Студопедия — Түтек (тау ауруы).
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Түтек (тау ауруы).






Белгілі биіктіктен бастап оттегінің жетіспеушілігі (гипоксия) басталады.

Таулы аймақтар шартты түрде үш сатыға жіктеледі.

1. Аласа таулар – 800-1000 м.

2. Орта таулар – 100-3000 м.

3. Биік таулар – 3000 м-ден жоғары.

Гипоксиядан басқа да факторлар әсер етеді. Биіктеген сайын ауа температурасы әрбір 100 метрге 0,6 С төмендейді, ағзаның алмасу үрдістері қарқынды өтеді, жүрек-тамыр мен тыныс жүйелеріне ауыр жүк түседі. Ауа ылғалдылығы да төмендейді: 2000 м биіктікте теңіз деңгейінен екі есе төмен, ал 6000 метрде ауа мүлдем құрғақ, сусыз болады. Мұндай жағдайда терінің, тыныс органдарының барлық ылғалдығы булануға ұшырайды. Тыныс аурулары болуы мүмкін. Дененің ашық жерлерінде жаралар пайда болады. Жоғары биіктікте космос пен күн сәулеленуі өте жоғары. Бұл себептен әл құрып кетеді, дене қызады, бұлшық еттер қақсайды, бет терісі мен көз күйігі болады және т.б. Сондықтан мұздық, қарлы тауларда жүргенде арнайы мазь қолдану, марлямен оралу, арнайы қара көзілдірік кию керек.

Кері әсер тигізетін факторлардың ішінде қатты жел, күн мен түн температураларының үлкен айырмашылығын, ауаның жоғары ионизациясын да атауға болады.

Түтекті алғашқы болып монах Хосе Акоста Перу Андыларында 4500 метр биіктікке көтеріліп сүреттеп беріп бұл ауруды тау ауруы деп атапты (1950 ж). Швейцарлық Г. де Соссюр 1788 ж алғашқы рет Монбланға шыққаннан кейін бұл ауру оттегігің жетіспеуіне байланысты деп болжаған. Бірақ толық дәлелдемені француз ғалымы Поль Бэр жасаған (1878 ж).

Тау ауруын болдырмау немесе салдарын азайту үшін акклиматизация қолданылады. Акклиматизация деп ағзаның белгілі бір қиын жағдайларға, оның ішінде биіктікке лайықтануын айтамыз. Акклиматизация бірте-бірте, саты түрінде жүргізілуі қажет. Мұндай әдіс «ара тілдері» әдісі деп аталады. Оның мағынасы – биіктікке бірте-бірте көтерілу. Келесі түнеу орны кешегісінен жоғары орналасады, ал күндіз бұл түнеуден биік жерге көтеріліп түсу қажет. Солай күнде жететін, түнде түнейтін биіктікті жоғарылатады.

Қажалу - өте жиі кездесетін сырқат. Ең көп қажалатын жерлер – аяқ, бел, арқа. Аяқ қажалмау үшін аяқ киім мен шұлықтарды дұрыс таңдау керек. Аяқ киім сәл үлкендеу болғаны жақсы: онда жылы шұлық аяқ киімді тар қылмайды. Жорыққа судай жаңа аяқ киім киіп шықпау керек. Шұлықтарды тоқтаған сайын түзеп тұру керек, аяқ киімді шешіп демалдыру қажет. Оттың жанында аяқкиім мен шұлықтарды кептіруге болмайды. Аяқ пен шұлық таза болуы керек.

Арқа мен бел қажалмау үшін рюкзакты дұрыс арту керек: арқа жағы жұмсақ, ауыр жүк түбінде, рюкзак тығызданып тұру керек.

Қажалып қалса «Спасатель», «Құтқарушы» т.б. мазь, пластырь қолдану керек. Көпіршікті инемен тессе, әрі жүруге болмайды, сондықтан мұндай операцияны жатар алдында жасау керек.

Күн өтіп кету. Белгілері: әлсіздік, бетінің қызаруы, бастың ауруы, айналуы, қан соғуы мен тыныстың жиілеуі. Ауруды көлеңкеге апарып, киімін шешеді, басын суық сумен сулайды. Талып қалса 1-2 мл 20 % кофеин ертіндісін немесе 1-2 мл кордиамин терінің астына егеді. Жатқызып немесеотырғызып тасымалдау керек.

Күйік. 1 дәреже: күйген жері дененің 5 % аспайды. Тері қызарады, ісіңкірейді, күйік сезінеді. Дәреже: осылармен бірге көпіршіктер пайда болады. Күйік дененің үлкен бөлігін алса, шок боуы мүмкін. Арнайы күйікке қарсы зат жағады. Болмаса, спирт, калий перманганатын жағып асептикалық бума жасайды. Шокқа қарсы шаралар қолданылады.

Үсік. 4 дәрежесі бар. І дәреже: дененің көгеруі, одан кейін қызаруы, ісіңкіреуі. ІІ дәреже: эпидермистің қатпарлап түсуі, көпіршіктердің пайда болуы. ІІІ дәреже: терінің, еттің өлімсіреуі. ІV дәреже: ілімсіреу, оның ішінде сүйектің өлімсіреуі. Тауда дірілдеп-қалтырау, ұйқышылдық, апатия, есінен тану, қан соғуының әлсіз болуы байқалады. Усіп кеткен адамды палаткаға, үңгірге жеткізеді. Денесі мен үскен жерін спиртпен, жұмсақ жүн шүперекпен, алақанмен уқалайды. Қармен уқалауға болмайды. Одан кейін жылы киіндіреді (әсіресе қол-аяғын), ыстық тәтті шай мен аздап алкоголь береді. Уқалаған кезде инфекция кіргізіп алмау керек. Мазь жағып асептикалық орау жасау керек.

Көздің күйіп кетуі. Белгілері: көздің уақытша көрмей қалуы, көздің түйіліп ауруы, көз бен қабақтың қызаруы, ісінуі. Көзді калий перманганат ерітіндісімен немесе бор қышқылы ерітіндісімен немесе суық шаймен шайып асептикалық бума тағу керек.

Өкпенің қабынуы (пневмония). Тауда жиі кездеседі және өте жылдам асқынып кетеді. Қабыну факторлары: гипоксия, әлсіздеу, тоңу, түтек, аштық. Белгілері: дірілдеп-қалшылдау, дененің қызуы (38-39 ), тотығу, әлсіздік, кеуденің қақсауы, қақырып жөтелу. Сульфаниламидтік дәрілерді беру, әсіресе антибиотиктерді: пенициллин, стрептомицин, тетрациклин. Жөтелге қарсы дәрілер, оның ішінде кодеин, дионин.

Тонзиллит (ангина). Әлсіздік, дененің қызуы, жұтқанда тамағы ауырады, жұтқыншақ пен көмекейі қызарады. Дезинфекциялайтын ерітіндімен шаю (калий перманганаты, натрий гидрокарбонаты, риванол, фурацилин), тамағын жылтатын компресс жасау, тәулігіне 4-6 рет 0,3 г стрептоцид ішу.

 

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 411. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия