Студопедия — Пәлсапалық негізі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пәлсапалық негізі






М. Әуезов стилін танудың технологиясы

М.Әуезов Абайтанудың тамаша жүйесін жасап берді. Жазушының басты мақсаты - Абайдың қоғамдағы келбетін, данышпаңдық болмысын ашу. Міне, осы мақсатты жүзеге асыру үрдісінде Абайдың ақындық өнерін небәрі даналық пайым-парасатының құралы ретінде пайдаланған. Бұл тұжырымымды профессор Мекемтас Мырзахметовтың ой-түйінімен дәлелдеуге болады:

«Мұқаң ақын шығармаларын барлық сипатын аша, жан-жақты талдаған емес. Және де мұны мақсат та тұтпаған»...

/«Абайдың адамгершілік мұраттары». Алматы. «Рауан», 1993 ж./ Филология аспектісіндегі стиль нысанасын зерделесек, ол тек жазушының тілдік шеберлігі ғана емес. Стильді тұтастықта, жазушының көздеген мұратын жинақтай түйсіну, тек технологияны меңгеру арқылы нәтижелі болмақ. Стильдік ерекшеліктерді пайымдаудың технологиясы Абайдың әлемдік деңгейге баспалдақпен көтерілу кезеңдерін саралау болып табылады.

Бұл тұжырымды мынандай жүйеде рет-ретімен жүйелеу барысында жазушының тіл айшықтарын аңғару қиын емес:

- Абайдың приход мектебінен оралу сапары;

- Абайдың әкесіне сәлем беруі;

- Әкесінің балаға берген бағасы және Құнанбайдың портреті;

- Қодар мен Қамқа трагедиясы – Абайдың есеюіне қозғаушы күш;

- Барлас пен Байкөкшенің келуі;

- Жер дауы;

- Зеренің әйелдер арасындағы беделі;

- Алшынбай мен Құнанбай достығы;

- Шөже ақынның өткір сыны;

- Абайдың Майбасарға өлең шығаруы;

- Балтаның өлеңі;

- Жиналған жылқыға деген Абайдың ішкі күйзелісі;

- Абайдың Құлыншақ еліне келуі;

- Абайдың Тоғжанды кездестіруі;

- Абайдың алғашқы махаббаты;

- Абайдың Байдалыға баруы;

- Кәмшаттың трагедиясы;

- Тәкежан мен Абайдың өмірге екі түрлі көзқарасы;

- Бөжейдің өлімі;

- Тергеушілердің келуі;

- Абай мен Ерболдың Түйеөркешке сапары;

- Абайдық Ділдәға үйленуі;

Мұндай жүйені эпопеяның аяғына дейін топтамамен келтіруге болады. Бірінші көріністің сипатталу әдісін аңғаруға Абайды алып келуге барған Жорға Жұмабай мен Байтастың сұхбаттары мүмкіндік туғызады.

Жазушы оқиға көрінісін бірден бастап кетеді: «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне, бала шәкірт барын салды»...

Бала Абайдың туған жерге деген ыстық сезімін ұры-қарыдан да жасқантпайды.

Жандайшап болып жүрген Жұмабайдың өзін жазушы Абайдың ұры болып ойнап Жұмабайға тиіскен көрінісі арқылы Құнанбайға адал еместігін танытады. Оны суреткер мынандай жолдармен баян етеді:

«Қараса, бұның шоқпарын тартып ап, ақ боз аттың алдынан көлденең шығып, қазір ішек-сілесі қатып, үнсіз күліп тұрған бағанағы бала шәкірт. Өзі айтқан «Құнанбайдың бөлтірігі» - Абай екен.

Ал әңгімешіл, сері Байтас өзінің ала жаздай серілік құрып ел қыдырып, қыз-келіншекпен сауық-сайран салып, әйеліне не айтарын білмегендіктен, «Не бетімді айтамын Өйке апама» деген өлеңін жазып жібергені жайлы Абайға әңгіме шертеді.

Міне, бұл көріністі жазушы Байтас ықпалы арқылы баланың өнерге деген құлшынысын оятуға алғашқы түрткі ретінде пайдаланған, ал Жорға Жұмабай әкесі Құнанбайдың әлеуметтік рөлін танытуға арнайы алынған.

Абайдың әкесіне сәлем беруімен жазушы Құнанбайдың түпкі мақсатын, оның қоғамдық мәнін ашпақ. Мұны аңғартар тірек ой: «Бала ес білгеннен бері карай әкесінің қабағын жүтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім».

Абайдын үшкіруге пайдаланғаны өзінің көктемде Науаи, Фзулиді оқып жүргендегі жазған өлеңі еді деп автор көңілге қонымды көрініспен шығыс әдебиетінен нәр алған бала Абайдың алғашқы талпынысын оқырманның назарына салады.

Әсіресе, әкесінің: «Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші» - деген бағасы Абайдың өзіне ақыл, парасат, пайым жағынан көмекші боларына көзі жеткенін аңғарту деп қабылдаймыз.

Құнанбайдың барлық шонжарлардан оқшау екенін суреткер портреттеу тәсілімен оқырман қауымға шебер жеткізе білген. Әсіресе, оның бет ажары арқылы әлеуметтік мәселелердің шешілуін іліктестіре баяндайды. Мәтіндегі портреттемеге зер салып көрелік: «Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғығандай, сақшыдай бағып, осы өңірді қылт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші.

Жалғыз көз шүңет емес, томпақша тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бала ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай, осы үйде әркімге қарамайды»...

Жазушы келтірілген тірек суреттердің стилін әдемі мазмұн құраудың құралы ретінде қолданбай, керісінше Құнанбай көтерілген белестің биіктігін оқырманға таныту деп ұққан жөн. Бұл жоғары деңгейге Абайдың да көтерілуі шонжарлармен қарым-қатынас, ел дауы, жер дауы, Сахара заңы, Отарлау саясаты, жесір дауы сияқты әрекеттермен ұштастығын оқырман байқайды. Абайдың әлеуметтік көзқарасының тууына алғашқы қозғаушы күш – Қодар мен Қамқа трагедиясы.

Стильдің өзіне үңілсек: «Абай бұрынғы жас бала күнінде мұндайды аңғарып сезінген де, таныған да емес. Енді байқады. Көздің жасында адамды барлық өне бойымен өзіне карай құлата тартқан бір өзгеше ыстық күш бар екен. Үлкен құз биіктің басына шыққанда, бір сәт ойға қарай құлап кеткісі келетін сияқты, өзіне тартқыш, ұғымсыз күш.

Технологиямен оқу арқылы жазушының тіл ерекшелігіндеп басты нысана каһарман мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас, әрекет, сурет, құбылыс, табиғат көріністері, ішкі тебіреніс, ішкі қозғаушы күш т.б. әрекеттер аңғарылады. Сөз өрнегімен – оқырманға уақиға иірімдері сайдың тасындай жүйесімен меңгеріледі.

Аталған оқиға иірімдерінің салмағын, жазушының ол көріністерді сипаттаудағы шеберлігін сабақ барысында толық ашу мүмкін емес.

Келесі ерекше бір тоқтала кететін көрініс – Кәмшаттың қазасы. Эпопеяда бұл оқиға кездейсоқ баяндалмаған. Абайдың өмірді тануы, әлемдік мәдени мұраны меңгеруі талай-талай соқтықпалы соқпақсыз жердің қиын-қыстау бел-белестерімен бетпе-бет кездесті. Ол сол жолда өз-өзін ширатты, тығырықтан шығудың амалын білді. Жазушы Абайдың ақындық бейнесін танытуды мақсат етпейді. Абайдың ақын болуды көздеуінен туған ой болатын. Сол бір қиын сәт Кәмшаттың ел дауының, жер дауының құрбаны болуы еді. Бұл көріністі суреткер оқырманның сай-сүйегін сырқырататын, денесін шымырлататын, аяушылық сезімін оятатын халде сипаттайды: «Жылаған Кәмшат екен. Ол қонақтардың оң жағында, бір жаман жаялықтық үстінде бүк түсіп жылап жатыр. Басында жастық та жоқ. Тек бір жаман жыртық шапанның жеңі жасталыпты.

Кәмшат жаңа келген кісілерді танымады. Бірақ үй ішінің қаттылығын осы жаңа келген жандарға шаққандай боп кемсеңдеп, иегі дірілдеп, біртүрлі әлсіз үнмен жылады.

Бұрын топ-толық, қызыл шырайлы, қарақат көзді Кәмшат қазір сатқақ ұрғандай арықтап, құп-қу шөлмектей боп қалыпты. Қол-аяғы шидей, бетінде ғазап пен сор көлеңкесі бар сияқты. Кірпіктері ұзарған. Екі ұрты кәдімгі қайғы шеккен, аштық көрген үлкен адамдардың бетіндей боп тозығы жетіп, жиырылып тұр»...

М.Әуезов Абай бейнесін сомдауда Абайдың санатты даналық болмысын жан-жақты ашу еді. Абайдың өз сезімен айтсақ, «Түзетпек едім заманды» деп, әлемдік даму өрісіне жаңа ұрпақты ыңғайлау харекетін ұстанғандық аталған оқиға иірімдерінде, эпопеяның мәтінінде аңғарылады.

М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың балалық шағына байланысты эвристика сұрақтары:

1. Жиреншенің Абай ауылына келу себебін түсіндір.

2. Жиреншені кім қарсы алды?

3. Жиренше тарғыл тазыны не үшін ертіп келді? Себебін ашып бер.

4. Жиренше мен Абай аңды аулауда қандай сәт, оқиға болды? Оны жіктеп көр.

а) қояңды іздеуі;

ә) Жұмағұлдың кездесуі;

5. Жұмағұл Қодар сынына Жиренше мен Абайға неге баруға ұсыныс жасады? Өз ойыңды баянда.

6. Жиреншенің Қодар сынын қызықтауға барғанын қалай бағалайсың?

7. Қодардың ауыр жазасы Абайға калай әсер етті? Оның ішкі жан жарасы мен тебіренісін жазушы қалай суреттеген?

8. Жиреншенің екі сөзіне Абай не себепті назар аударды? Осы сурет арқылы Абай қоғам теңсіздігін, озбырлық пен ауыр жазаның тізгіні әкесінде екенін қандай халде түсінді?

9.«Мен көк ит болсам, сендер көп итсіндер... Таларсың да жерсің» - деген Қодар сөзінен заман әділетсіздігін шығаруға бола ма? Әлде бұл көрініске қосымша көрініс қызмет ете ме?

10. Абай күйзелісі мен табиғат сабақтастығын жазушы қалай бейнелеген?

11. Абайдың әкеге деген жан тебіренісі, реніші қай көріністер арқылы анғарылады?

12. Діни адамдардың ішкі бейіндері мен әрекеттері қалай сипатталған? Бұл оқиға арқылы жазушы нені мақсат тұтқан?

13. Абайдың анасы Ұлжанның ауылына келуі. Анасының бала жүзінен есейгендікті, езгерісті аңғаруы.

14. Ұлжан мінезін баласымен қарым-қатынас әрекетінде таныту шеберлігі.

15. Әкесінің Абай қабағынан жайсыздықты сезінуі.

16. Жиренше Ұлжан сөзінің астарынан қандай мұңды байқады?

17. Абайдың әкеге деген көзқарасының өзгеруін автор қалай баяндайды?

18. Әжесі Зеренің Абайға берген батасы.

19. Оспанның үйге «бауырымдап» кіріп келуі отырғандарға қалай әсер етті.

20. Оспанның еркелігін қалай қабылдайсың?

21. Абайдың ішкі көңіл-күйінің мүлдем өзгеруі.

Аталған эвристикалы сұрақтар арқылы эпопеяның дидактикалық пәлсапасының негізі шығады.

 








Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 1159. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия