Студопедия — Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 6 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 6 страница






Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктерді құру, тіркеу және олардың қызметтерін лицензиялау тәртібі. 2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР екінші деңгейдегі банктері қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінің; (Қаржылық қадағалау агенттігі) лицензиясы негізінде қызмет етеді. ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізуге үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады: 1) Банк ашуға рұқсат алу; 2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту; 3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу. Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы. Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады: *рұқсат алу үшін беретін өтініші; *құрылтайшылық шарт (түп нұсқа); *банктің жарғысы (түп нұсқа); *банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама; *құрылтайшылар туралы мәліметтер; *құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы. Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады. Қаржылық қадағалау агенттігі банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді. Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау агенттігі рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау агенттігінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады. Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс: - ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау; - жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Қазақстан Республикасының валюталық саясаты Қазақстан Республикасының валюталық саясаты ұлттық валютаның және ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Валюталық және өзге де экономикалық халықаралық қатынастар аясында жүзеге асырылатын валюталық саясат, шаралардың жиынтықтағы нарықтық экономиканы реттеу жүйесінде маңызды орын алады. Ел дамуының белгілі бір кезеңінде сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және ұлттық экономиканың өсуі соның тиімділігіне байланысты болады. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат аса маңызды орын алады. Сондықтан да, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары анықталған, соның ішінде негізгі мақсат болып ақша-несие саясаты екендігі баса айтылған. Себебі, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикалық өсу мен ынталандыруды қатамасыз ететін негізгі бағыт екені айқын көрсетілген. Сондықтан да, валюталық саясаттың мақсаты негізінен орнықты экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның тұрақтылығын (құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-теңдікті (төлем балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық саясаттың шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.Валюталық саясаттың нақты міндеттеріне мыналар жатады: валюта жүйесі мен валюта нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюта дағдарысын жеңіп шығу, валютаның және ұлттық валютаның бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету; валюталардың айырбасталымдылығына көшу, валюта операцияларын ырықтандыру және тағы басқалары. Валюталық саясатты үкіметпен бірлесе отырып Орталық банк ойластырып, ол заң негізінде бекітіледі. Валюталық саясатты валюталық стратегияның, валюталық реттеуімен ұштастырылуы ретінде қарастыруға болады. Валюталық стратегия саласына валюта бағамы тұжырымдамасын, сол бағамға ықпал ету әдістерін таңдау.Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары елдің валюталық-экономика жағдайына, әлемдік шаруашылықтың өрістеуіне, дүниежүзілік аренада күштерді орналастыруға байланысты. Әр алуан тарихи кезеңдерде валюталық саясаттың мынадай нақты міндеттері алғашқы жоспарға қойылады: валюта дағдарысынан шығу, валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылығына көшу, валюта тәртіптемесін ырықтандыру және басқалары. Абсолютті дербес ұлттық экономикалық саясат, соның ішінде валюталық, несиелік, қаржылық елдердің өзара тәуелділігінің дамуымен және әлемдік шаруашылықтағы бірігуімен сыйыспайды. Валюталық саясатты заңды түрде, яғни валюталық құндылықтармен ел ішінде және тыс жерде операцияларды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нысандары жиынтығы – валюталық заңдармен, сонымен қатар валюта проблемасы бойынша мемлекеттер арасында жасалатын екі жақты және көп жақты валюталық келісімдермен рәсімделеді. Валюталық саясатты жүзеге асырудың бір құралы – халықаралық есеп айырысуды және валюта операцияларын жүргізу тәртіптерін мемлекеттің реттеуі. Ол ұлттық, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері және атқарушы үкіметтің әрекеті арқылы орындалса, ал жанама реттеу экономикалық, соның ішінде валюта-несие әдістерімен нарықтағы экономикалық агенттердің мінез-құлқына ықпал ету жолымен іске асады. Шаруашылық байланыстарды интернационал дандыру мемлекетаралық валюталық реттеудің дамуына әсер етеді. Ол мынадай мақсаттарды көздейді: жекелеген елдердің валюталық саясатын үйлестіру, валюта дағдарысынан шығудың бірлескен шаралары, бұл турасында басқа елдерге қарағанда жетекші мемлекеттердің валюталық саясатымен келісу.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша комитеттің негізгі міндеттері мен қызметтері. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi: 1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу; 2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру; 4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. 2004 жылға дейін, оның негізгі міндеті ретінде ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрықтылығын қамтамасыз ету болғандығын еске сала кеткен дұрыс. Осы жерде, неліктен ҚР Ұлттық банкінің жаңаша негізгі міндетін осылай белгілеу қажет болды деген сауал тууы мүмкін. Осы сауалға екі жақты жауап берген дұрыс. Біріншіден өткен міндеті ретінде белгіленген ұғымдардың мәнін түсінейік, яғни ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы бұл ішкі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді сипаттаса, ал сыртқы тұрақтылығы - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді білдіреді. Бүгінгі күні Ұлттық банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады: ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкоталар мен монеталарды шығару; мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу; несие беру; депозит қабылдау; төлем жүйесін ұйымдастыру; валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру; төлем балансын құрастыру. Сонымен қатар, Ұлттық банкке жоғарыда аталған қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктеледі: *Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде: -Банктер; -Сақтандыру ұйымдары; -Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары; -Жинақтаушы зейнетақы қорлары. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі – бұл қаржы нарығын және оның «ойыншыларын» реттейтін және қадағалайтын негізгі мемлекеттік орган. ҚҚА-ның мақсаты – Агенттік өз миссиясы (мақсаты) есебінде қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді жəне жалпы қаржы жүйесіне сенімділікті қолдауды, қаржы рыногында əділ бəсекелестікті көтермелеуге бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін теңдей жағдайларды жасауды, қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісінше деңгейін қамтамасыз етуді айқындайды. Қаржылық қадағалау агенттігінің міндеті – қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар туғызу, Президент Агенттіктің банк жүйесі жағдайын мониторингілеу жұмысын және агенттіктің институционалдық мүмкіндіктерін күшейтуге қатысты міндеттерді қойды. Сондай-ақ, тез арада Агенттіктің өкілеттілігін күшейтуге бағытталған заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігіне тоқталды. ҚҚА қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын және заңды мүдделерін бұзбау үшін шаралар қабылдайды, әділ бәсекелестік қағидатымен қаржы ұйымдары үшін тең жағдайлар жасайды және қаржы нарығының «ойыншыла- ры» өз уақытында және толық көлемде олармен қабылданған міндеттемелердің орындалуын қадағалайды. Агенттік қаржы ұйымдары қызметінің және олармен көрсетілетін қаржы қызметтерінің ашық болуына, қаржы қызметтері тұтынушылары үшін ақпараттың толық және объективті қолжетімділігіне ықпал етеді, жаңа қаржы құралдарының және жеке инвесторлар үшін қызметтердің да- муын қолдайды, қазіргі заманғы технологияларды ендіреді, шешімдерді қабылдау кезінде тәуекелдерді дәл өлшейтін қаржы ұйымдарын басқаруға ықпал етеді, қаржы жүйесінің тұрақтылығы сақталуы үшін қаржы ұйымдары мен қаржы нарығының мониторингін жүргізеді, қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында тәуекелдерге жиі ұшырайтын қаржы нарығының салаларында қарқынды жұмыс істейді.

Қарыз алушыларды несиелеу кезеңдері. Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга. Н-у процесінің кезеңдері:1.Н-еге өтінішті қарау, ж/е қарыз алушымен әңгімелесу;2.Қарыз алушының н-к қабілетін анықтау;3.Н-к келісімшарт жасау;4.Несие беру;5.Н-ні қолдану ж/е н-к мәмілені орындалуын бақылау.Несие алушы банкке өтініш жазып береді(3дана), онда:мақсаты, сомасы, қайтарылу мерзімі, несиеленетін кәсіпорын жайлы мәлімет. Жеке тұлғ-ға:1.Өтініш,2.жанұя тур.ақпарат, 3.Кепілдік беруші орт-нан ақпарат; 4.Мүлікке құжат; 6.Жұмысы, жалақысы тур.ақпр. Заңды тұлғалар тапсыратын құжаттар: 1.Өтініш; 2.Бизнес жоспар; 3.Құрылт-р құжаттары; 4.РНН; 5.Басшылар қолдарының үлгілері, мөрі; 6.Аудитоорлық қор-ды;7.Соңғы 2-3 жылдағы бух-к есеп беру құжаттары; 8.Келісімшарт көшірмелері; 9.Кепілмен қам-з ету құжаттары.

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігі туралы түсінік. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау. Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытында есеп айырысу қабілеті. Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында көңіл аударатын ең бір формалды көрсеткіш болып табылады. Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.Қарыз алушының занды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен түрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты: 1)шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру; 2) несиені қайтару; 3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;5) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.

Қарыздардың қолданылуын және өтелуін бақылау. Несиелік санкциялар. Несиелердің әр сатысын талдап отыру қажет: несие келісімшартын дайындау және бекіту, несиені беру барысында олардың қолданылуын, несиенің өтелуіне бақылау жасау барысында пайыздың төленуін. Заемщик пен банк арасында несие алу барысында жасалатын келісімшартты талдау несиелендірудің барлық процесі мен нәтижесін көрсетеді. Банктің несие бөлімі жасаған несие шарттарының орындалуына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, қарыз алушылардың алынған ссудаларды тиімді пайдалануына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, осыған орай қарыз алушымен ссудаларды пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде тығыз байланыс жасауына жүйелі түрде бақылау жасауды жүзеге асыруы тиіс. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметі мен оның қаржылық жағдайына жүйелі түрде талдау жасалып отырады, жер жерлерде ақша және есеп айрысу құжаттарына, бухгалтерлік жазуларға, бухгалтерлік және статситикалық есеп материалдарына тексерулер жүргізеді. Осыған орай қарыз алушылардан, сол сияқты өзге де көздерден алынатын қаржылық және басқа ақпараттардың бүкіл түрлері пайдаланылады. Қажет болған жағдайда несие бөлімі келесі мәселелер бойынша жер жердегі қарыз алушыларға тексерістер жүргізеді: -банктен алынған ссудаларды мақсатты пайдалану; -қойма есебінің мәліметтері бойынша ссудаларды қамтамасыз ету; -бухгалтерлік есептің жай күйі; -тауар материалдық құндылықтардың сақталу жағдайы; -несие берілетін тауар материалдық құндылықтардың құрамы және оларды қайта өндеудің немесе өткізудің болашағы; -қарыз алушылардың өз қаржыларын пайдалану. Пруденциялық реттеу жүргізу нәтижесінде анықталған банк заңдарының бұзылуына жол берген екінші деңгейдегі банктерге шектелген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылды. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банкке қолданған ықпал ету шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде төмендегідей шараларды жүзеге асырады: а) Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген негізде айыппұл салу және өндіріп алу; ә) барлық немесе жеке бір банктік операцияларды жүргізуге лицензияларды жою; б) банкті консервациялау; в) белгілі бір негіз бойынша банктің ашылуына рұқсатты қайтарып алу. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан екінші деңгейдегі банктердің банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензия қайтарылып алғаннан соң, лицензия берген органдармен тиісті шешімдер қабылданғанға дейін банктік операцияларды жүргізу тоқтатылады. Банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қайтарылғаннан кейін, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі ондай банкті басқару үшін уақытша әкімшілік тағайындайды және барлық басқару органдарының құзыреті уақытша әкімшілікке беріледі. Сондай-ақ банкті бұған дейінгі басқарған органдарының құзыреті тоқтатылады. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банктік операцияларды жүргізуге лицензияны қайтарып алғаннан кейін, белгіленген тәртіпте 10 күн ішінде банк қызметін еріксіз тоқтату туралы сотқа арыз береді. Банкті консервациялау - банктің қаржылық жағдайын сауықтандыру және оның жұмысының сапасын жақсарту мақсатында өкіліетті ұйымның шешімі бойынша әкімшілік, заңи, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де шаралар кешенін мәжбүрлі түрде қолдануды білдіреді.

Р Ұлттық банкісі, оның валюталық бақылау және валюталық реттеу органы ретіндегі қызметі Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері. Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.2. Валюталық реттеудің міндеттері:1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу;2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.Валюталық реттеу органдары1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:тiркеудi;хабардар етудi;3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн;4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi. Валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерi1. Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. 2. Валюталық бақылаудың мiндеттерi:1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн айқындау; 2) валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру; 3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктiң толықтығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады.Валюталық бақылау органдары мен агенттерi1. Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкілеттіктерi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар (валюталық бақылау органдары) және валюталық бақылау агенттерi жүзеге асырады. 2. Уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар валюталық бақылау агенттері болып табылады. ЛЛЛ







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 222. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия