Студопедия — Ылыми жетекші: РhD доктор К.Б.Сақтағанов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ылыми жетекші: РhD доктор К.Б.Сақтағанов






(прикладываются, в случае, если студент участвовал их выполнении).

Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандық 5В050300 -«Психология»

 

Астана 2015

Азақ Гуманитарлық Заң Университеті

Экомика жоғары мектебі

Кафедра «Әлеуметтік психологиялық пәндер»

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

______________(Ф.И.О)

 

 

ДПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып «Көшбасшының коммуникативтілік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттары»

Мамандық: 5В050600 - «Экономика»

Орындаған: А.К.Алпысбаев

ылыми жетекші: РhD доктор К.Б.Сақтағанов

 

Астана 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарын зерттеудің ғылыми теориялық мәселелері

1.1 Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарын зерттеудің мәні мен мазмұны

1.2 Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттары әлеуметтік фактор ретінде

1.3 Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудағы психологиялық жұмыстар жиынтығы

2 Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарын эксперименттік зерттеу

2.1 Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарын зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы

2.2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі. Көшбасшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқаруды жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнату маңызды орын алады. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады Қазіргі заманғы қоғамның жаһандық өзгеруінде коммуникациялық құзіреттілік тұлғаның кәсіби дәрежеде дамының жоғары деңгейінің бөлігі болып отыр. Барлық тұлғалар ақпарат алмасу мен қарым-қатынасқа түсетіндіктен,бұл тек көшбасшылардың ғана емес барлық әлеуметік, психологиялық салаларға да қатысты. Коммуникатциялық құзіреттілік көшбасшының тұлғалық дамытудың негізі қажетті элементі. Коммуникация бұл көшбасшының сіңірген білімі негізінде өз ойын жеткізуінің, адамдармен қарым қатынасқа түсуінің, басқа адамдарға әсер ете алуының негізгі түрі болып табылады. Көшбасшының кәсібі іс -әрекетікоммуникация үрдісіне дайындықсыз тусуінің нәтежиесінде көбіне тұлғалық әртүрлі қиындықтарға тап болады. Коммуникация мәселесі психологияның негізгі мәселесі, ал коммуникацияның өзі психология ғылымының базалық категориясы (Б.Ф. Ломов 1984). Психологияда ресейлік психологтардың қарым-қатынасты зерттеуі В.М. Бехтерева, А.Ф. Лазурский, З.М. Мясищевадан бастау алады.соған қоса қарым -қатынас мәселесі Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьева, А.Н. Леонтьев сынды ғалымдардың еңбектерінде көрініс берген.

Профессор Қ.Жарықбаев: «қарым-қатынас – адам іс-әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды» деген.

Коммуникация теориясына орасан зор үлес қосқан ғалымдар: З. Фрейд, К. Юнг, М. Бубер,К. Ясперс, М. Вебер, Г.Г. Гадамер, Г. Шпет, (Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, Л.А. Карпенко, В.Н. Куницына, В.А. Лабунская, А.А. Леонтьев, М.И. Лисина, Б.Ф. Ломов, Б.Д. Парыгин, В.Н. Панферов, А.А. Реан, В.В. Рыжов, Е.Ф. Тарасов, Т.Н. Ушаков. Сонымен қоса шетелдік ғалымдардың ішінде. J. Bowlby, M.Argyle, Bruner J.S., A.W. Combs, M.L. Hoffman бар.

Көбіне коммуникация құзіреттілігін зерттеуде ғалымдардың көпшілігі педогогикалық психология саласына көп көңіл бөледі. Дегенмен көптеген педогогиколық білім ордасын бітіргендер коммуникация құзіреттілігінің қажетті деңгейде меңгере бермейді. Бұл жағдай олардың кәсіби дамуында киыншылықтарға тап болуына себеп болады.

Көшбасшының коммуникация, қарым-қатынас мәселесі ғалымдардың, теорияларында әр түрлі анықтамалармен көрініс бергенімен оны дамытуға келгенде әлі де жеткіліксіз болып отыр.

Мәселенің теориялық тұрғыда жеткіліксіз әзірленуі және тәжірибелік мәні, автордың жеке қызығушылығы «Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттары»зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарының теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу, оны шешудің эксперименттік жолдарын айқындау.

Зерттеу пәні: Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігініңің психологиялық алғышарттарын дамуы мүмкіндік беретін психологиялық құбылыстар болып табылады.

Зерттеу нысаны: Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігініңің психологиялық алғышарттарын дамыту үрдісі болып табылады.

Зерттеудің болжамы: егер, нақты психологиялық құбылыстар негізінде көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігініңің психологиялық алғышарттарын дамытуды әдістемелер қолданып жүзеге асыратын болса, онда аталған үрдістің тиімділігі жоғарылайды, өйткені көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігініңің психологиялық алғышарттарын дамыту психологиялық негіздерге сүйенеді.

Мақсатына, пәніне, нысаны мен ұсынылған болжамға сәйкес төмендегідей зерттеудің міндеттері анықталды:

- Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарының теориялық негіздерін анықтайтын көзқарастар жиынтығын айқындау және ғылыми негіздеу.

- Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарының критериййлері мен көрсеткіштерін анықтау;

- Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарына мүмкіндік туғызатын психологиялық жұмыстартар жиынтығын ұсыру;

- Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарына мүмкіндік беретін әдістемелерді тәжірибелік-эксперименттік жолмен айқындау және негіздеу.

Зерттеу әдістері: өзімнің зерттеу жұмысыма мен көшбасшылардың қарым – қатынас деңгейінін анықтауға арналған әдістемені (В.Ф.Ряховскийдің) пайдаландым. Сонымен оса көшбасшылардың коммуникациялық үрдіс кезінде көшбасшының жетістікке ұмтылу қажеттілігін бағалау шкаласы әдістемесін жүргіздім

Ұйымдастыру және зерттеу кезеңдері. Зерттеудің эксперименттік базасы «Нұр Отан" партиясы жанындағы «Халықаралық және қоғамдық саясат институты болып табылады. Зерттеуге Қоамдық саясат институтынан,32 адам және «Жас Отан» жастар қанатынан 28 адам құрамы тартылды.. Зерттеу бірқатар бір-бірімен байланысты кезеңдерді қамтыды.

Алғашқы кезеңде (2014-2015 жж.) тақырып анықталды, көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту бойынша қазақстандық және шетелдік арнайы әдебиеттерге теориялық зерттеу жүргізілді, зерттеудің мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары анықталып, тұжырымдалды. Осы жұмыстардың нәтижесінде зерттеудің бастапқы параметрлері, оның нысаны, пәні, болжамы, әдістемесі, түсініктік-категориялық аппараты негізделді.

Негізгі кезеңде (2014-2015 жж.) тұрақты эксперимент (педагогикалық-психология көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамытуды диагностикалау) өткізуді қарастырады. Негізгі кезең нәтижесінің негізінде көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамытуға бағытталған арнайы оқыту технологиясын жобалау мен құрастыру жүзеге асырылды. Ғылыми зерттеу еңбегіміздің бірінші, екінші тараулары жазылды. Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамытудың критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері таңдалды және анықталды.

Бітіру кезеңінде (2014-2015 жж.) көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамытудың негізгі тенденциялары айқындалып, зерттеу жұмыстарына байланысты жалпы тұжырымдар мен қорытындылар жасалынды. Зерттеу дипломға қойылатын талаптарға сай техникалық жағынан рәсімделді. Дипломдық жұмыстың қолжазба нұсқасы дайындалып, талқылауға ұсынылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегілерден тұрады:

- көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарының теориялық негіздерін анықтайтын қағидалар жиынтығы айқындалды және ғылыми негізделді;

- көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психо-логиялық алғышарттарының критериййлері мен көрсеткіштері анықталды және негізделді;

- Көшбасшылардың қызметке дайын болуын және берілген міндетті тікелей орындауын қамтамасыз ететін, коммуникативтік құзіреттілікті дамытуға мүмкіндік туғызатын психологиялық жұмыстар жиынтығы ұсынылды;

- көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттарын жемісті дамыту және диагностикалауға мүмкіндік беретін әдістемелерді қолдану экспериментті түрде дәлелденді.

Зерттеу базасы:Зерттеудің эксперименттік базасы «Нұр Отан" партиясы жанындағы «Халықаралық және қоғамдық саясат институты болып табылады. Зерттеуге Қоамдық саясат институтынан 32 адам және «Жас Отан» жастар қанатынан 28 адам құрамы тартылды.. Зерттеу бірқатар бір-бірімен байланысты кезеңдерді қамтыды

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қоры-тындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

 

I КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 222. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия