Студопедия — Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 7 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 7 страница






Лизингтік мәміленің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты: * Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді); * Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді; * Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады. * Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады; * Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар: *жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды; *ұйымдастырудың күрделілігі; *лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

МММ

Мерзімді валюталық операцияларының жіктелуі Валюталық операциялар – бұл ақша нарықтарында айналымда жүрген шетел валюталарымен және шетел валютасында шығарылған төлем құралдармен болатын операциялар. ҚР-ның территориясында валюталық операцияларды резидент және резидент емес тұлғалар, соған өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары, сонымен қатар олардың айырбас орындары арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген мекемелерден тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға ҚР-да тыйым салынған.Валюталық операцияларды келесідей критерилер бойынша жіктеуге болады:1) объектісі бойынша:Шетел және ұлттық валютамен операциялар;Шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар;Бағалы металдар және тастармен операциялар.2) субъекті бойынша:Заңды және жеке тұлғалардың орындайтын операциялары;Мемлекеттік, әкімшілік-аймақтық және жергілікті (муниципалды) құрылымдардың жүргізетін операциялары.3) жүзеге асыру режимдерінің саны бойынша:әмбебап операциялар, яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді емес операциялар;жеке (индивидуалданған), яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді болатын операциялар.4) жүзеге асыру аймағы бойынша операциялар:ішкі;шет елдік (сыртқы).5) өз ішінде валюталық операцияларды орындауды қамтитын құқықтық арақатынас түрлері бойынша операциялар:қаржы-құқықтық – салық төлемдерін өтеу үшін аударымдар;әкімшілік-құқықтық – шетел валютада айыппұлдарды төлеуді жүзеге асыру;халықаралық жеке-құқықтық – аударым келісімшарты негізінде көліктік ұйым-резиденттің пайдасына резидент-импорттаушының валюталық төлемдері;халықаралық жалпы-құқықтық – халықаралық ұйымдар пайдасына жүргізілетін валюталық аударымдар. Еліміздің заңнамасына сәйкес валюталық операцияларболып табылады:1жеке меншік құқығының және басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операциялар;2кез келген тәсіл арқылы валюталық құндылықтардың ҚР-на енуі мен қайта жөнелтілуі, сондай-ақ ҚР-нан шығарылуы мен қайта жөнелтілуі. Валюталық құндылықтар – бұл өздерімен жүретін операциялар мен резидент және резидент емес тұлғалармен жүзеге асырылған жағдайда ғана валюталық құндылық болатын, номиналы шетел валютасында көрсетілген шетел валютасы, бағалы қағаздары мен төлем құжаттары; және номиналы ұлттық валютада көрсетілген аффинирленген құймадағы алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.«Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның Заңына сай валюталық операциялар екі категорияға бөлінеді:ағымды операциялар;капитал қозғалысымен байланысты операциялар.Ағымды операцияларға жатады:180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;Салымдық, инвестициялық, займдық және өзге де операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыны және басқа да кірістерді алу мен аудару;Саудалық емес нысандағы аударымдарды жүргізу, оларға гранттармен қоса мұрагерлік, еңбекақы, зейнетақы, алимент және т.б. соммаларды аудару жатады.Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға жатады: Инвестицияларды жүзеге асыру;Интеллектуалды меншік объектілерімен байланысты құқықтырдың толықтай берілуін көздейтін келісімдер негізінде есепайрысуларды жүзеге асыру үшін қажет болатын аударымдар;Жылжымайтын заттарға теңестірілген мүліктен басқа, сол жылжымайтын мүлікпен байланысты меншік құқықтардың тобын жүзеге асыру үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;Валюталық операциялардың көбісі төмендегідей типтерге бөлінетін келісімдер шеңберінде жүзеге асады:1келісімді жүзеге асыру мерзіміне байланысты:шұғыл – «форвард» келісімдері;кассалық – «спот» операциялары; айырбас – «своп» операциялары;арбитражды келісімдер.2келісімдерді жасау орнына байланысты:биржалық;биржадан тыс

ННН

Несие қайтарылуын қамтамасыз ету формаларының жіктелуі. Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды. Несиенің қамтамасыз етілуі клиенттің ссудалық қарызын жабу деңгейі. Бұл фактормен байланысты критерий қамтамасыз етілудің өтімділігі, жеткіліктілігі, сақтандырылуы. Бұл банктің қамтамасыз етуді қалай жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Несиенің қайтарылуын қамсыздандыру формалары бойынша: *қамтамасыз етілмеген; *кепілмен қамтамасыз етілген (қолма – қол бағалы қағаздар, дебиторлы қарыздар, қорлар, құрылғылар, жерлер мен ғимараттар); *кепілдендірілген; *басқа да қамтамасыз етілулер (міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат) Несиелеудің келесі бір қағидаты - берілетін ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағидаттың пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл қағидаттыңң мазмұны толығымен өзгерген. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда. Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.

Несиелеу әдістері және ссудалық шоттар формалары. Несиелеу әдістері – ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеберіне қатынасу тәсілдері. Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің 3 түрі қарастырылады: *айналым бойынша несиелеу әдісі – оның ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу ж/е жұмсалуына байланысты анықталады. *қалдық бойынша несиелеу әдісі – тек бір рет пайдалануға жарайды;*айналым қалдықтық; Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi. Несиелеу әдістері несиені беру ж/е қайтаруға байланысты ссудалық шоттар формаларын анықтауға негіз болады. Несиенің ұйымдастырылу қозғалысы банктің клиентке ашқан ссудалық шотында көрсетіледі. Ссудалық шот клиенттің банктен алған несиесіне байланысты қарызы көрсетілетін, яғни ссуданың берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді. Барлқ ссудалық шоттарға ортақ тәртіп былай сипатталады. Несиені беру олардың дебеті бойынша ал қайтарылуы кредит бойынша клиенттің банкке әрдайым сол жағында яғни ссудалық шоттың дебеттік жағында көрсетіледі. Ссудалық шоттар формалары: * арнайы ссудалық шот – қазіргі уақытта бұл шот бойынша тауарлар қорлары айналымына байланысты бөлшек ж/е көтерме сауда ұйымдары сонымен қатар сату жабдықтау ұйымдары несиеленеді. Кәсіпорынға тек бір ғана арнайы ссудалық шот ашылуы мүмкін. Бірақ та банк кәсіпорындағы жекелеген қандай да бір тауарлар шаралары үстіне несиелеу қажет деп санаса, онда оған жай ссудалық шот ашуға мүмкіндік береді; *Контокоренттік шот (ағымдағы шот) – бұл бірыңғай шот. Онда банктің клиентпен жүргізген барлық операциялары ескеріледі; *жай ссудалық шот – бұл шот ашылған қарыз алушы қорларының жинақталуына байланысты несиеге деген өзінің қажеттілігін өтінеді.

Несиелік келісімшарт және оның мазмұны. Келісімшарт деп екі немесе одан да көп тұлғалар арасында жүргізілетін құқықтар мен міндеттемелердің қалыптасуы, өзгертілуі және жойылуы туралы келісімі. Банк пен клиенттің бірлескен қызметі жүзеге асырылатын болса, бірлескен кызмет туралы келісімшарт бекітіледі. Онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың арасында пайданы бөлудің әрі қаржыландырудың тәртібі айтылады.
Несиелеу банк пен клиент арасында бекітілген несие келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт ссуданы берудің және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.Барлық аталмыш келісімшарттар банктің клиентпен өзара қарым-қатынасының сипатын анықтайды. Келісімшарттар олардың арасында болатын келіссөздердің, бір-бірінің қызметін алдын ала мұқият зерттеудің нәтижесінде бекітіледі. Банк нақты әдістеме бойынша, көбінесе өтімділік, айланымдылық, қаражатты тарту және пайдалылық секілді негізгі төрт көрсеткішке сүйеніп, серіктесінің қаржылық жағдайы мен несие қабілеттілігін талдайды.Жоғарыда аталған келісімшарттар банктің бастамасымен және клиенттің бастамасымен де бұзылуы мүмкін. Келісімшарттардың бұзылуына мыналар себепкер болуы мүмкін: тараптардың өз міндеттемесін орындамауы, өз міндеттемесін орындаудың мүмкін еместігі, тараптардың өз міндеттемесін теріс пайдалану және т.б.

Несиелік қатынастардың объектілері және субъектілері. Банктік несиелеудің қағидалары. Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады. Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты. Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа бөлінеді: І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидаттар: *несиенің мақсаттылығы; *несиенің дифференциялдығы. ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін қағидаттар: *несиенің мерзімділігі; *несиенің қайтарымдылығы; *несиенің төлемділігі; *несиенің қамтамасыз етілуі.

Несиелік тәуекел және оны төмендету тәсілдері. Несиелік тәуекел қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген несиелік тәуекелді жіктеліміне сүйене отырып, біздің ойымызша, жалпы несиелік тәуекелді басқаруға екі тұрғыдан келу қажет: * нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару; * несиелік қоржынның тәуекелін басқару.Несиелік тәуекелді басқару үдерісін мынадай кезеңдерді қамтиды: -тәуекелді идентификациялау; -тәуекелдің деңгейін өлшеу және бағалау; -тәуекелді азайтуға байланысты шараларды іске асыру; -тәуекелдің деңгейіне бақылау және мониторинг жасау.Несиелік тәуекелді басқарудың үдерісінде қарастырылған кезеңдері несиелік тәуекелді жекелеген қарыз алушылар деңгейінде, сондай-ақ жалпы несиелік қоржын деңгейінде басқаруда да қолданылады. Ең бірінші қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару үдерісінің кезеңдеріне тоқалайық.1-ші кезең - идентификациялау кезеңі. Несиелік тәуекелді идентификациялау бұл несиелік тәуекелдің пайда болу аумағын айқындауды білдіреді. Несиелік тәуекелді идентификациялаудың мақсаты қарыз алушының келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау себептерін анықтау. Оған ішкі және сыртқы факторлар себеп болуы мүмкін. Ішкі факторлар яғни бұл банктің несиелеу үдерісін ұйымдастырумен байланысты, ал сыртқы факторлар бұл қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне немесе оның банк алдындағы міндеттемесін орындауға ынтасыздық танытуынан, сондай-ақ несиені қамтамасыз ету мүлкіне байланысты туындауы мүмкін.Несиелік тәуекелді идентификациялау үшін қарыз алушы туралы толық ақпарттарды жинақтау қажет. Қарыз алушылар жеке және заңды тұлғалар ретінде болады. Ендеше қарыз алушы жеке тұлғаға қарағанда заңды тұлғалары бойынша ақпараттар жинау күрделі болып келеді. Несиелік шектеубұл біріншіден несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; 2-шіден қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегін білдіреді. Несиелік шектеу ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді.

Несиелік тәуекелдерді төмендету әдістері. Несиелік тәуекелді басқару үдерісін мынадай кезеңдерді қамтиды: -тәуекелді идентификациялау; -тәуекелдің деңгейін өлшеу және бағалау; -тәуекелді азайтуға байланысты шараларды іске асыру; -тәуекелдің деңгейіне бақылау және мониторинг жасау.Несиелік тәуекелді басқарудың үдерісінде қарастырылған кезеңдері несиелік тәуекелді жекелеген қарыз алушылар деңгейінде, сондай-ақ жалпы несиелік қоржын деңгейінде басқаруда да қолданылады. Ең бірінші қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендету кезеңдеріне тоқалайық.1-ші кезең - идентификациялау кезеңі. Несиелік тәуекелді идентификациялау бұл несиелік тәуекелдің пайда болу аумағын айқындауды білдіреді. Несиелік тәуекелді идентификациялаудың мақсаты қарыз алушының келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау себептерін анықтау. Оған ішкі және сыртқы факторлар себеп болуы мүмкін. Ішкі факторлар яғни бұл банктің несиелеу үдерісін ұйымдастырумен байланысты, ал сыртқы факторлар бұл қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне немесе оның банк алдындағы міндеттемесін орындауға ынтасыздық танытуынан, сондай-ақ несиені қамтамасыз ету мүлкіне байланысты туындауы мүмкін.Несиелік тәуекелді идентификациялау үшін қарыз алушы туралы толық ақпарттарды жинақтау қажет. Қарыз алушылар жеке және заңды тұлғалар ретінде болады. Ендеше қарыз алушы жеке тұлғаға қарағанда заңды тұлғалары бойынша ақпараттар жинау күрделі болып келеді. Несиелік шектеубұл біріншіден несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; 2-шіден қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегін білдіреді. Несиелік шектеу ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді.

Несиені кепілмен қамтамасыз етілуі. Кепіл түрлері. Кепіл туралы келісімді рәсімдеу тәртібі. Кепілсалым, оның мәні және формалары. бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда. Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық. Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады. Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін. Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт: 1) кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс. 2) кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет. 3) кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті. 4) кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады. Кепіл-салым - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепіл-салымның заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепіл-салымның ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл-салымды берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді. Кепіл-салым – күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай формаларға бөлінеді. 1-шіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді. 2-шіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл-салым бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл-салым қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл-салымның бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ. 3-шіден, жеке немесе корпоративтік кепіл-салымдар. Жеке кепіл-салым жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепіл-салымдары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл-салымдар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепіл-салымдарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда. Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.

ӨӨӨ;

Өтімділікті басқару әдістері. Ө-к—банктің сенімділігін қам-з ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі. Банк ө-гі —салымшылар мен қарыз берішілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында ж/е шығынсыз орындау қабілеттігі. Банк өтімділігін басқару банктік менеджменттің маңызды элементі болып табылады. Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты міндеттемелерінің дер кезінде өтеу үшін қолма-қол қаражаттарға деген қажеттілікті әрқашан қанағаттандырып отыру. Басқару әдістері: 1.«Қаражаттардың ортақ қоры»әдісі:банк рес-ң жалпы сомасын рес-ң құралу көздеріне қарамастан, акт-ң әр түрлі түрлеріне бөлу. 2.«Банктегі банктер»әдісі:акт-ң қалыптасуы жалпы сомаға ж/е тартылған рес-ң құрамына б/ты болатынын сипаттайды. 3. Акт-ді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі: ғылыми әдістер мен опер-ды зерттеу көмегімен банк балансындағы ж/е табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі б/ты талдау үшін қазіргі матем-қ аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 216. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия