Студопедия — Аспирационды құрылғылардың негізгі түрлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аспирационды құрылғылардың негізгі түрлері






Ашық типті аспирационды құрылғылар. Ашық ауа өткізгіші бар, құрылымы әртүрлі болатын тартпа құрылғылары болып табылады және келесілерге бөлінеді: тартпа шатырлары, тартпа панельдері, бүйір және активтенген сорғыштар.

1. Тартпа шатырлары. Зиянды заттар шығарылымдарының қозғалыс бағыты бойынша ластау көзінің осіне сәйкес және ластау көзінің жанына орналасқан сорғыштарды бөледі. Бірінші типті сорғыштарға тартпа зонттары, сорғыш шұңғымалар және с.с. жатады. Шатырлар әдетте жылу және ылғал бөлінулерінің шоғырланған көздерінің үстінде, жылумен бірге бөлінетін зиянды заттар көздерінің үстінде орналасады.

 

Сурет 3.2 - Ластау көзімен остес орналасқан сорғыштар сызбалары.

А – тік бұрышты қабылдау саңылауы бар шатыр; б- қабылдау саңылауының алаңы бойынша біртексіз соруы бар шатыр; в- күнқағар шатыр; 1- сорғыш корпусы; 2- сору біртексіздігін қамтамасыз ететін ендірме; 3- желдену аймақтарыны локальдануын арналған ойықтар.

1. Бөлмедегі ауаның айтарлықтай аз қозғалғыштығы кезінде шатырларды қолдануға болады, себебі шатырға бағытталатын ауа ағыны ауытқуы мүмкін.

2. Шатырлардың тұрақты жұмысын қамтамассыз ету үшін оларды бір немесе үш жағынан алынбалы немесе қайырмалы белдемшелермен жабдықтайды және шығарылым көзінің симметрия осінде минималды мүмкін болатын биіктікте орналастырады.

3. Бөліну көзінің үстінде зиянды заттардың тұрақты құйылмалы ағынының болуы кезінде шатырдың ішіне конус тәрізді ендірмені ал корпус периметрі бойынша сақиналы ойық орнату ұсынылады. Конус тәрізді ендірме қабылдау саңылауында және құйылмалы ағында профильдердің сапалы сәйкестігін қамтамассыз етеді. Бұл кезде сору жалынының әсері ағын ортасында шоғырланады, бұл өз алдына ағындардың бөлмедегі ұйымдастырылмаған ағындарға қатысты тұрақтылығын ұлғайтады.

Тартпа панельдері. Конструкторлық ойлар бойынша остік сорғышты ластаушы заттар көзіне айтарлықтай жақын орналастыру мүмкін болмаған кезде және осының салдарынан сорғыш өнімділігі мөлшерден тыс көп болғанда, сонымен қатар шығарылым көзінің үстінен көтерілетін құйылма ағында бұрмалау қажет болған жағдайда бүйірлік, бұрыштық және иілмелі тартпа панельдерін қолданады. Мұндай сорғыштар пластмасса цехтарында, жиналма дәнекерлеуші, құйылмалы цехтарда кең қолданысқа ие.

4. Бүйір сорғыштары. Бүйір сорғыштары көбіне метал жалату цехтарында гальваникалық, уланыдру,суару ванналарының бетінен көтерілетін зиянды заттарды ұста қалу үшін орнатады.

5. Активтендірілген сорғыштар. Жергілікті сорғыштарды жазық немесе ықшамды ағын құймаларымен активтейді, олар зиянды заттардың бөліну аймағын ластанған көлемнен бөліп алады және зиянды заттарды сорғыштың тиімді жұмыс жасау аймағына қарай үрілуін қамтамасыз етеді.

 

Сорғыштардың құрылымдық сызбалары

А- қабырғадағы сорғыш; б- бос орналасқан бүйірлік сорғыш; в-экраны бар бүйірлік сорғыш; е- бұрыштық сорғыш; д- иілмелі сорғыш

 

Сурет 3.4 - ашық типті сақиналы сорғыш:

1-Сорығш ауа өткізгіштер; 2-сұйықтық деңгейі; 3- зиянды заттар бөлінуінің жоғарғы деңгейінің шегі; 4- сақиналы қаптама

 

Сурет 3.5 - уландырғыш ваннаның активтендірілген сорғышының сызбасы:

1 ванна; 2- үрлендіргіштің ауа таратушысы; 3- тартпа қабылдағыш

 

Құйылма ағыны зиянды заттар бөліну аймағында өтіп, сорғыш саңылау ортасына қарай бағытталуы керек, бұл кезде сорылатын ауа шығыны құйма ағынымен келетін ауа шығынынан асуы тиіс.

Толық жабындылардан жасалған жергілікті сорғыштар. Жергілікті сорғыштардың аса тиімді типіне зиянды заттар көзінің толық жабылуы жатады. Бұл жағдайда бөліну ауаның минималды көлемі кезінде жүзеге асады. Алайда қаптаманы әрдайым герметикалы болатындай жасайды.

Сурет 3.6 - Тартпа шкафтарының сызбалары:

а-жоғарғы сорғышы бар; б – төменгі сорғышы бар; в-комбинацияланған сорғышы бар.

 

Оның қоршауларында әдетте жұмыс саңылаулары бар, олардың өлшемдері жабылатын қондырғының құрылысымен және технологиялық жұмыс режимімен анықталады.

1. Тартпа шкафтары. Тартпа шкафтарын жоғарғы, төменгі және комбинацияланған ауа сорылуы бар деп бөледі. Ауаны комбинациялы шығаратын шкафтарды шаң мен ауыр газдарды жою Ауаны комбинациялы шығаратын шкафтарды шаң мен ауыр газдарды жою үшін қолданады. Шкафтың төменгі аймағынан әдетте жалпы көлемнің 2/3 ал жоғарғы аймағынан 1/3 сорған жөн. Егер үлкен жылу бөлінумен бірге жүретін жұмыстар шкафтың ішінде жүргізілетін болса, онда жалпы ауа көлемінің 2/3 және төменгі жағынан 1/3 сору қажет. Алайда бұл таралуды реттеу мүмкіндігі қарастырылған жөн.

2. Технологиялық құрылғыға енгізілген жергілікті сорғыштар. Жергілікті сорғыштар жиі жағдайларда көлік құрастыру өндірістерінде қолданылады. Бұл кезде олар тек қана зиянды шығарылымдардан қорғамайды сонымен қатар жоңқадан да қорғанысты қамтамассыз етеді. Бұл жағдайда олар жоңқа шаң қабылдағыштары деп аталады.

Аспирацияланушы жабындылар. Бірқатар технологиялық үрдістерді өткізген кезде бөлмедегі ауаның ластануын болдырмау мақсатымен аспирацияланушы жабындыларды қолданады. Жабындының тығыз емес жерлерінен зиянды заттардың келуіне кедергі болатын жылдамдықпен ауа сорылмауы үшін оның ішінен разряд ұстап тұрады.

Сурет 3.7 - Көлденең фезерлі станогына арналған шаң жоңқа қабылдағыш.

1- Шаң жоңқа қабылдағыш корпусы; 2- қабылдаушы келте құбыр; 3- лынбалы қақпақ; 4- ілмек; 6- бағыттаушы пластина

 

Мұндай құрылғылар мысалы қолмен бояған кезде қолданылады.

Ауа рециркуляциясы бар жүйелер. Ауа рециркуляциясы бар жүйелер ерекше орын алады. Олар келесі элементтерден тұрады:

- Қоспалардың бөліну аймағында ұстап қалу қондырғысы

- Ауаны қоспалардан тазартуға арналған аппарат

- Жүйедегі ауа қозғалысын қоздырушысы

- Ауаны өндірістік жайға қайтару құрылғысы

- Ауа өткізгіштер

Ауа өткізгіштер ретінде әдетте металл жеңдерін қолданады, ал ауа қозғалыстарын қоздырғышы ретінде қосынды тегеуріні 3 кПа және одан да жоғары болатын желдеткіштерді қолданады, аппараттарды қолданудың құрастыру сызбаларында оларды ілінбелі немесе жекеше нұсқаларда жеке түрде, сонымен қатар станоктар тобынан шығарылатын ауаны тазарту үшін қолдану қарастырылған.

Тазартылған ауаны қайтаруы бар жергілікті вентиляция жүйелері ауаны тазарту үшін келесі жағдайларда қолданыс табады: кесуші немесе абразивті құрылғымен металдарды, олардың балқымаларын және металды емес балқымаларды дәнекерлеу аэрозольдерден өңдеу кезінде; салқын түсірмелі автоматтарда май тұмандарынан тазарту және т.б. мұндай тазарту жүйелерінің артықшылықтарына келесілер жатады: ауа тасымалдағыштарының аз ұзындығы; жүйенің аз гидравликалық кедергісі; тазартылған ауаны жылыту немесе суыту қажет болмайды, ал өз алдына жылдың салықн периоды кезінде аса үлкен энергия үнемделуін қамтамссыз етеді. Жүйенің кемшіліктеріне келесілеер жатады: индивидуалды тазалау аппараттарының орталық тазарту желдеткішларымен салыстырғанда төмен пайдалы әсер коэфиценті; жұмыс орындарына индивидуалды тазарту аппараттарынан шуылдын сәулеленуі жатады.

Мұндай аппараттардағы рециркуляциялық ауаны тазартудың талап етілетін тиімділігі әрбір қоспа түрінің коцентрациясы 0,3 ШРК аспауы керек деген шарттан анықталады шарттан анықталады.

Сурет 3.8 - орташа өлшемді бұйымдаарды бояуға арналған өткізгіш камера:

Корпус; 2- боялатын бұйым; 3- көлік саңылауы; 4- жұмыс саңылауы; 5- тұрақтану ваннасы; 6- гидросүзгі







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 419. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия