Е) Оқушылардың қажеттіліктері.

22. Ауызша тексеру, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстар:

А) Бақылау түрлері. В) Оқыту кезеңдері. С) Диагностика. D)Бақылау әдістері. Е) Тексеру кұралдары.

23. Қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашқан ағартушы-педагог:

А) Ы.Алтынсарин. В) Ш.Уәлиханов. С) А.Құнанбаев.

D) М. Жұмабаев. Е) А. Байтұрсынов.

24.Оқытуды ұйымдастыру формасына жатпайды:

А) Семинар. В) Факультатив. С) Бақылау. D)Экскурсия. Е) Конференция, дәріс.

25. Педагогика ғылымы салаларының бірі жеке пәндерді оқыту әдістемесі қандай мәселелерді зерттейді? А) Келешек мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеу, оларды жоғары дәрежелі мамандыққа даярлаудың тиімді жолдарын іздестіріп зерттейді. В) Саңырау, мылқау және керең балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді. С) Оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, принциптері мен мазмұнын зерттейді. D) Үйелмендегі, балалар бақшасындағы балалар тәрбиесін зерттейді. Е) Ақыл-ойының дамуында кемістігі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.

26. Дидактика категориясы:А) Тәрбие. В) Ізгілікті дамыту. С) Тәрбие мақсаты.

D)Тұлға әлеуметтенуі. Е) Оқыту процесі.

27. Педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тану зерттеу әдістерінің қайсысына тән? А) Бақылау. В) Әңгіме. С) Мектеп құжаттарын зерттеу. D) Оқушылардың жұмысын зерттеу. Е) Педагогикалық эксперимент.

28. Оқу пәні бойынша ғылыми білім негіздерін баяндайтын кітап:

А) Дидактикалық материал. В) Оқулық. С) Автореферат. D) Әдістемелік құрал.

Е) Монография.

29. Оқу және тәрбие жұмысындағы кейбір күдікті мәселелерді зерттеу педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістерінің қайсысына жатады? А) Бақылау.

В) Әңгіме. С) Мектеп құжаттарын зерттеу.

D) Оқушылардың жұмысын зерттеу. Е) Педагогикалық эксперимент.

30. Сабақ, семинар:А) Дидактикалық жүйе. В) Оқыту құралдары. С) Оқыту әдістері.

D) Педагогикалық жүйе. Е) Оқытуды ұйымдастыру формалары.

31. Оқушының дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасын қандай зерттеу әдістері арқылы білуге болады? А) Бақылау.

В) Әңгіме. С) Мектеп құжаттарын зерттеу. D) Оқушылардың жұмысын зерттеу.

Е) Педагогикалық эксперимент.

32. Дербес ерекшеліктерге қандай қасиеттер жатады? А) Мінез-құлық, темперамент өзгешеліктері. В) Жас ерекшеліктер. С) Бұлшық еттердің дамуы. D) Организмнің жетілуі.

Е) Тұлғаның тәрбиелілігі.

33. Оқу процесін ұйымдастыруға қатысты негізгі талаптар, бастапқы ережелер:

А) Оқыту принциптері. В) Оқыту мақсаты. С) Білім беру мазмұны. D) Оқыту әдістері.

Е) Оқыту міндеттері.

34. «Процесс» ұғымының мағынасы:А) Нәтиже. В) Жылжу. С) Жүйе. D) Сфера.

Е) Мақсат.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 1829. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия