Студопедия — Атмосфералық ауаның сапа нормативтері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Атмосфералық ауаның сапа нормативтері






Атмосфералық ауа сапасы деп атмосфералық шарттардың адамдардың немесе басқа тірі организмдердің қажеттіліктеріне сәйкестік деңгейін айтады.

Антропогендік әрекеттің анықталған деңгейіне дейін атмосфералық шарттардың қажетті жағдайы табиғаттың өзімен оған зиян заттардан өздігінен тазару, өзін өзі реттеу арқылы қамтамасыз етіледі. Өндірістік әрекеттің әуелік ортаға өспелі әсері, әсіресе соңғы он жылдықта оның сапасын реттеу қажеттілігі жөнінде шекті рұқсат етілген әрекеттер нормативінің (көрсеткіштерінің) атмосфераға қажеттілігі жөнінде сұрақ тудырды. Сондықтан атмосфералық ауа сапасын нормалау адамның атмосфераға шекті рұқсат етілген әрекеттерінің нормаларын орнату бойынша қызмет болып саналады. Әрекет деп атмосфераға физикалық, химиялық, биологиялық өзгерістерді енгізетін адамның экономикалық, рекреациялық, мәдени қызығушылықтарының іске асырылуымен байланысты антропогендік қызметті айтады. Кері әрекеттің біршама кең таралған түрі — адамның антропогендік қызметінен болатын атмосфераның ластануы.

Осы нормалар мазмұны талаптарының негізіне халық қауіпсіздігі, генетикалық қордың сақталуы қойылған. Нормативтерді орнатудың соңғы мақсаты қоғамның экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қызығушылықтарының ғылыми негізделген байланысын қамтамасыз етуден тұрады, яғни шекті рұқсат етілген нормативтер — бұл қоғамның экологиясы және әлеуметтік экономикалық ортасының келісімі, өзара қызығушылық танытатын бастамаларда өркениетті дамытуға және адам өмірін қорғауға мүмкіндік беретін мәжбүрлік келісім.

Сапа нормативтері негізінде үш көрсеткіш жатыр:

медициналық;— адам денсаулығына, оның генетикалық бағдарламасына қатердің шекті деңгейі;

техникалық; — экономиканың орнатылған шектердің адамға және оның өмір сүру ортасына әсерін орындалуын қамтамасыз ету қабілеті;

ғылыми-техникалық; — техникалық құралдармен әрекет шектерін барлық параметрлері бойынша сақталуын қадағалау қабілеті.

Атмосфералық ауаның барлық сапа нормативтері үш топқа бөлінеді:

санитарлы-гигиеналық, экологиялық және көмекші.

Бірінші топ нормативтерінің мақсаты — атмосфералық ауа көрсеткіштерін адам денсаулығына қатысты анықтау. Бұл нормативтердің біршама өңделген бөлімі.

Екінші топ зиян әсердің көзіне оның қызметін анықталған шекті шамамен шектей отырып, талаптарды орнатады. Үшінші топ нормативтерінің мақсаты ұйымдық құрылымдар қызметінде және экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын терминологияның бірыңғайлығын қамтамасыздандыру. Нормативтерді растайтын негізгі органдар табиғи ресурстар Министрлігі және Мемсанэпидқадағалау болып табылады. Ауа сапасы нормативтерінің негізгісі шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) болып табылады — адамға периодтық әсер етуде немесе барлық өмірінде оған зиян әсер етпейтін, алыс салдарын қоспағанда, сондай ақ тұтасымен қоршаған ортаға зиян әсер етпейтін анықталған орталау уақытына жатқызылған атмосферадағы қоспаның ең жоғарғы концентрациясы (МЕСТ 17.2.1.04—77).

ШРК шамасы 1 м3 ауаға заттың мг ретінде келтіріледі (мг/м3). Ауадағы ластаушы зат ШРКсы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігімен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау бойынша Комиссияның ұсынысымен ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысымен бекітіледі.

ШРК екі топқа бөлінеді: жұмыс аймағы ауасындағы ШРК және жергілікті мекендегі ауадағы ШРК. ШРКж.а ережеге сай жергілікті мекендерге арналған ШРКдан айтарлықтай көп. Бұл кәсіпорындарда адамдардыың тек тәулік бойы болатындығымен, одан бөлек онда балалар және денсаулығы нашар қарт адамдар бола алмайтындығымен түсіндіріледі. Жұмыс аймағы ауасындағы ШРК МЕСТ 12.1.005-88 қосымшасында келтірілген (1300ден аса зиян заттар). Көптеген заттар үшін жұмыс аймағы ауасының бір реттік ең жоғарғы ШРКсы анықталған, зиян заттар қатары үшін — жұмыс аймағының орташа кезекпен істелетін концентрацияларының дәл сол мәндері.

Осы МЕСТ адам организміне әсер етуі бойынша зиян заттарды төрт класқа бөледі:

1 — шектен тыс қауіпті (сынап, қорғасын және т.б.);

2 — өте қауіпті (күкірт қышқылы, тұз қышқылы және т.б.);

3 — шамалы қауіпті (табак, ксилол және т.б.);

4 — аз қауіпті (ацетон, керосин және т.б.).

Жергілікті мекен ауасындағы ШРК өз кезегінде екі топшаға бөлінеді: ең жоғарғы бір реттік және орта тәуліктік. Жергілікті мекен ауасындағы зиян заттар концентрациясы ең жоғарғы бір реттіктен аспауы қажет. Орта тәуліктік тек ең жоғарғы бір реттік ШРК анықталмаған жағдайда ғана қолданылады. Кейбір біршама кең таралған зиян заттар ШРКсы 2 қосымшада келтірілген.

Ең жоғарғы бір реттік ШРКны (ШРКб.р) орнату негізінде рефлекторлық әсер жатыр — жоғары дем алу жолдары рецепторлары жағынан реакция — иісті сезіну, кілегейлі қабықтардың қабынуы, демнің тарылуы және т.б. аталған әсерлер зиян заттардың қысқа уақыттық әрекет етуінде пайда болады (20-30 мин). Орта тәуліктік ШРК (ШРКо.т) сіңдіруші әрекеттің — туындауы тек ауадағы концентрацияға ғана емес, сонымен бірге демді ішке тарту ұзақтығына байланысты жалпы уытты, гонадотоксикалық, эмбриотоксикалық, мутагендік, канцерогендік және басқа әрекеттердің даму мүмкіндігінің дамуының алдын алу мақсатымен орнатылады. Сонымен қатар жеке тәуліктерге емес, бір жылға орта тәуліктік концентрациялар бар. Мысалы, егер жеке тәулікте қорғасын концентрациясы ШРКо. дан айтарлықтай асып кетсе, егер ол жылына орташа нормативті шама шегін ұстап тұрса, онда бұл санитарлық нормалардың бұзылуы болып есептелмейді.

Кейбір бояғыш заттар рефлекторлық, сіңіретін (резорбтивного) әрекеттің төмен концентрация дәрежесінде болмаса да, ауадан оларды тұндыру кезінде қоршаған орта обьектілеріне ерекше бояу бере алады, мысалы, қарға, ол адамға қауіптілік сезімін немесе санитарлы-гигиеналы жайсыздықты тудырады.

Осымен байланыста лимиттік сапа бояғыш көрсеткіштері үшін санитарлық-гигиеналық нормативтер бекітіледі, сол ШРК – ны сақтап қоршаған орта нысаналарын ерекше түске боялуынан құтылуға рұқсат береді.

ШРК –ны бекіту үшін экспериментальды жануарлар организіміне өткір және созылмалы улардың әсер ету жолдары, адам тұрғысынан иістің сезілуі, тыныс алу жолдары мен көздердің шырышты қабаттарының тітіркену әрекеті, аудандарда таза және ластанған ауаның ауруын зерттеу жүргізілуі, ауаның мөлдірлігінің төмендеуі есебінен адамға ластанудың жанама әсер етуін, үйлердің жарықтанылуының азаюын, күн спектрiн ең бағалы ультракүлгiн бөлiктi жұтуын анықтап, тұрмыс жайлармен және көк желекке ластанудың әсерін қарастырады.

Егер ластаушы оның улы әсер ету әрекетінен әлдеқайда аз (мысалы, күкірт сутек) концентрацияларда анық болса, онда иістің анық табалдырығы негізгі критерии ретінде қабылданады. Соңғы жылдары белгісіз ластаушылардың жаңа көп санының пайда болуымен байланысты, ШРК-ның бекітілуі үшін экспресс –әдістер кеңінен қолданылады. Нормалау нысандары болып жағымды, бірақ жабысқақ иісті заттар табылады.

ШРК әлемдегі бірден-бір қатаң норматив болып табылады және атмосфераны қорғау жұмысының дамуы үшін соншалықты ынталы, жиі нормативті болып табылмайды. Осылай, жағымсыз иіске ие, жеткілікті толық меркаптандардың ұсталуын бірде-бір газ тазалау аппараттарында жүзеге асыру мүмкін емес.

Бүгінгі таңда ШРК жүздеген заттарға жасалған, және бұл тізім үлғаю үстінде (ГН 2.1.6. 1338-03). Осы нормативте атмосфералық ауаға шығаруға тиым салынған заттар ұсынылған.

Зиянды заттардың қатары, атмосфералық ауаға түскенде басқа заттарға, көбінесе уларға айналады. Мысалы, азот оксиді диоксидке дейін тотығады.

Күтілетін есептік жердің коцентрациясын ШРК мен салыстырғанда, сәйкес келетін есеп жасау керек.

Бір бағыттағы әсер ету эффектісіне ие, ауада бір уақытта бірнеше заттар болса, келесі шартты орындау керек:

(1.11)

 

Бір бағыттағы әсер етуші эффектке ие заттардың тізімі гигиеналық нормативтерде де көрсетілген.

Егер ШРК анықтау үшiн жеткiлiктi әзiрлемелер жоқ болса, онда әсердiң шамамен қауiпсiз деңгейi ӘШҚД, уақытша гигиеналық норматив бекiтiледi.

Оның біту уақыты қаралуы тиіс немесе ШРК мәнімен алмастырылуы натри жыл уақытымен бікітіледі. ШРК, ӘШҚД ның қаулысын ҚР Басты мемлекеттік санитарлық дәрігері бекітеді.

ШРК негізгі санитарлы-гигиеналық норматив болып табылады.

Атмосфералық ауаның ластануын болдырмау және төмендету үшін қалдықтың шамасына тікелей байланысты нормативтер енгізіледі. (экологиялық нормативтер). Атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын мөлшерлеу, әдетте келесi көрсеткiштер өндiредi:

— қалдық нүктесіндегі ШРК (мысалы, түтіндік құбыр сағасында, желдеткіш құбырының тесігінде), мг/м3;

— шекті рұқсат етілген қалдық (ШРҚ), г/с;

— уақытша келісілген қалдық (УКҚ), г/с.

Шығару нүктесіндегі ШРК нормативі 60-шы жалдардың басталуына дейін бірнеше елдерде қолданылған. Ол тұрақсыздықты көрсеттi, өйткенi оны айналып өту өте жеңіл еді. Ол үшiн сыртқы ауаны сорушы газды трактiде iске асыру жеткілікті. Бұл жағдайда қалдықтың жалпы көлемі төмендейді; уақыт бiрлiгiндегі қоспалардың абсолюттiк шығуы бұрынғыдай қалады.

Шекті рұқсат етілген қалдық (ШРҚ) — уақыт бірлігінде атмосферадағы қалдықтардың асуына рұқсат бермейтін, зиянды заттардың саны.

ШРҚ мынандай есеппен,тікелей көзден немесе кәсіпорын жиынтық көздерінен зиянды заттардың қалдықтарын, өнеркәсiптiк кәсiпорындарды дамудың келешегiн есептеумен және атмосферада зиянды заттарды ыдыратумен бекітіледі, зиянды заттардың жер үсті концентрациясын тудырмайтын, жануарлар және өсімдіктер әлемінде ШРК орналастыру үшін, мына шарттың орындалуы тиіс:

(1.12)

 

Мұндағы,Сф —ауадағы зиянды заттардың фондық концентрациясы.

Егер Сф>ШРК, онда шығудың қуатының көбеюі реконструкцияланатын нысандар және жаңа нысандардің құрылысынан, қалған нысандарден атмосфераға зиянды заттардың шығарылуларының төмендетуiн бiр уақытта қамтамасыз етумен рұқсат етiлген болуы керек.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен, бірнеше зиянды заттар атмосферада бар болса олардың зиянды әсер етуімен қоса тізімінің қосындысын ескеру керек.

ШРҚ өлшем бірліктері - г/с, т/г. ШРҚ сәйкесінше МЕСТ 17.2.3.02-78 бекітіледі. Курорттардың санитарлық қорғау аймақтарында, үлкен санаторийлер және демалыс үйлері орналасқан жерлерді, қалалық демалыс аймақтарының оң бөлімі ара қатынасын (1.12) пайдалануда 1 ді 0,8 ауыстыру керек.

ШРҚ бекітілуі атмосфераның жер беті қабатына нақты кәсіпорыннан түсетін, халыққа атмосфераның ластануы мүмкін болатын жағымсыз әсерне кепілдік береді. Бұл ретте негізгі норматив ШРК, ШРҚ көлемі тек кәсіпорын қалдықтарына бақылауды жеңілдететін қолданбалы мағынада болып табылады.

ШРҚ бекіту кезінде кәсіпорынның даму келешегін, жерлердің физика-географиялық және климаттық шарттарын, өндірістік аудандар және бар жер телімдердің орналасуын және болжамды тұрғын үй ошағын, санаториялардың, демалыс үйлерін, қалаларды, өнеркәсiптiк алаңдарды өзара орналастырылу және қоныстану аумақтарын тағы басқаларды ескерген жөн.

Атмосфераны ластаушы әрбір көзге ШРҚ бекітіледі. Ұйымдаспаған қалдықтармен және ұсақ жалғыз көздерді біріктіру үшін жиынтық ШРҚ орнатады. Жиынтық ШРҚ нәтежесінде атмосфераны ластаушы бөлек көздерден, өнеркәсіптер және нысандар және олардың бүтіндей кешені үшін ШРҚ мәнін орнатады (қалдықтардың тұрақтылығында). ШРҚ (г/с) технологиялық және газ тазарту құрылғысы толық жүктемелік шарттарымен және олардың қалыпты жұмысы үшін орнатады.

Қарастырылған аймақта атмосфераны ластаушы жалғыз зат болып табылатын бір көз үшін ШРҚ анықтау, қиындық тудырмайды.

ШРҚ орнату қиындығы көздердің санының көбеюін өлшеуде өсетіні сияқты, сонымен қатар және олардың бір текті еместігінде де (қалдық құрамы әртүрлілігі, жиынтық мүмкіндігі және құбыр ұзындығының әртүрлілігі).

ШРҚ бектілуі ұйымдастыру-техникалық мақсаттың күрделі қатарына жатады, сол атмосфераны қорғау шараларын жоспарлауда шешіледі.

ШРҚ орнатуға кірісе отырып ең бірінші – аймақта шынымен қалыптасқан жағдайды нақты көзге елестету керек. Негізгі ең сипаттамалық жағдайлар төменде келтірілген:

1) жалғыз ластағышпен қалдық беретін, мөлшерлеуге жататын жалғыз көз бар;

2) жиынтық әрекетке ие емес, бірнеше ластағыштар тастайтын жалғыз көз бар;

3) жиынтық әрекетке ие, бірнеше ластағыштар тастайтын жалғыз көз бар;

4) алдыңғы пункттердің біреуіне тұтастай жіберілген болуы мүмкін көздер тобы бар;

5) 1, 2 және 3 пункттерге қатысты топшаларға бөлінуі мүмкін, сонымен қатар қалдықтар жеке көздерден өзара қосынды әрекетке ие емес, көздер тобы бар;

 

б

а

 

Сурет 21 - ШРҚ-ң анықтауға жататын факторлардың арасындағы

байланыстардың ықшамдалған сұлбасы:

а —мүмкін тазалау деңгейін сияқты әрекет жасау және құбыр ұзындығындағы жағдайлар үшін;

б—құбыр ұзындығы өзгеріске жатпайтын жағдайлар үшін;

6) 1, 2 және 3 пункттерге әрқайсысы қатысты болуы мүмкін, сонымен қатар қалдықтар жеке көздерден өзара қосынды әрекетке ие, көздер тобы бар;

7) қалдықтар көздері және фондық концентрация жоқ аймақта (шамадан аз), олардың әрқайсысы жоғарыдағы пункттердің біріне жатуы мүмкін, өздерінің көздері бар жаңа өнеркәсіп орнату ұсынылады;

8) жаңа өнеркәсіпті, қалдықтар көздері және фондық концентрациясы бар, дегенмен ол ластағыштардың біреуімен де ШРК жетпеген аймаққа орналастыру жобаланады;

9) жаңа өнеркәсіпті, қалдықтар көздері және фондық концентрациясы бар, оның жеке ластағыштар мәні бойынша ШРК жететін аймаққа орналастыру жобаланады;

ШРҚ қондыруда екі нұсқа болуы мүмкін (21 сурет):

а) тұрбаның биiктiгiмен әрекет жасауға болады;

б) өзгерiске тұрбаның биiктiгi жатпайды.

Егер нақты характерліктің себебінен қазіргі уақытта ШРҚ мәні жетпеген болса, онда ШРК қарауымен қамтамасыз етілетін, іс-әрекет жасап жатқан өнеркәсіптерден оның мәніне дейінгі зиянды заттар қалдықтарының этаптық төмендетуін енгізеді. ШРҚ көлемін әр этапта қамтамасыз етуге дейін ең жақсы қол жеткiзген өндіріс технологиясымен кәсіпорындардың қалдықтары деңгейінде УКҚ (УКҚ1, УКҚ2 және т.б.) орнатады.

ШРҚ және УКҚ көлемдері және материалдар олардың негіздемелері ластанудан атмосфераны қорғау мемлекеттік бақылауымен (ҚР табиғи қорлар министрлiгі) жүзеге асатын органдармен келісіледі. ШРҚ және УКҚ 5 жылда бір реттен кем емес қаралады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 869. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия