Студопедия — Дәріс 5.Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызмет жүйесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 5.Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызмет жүйесі






Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет және оның жүйесі туралы түсінік

2. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі функциялары

3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің құрылымы

4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің міндеттері

«Әлеуметтік педагог» мамандығының аталуының өзі «педагог» сөзінен туындайды. Сондықтан әлеуметтік педагог мамандарын педагогикалық оқу орындарында дайындап шығарады. Бұл екі мамандықты да теңестіріп отыратын нәрсе - олардың екеуінің негізгі назарының объектісі бала және оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуы болуында. Соған қарамай, бұл мамандықтар бір-бірінен ерекшеленеді де. Оқытушы өзінің негізгі білім

берушілік қызметін орындаса, ал әлеуметтік педагог оқушының қоғамға бейімделуін басты назарда ұстайды.

Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі - әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған бойында әртүрлі интеллектуалдық, педагогикалық, психологиялық ауытқулары бар балалар (көзі көрмейтін, естімейтін, ақыл-есі

кемтар және т.б. балалар) да жатады. Әлеуметтік педагогтің қызметінің мақсаты - баланың дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктерді жасау.

Маманданудың негізіне әлеуметтік педагог қызметінің бағыттарына икемділік танытқан тип тұлғалары алынады. Осыған байланысты мынадай мамандарды ажыратып көрсетуге болады:

-девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;

-мүгедектермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;

-жетім балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;

-қашқын балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар және т.б.

Әлеуметтік педагогтің бүгінгі таңда қызмет ету салалары өте ауқымды. Олар: білім беру мекемелері, жастар ісі жөніндегі комитет мекемелері, денсаулық сақтау мекемелері (балалар ауруханалары, психикалық ауру балалардың арнайы ауруханалары, наркоман балалар санаторийлері және т.б.), халықты әлеуметтік қорғау мекемелері, ішкі істер бөлімі жүйесіне қарайтын мекемелер (балаларға арналған интернаттар мен тәртіп бұзушы балалар колониясы және т.б.).

Жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, әлеуметтік педагогтың мынадай негізгі қызметтерін(функцияларын) бөліп көрсетуге болады:

1. Тәрбие берушілік;

2. Диагностикалық қызмет;

3. Ұйымдастырушылық;

4. Алдын ала болжау қызметі;

5. Әлеуметтік-терапевтік;

6. Делдалдық қызмет;

7. Реттеушілік қызмет;

8. Қорғаушылық қызмет;

9. Алдын алушылық қызмет.

Бұл қызметтер белгілі бір құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Құралдарға барлық іс-әрекеттер, пәндер, құрал-саймандар, әдіс-тәсілдер, формалар мен технологиялар жатады.

Әлеуметтік педагог мамандық ерекшелігі бойынша байқағыштық, жағдаяттардан тез шығуға қабілетті болу, интуиция және т.б. қасиеттерге ие болуы керек. Ал жеке адам ретіндегі қасиеттері:

1. Ізгіліктілік қасиеті (мейірімділігі, жоғары сезімталдығы, адалдығы, әділдігі және т.б.);

2. Психологиялық мінезділігі (психикалық процестерге жоғары деңгейде талдау жасай білуі, тұрақты психологиялық көңіл-күйде болуы, ерік күші мен көңіл күйін басқара бiлуi және т.б.);

1.Психоаналитикалық қасиеті (өзін-өзі бақылай білуі, өзіне-өзі сын көзбен қарай білуі, өзіне-өзі дұрыс баға бере білуге қабілетті болуы);

2.Психологиялық-педагогикалық қасиеті (тез тіл тапқыштық, көпшіл болу, салмақтылық және т.б.).

Әлеуметтік педагогтың өз қызметін атқару барысында білуі тиіс бірқатар міндеттері айқындалған. Олар:

- отбасы тәрбиесінің бүгінгі күнгі мәселелері мен қиындықтарын, отбасы өмірінің психологиясы мен этикасын, бүгінгі отбасы дамуының тенденцияларын білуі тиіс;

- балалардың, жасөспірімдер мен жастар тұлғасының даму заңдылықтарын, олардың сұраныстары мен қызығушылықтарын, мотивтері мен оларды қанағаттандыру деңгейлерін білуі тиіс;

- балаларды қорғаудың әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізін, мүгедек балаларды қорғау, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау, балалық пен аналық құқықтарды реттейтін құқықтық актілерді білуі тиіс;

- отбасыларына көмек көрсету мәселелері бойынша қоғамдық мекемелер мен мемлекеттік институттар жүйесінің функцияларын білуі тиіс;

- әлеуметтік ортада, мектепте, отбасында, тұрғылықты мекенжайда, бірлестіктерде, топтарда және т.б. жерлердегі жұмыстың ерекшелігін білуі тиіс;

- жұмыс ұйымдастырылатын ортаның экологиялық, демографиялық, әлеуметтік-педагогикалық ерекшелігін білуі тиіс;

- тұлғаны және ол өмір сүретін микроортаны диагностикалаудың әдісі мен әдістемесін білуі тиіс;

- отбасыларымен, әртүрлі топтар мен әртүрлі категориядағы адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдісі мен әдістемесін білуі тиіс;

- отбасындағы бос уақытты ұйымдастырудың, қарым-қатынастың, отбасындағы балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің бос уақыттарын ұйымдастырудың принциптерін білуі тиіс;

- еңбек заңдарының негіздерін білуі тиіс.

Сонымен қатар, әлеуметтік-педагогикалық қызметте маманның меңгеруі тиіс және бойынан табылуы тиіс қабілеттіліктеріне де бірқатар талаптар қойылады. Олар төмендегідей:

- балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын анықтау және олардың ақыл-ойының, дене және таланты жағынан дамуына жағдай туғыза білуі тиіс;

- әртүрлі әлеуметтік мәдени жағдайда білім беру процесін ұйымдастыру;

- отбасылық-тұрмыстық жағдайда тәрбиеге оң ықпал жасау, отбасыларына кәсіби көмек беру;

- әлеуметтік қауіпті отбасыларымен, ондағы педагогикалық қараусыз қалған жасөспірімдермен байланыс орната отырып, өзара түсіністік табу, оларға көмек пен қолдау көрсету;

- балалардағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуын диагностикалау және байқалған девиантты мінез-құлықты коррекциялау және үйрету;

- клиенттерді түсіністікпен тыңдай білу және өткір тақырыптардағы талқылауларды позитивті эмоционалды көңіл-күймен түсіндіру;

- табысты кәсіби қызметке мүмкіндік туғызатын қарым-қатынасты қалыптастыру және дамыту;

- балалар мен жастардың өз проблемалары бойынша мәселелерін өз күштерімен шешуге күш салуына белсенділіктерін қалыптастыру;

- отбасының беріктігін сақтауда және оларға бала тәрбиесінде нақтылы педагогикалық көмек көрсетуде әлеуметтік институттардың мүмкіндіктерін пайдалану;

- әлеуметтік институттар арасында байланыстар орнату;

- кәсіби қызметте әлеуметтік зерттеулер әдістерін пайдалану.

Тұжырым:

1.Әлеуметтік педагогикалық қызметке деген көзқарас бүгiнгi қоғамда екiжақты деп қарастыруға болады. Бiрiншiден, көпшiлiк нарық талаптарына сай бiлiм мен қабiлеттiң көзi тәрбиеші еңбегiне байланысты екендiгiн түсiнiп, оған жоғары баға берсе, екiншiден мамандық таңдау мен әлеуметтiк мәнi бойынша әлеуметтік педагогикалық мамандықтың мәртебесi анағұрлым төмендедi.

2.Бүгiнгi қоғамда сапалы бiлiм алу бiлiм берушi тұлғаның жеке басының сапасына да байланысты екендiгiн көрсеттi. Өйткенi бiлiмдi меңгеруде оқытушымен қарым-қатынасқа түсу, жеке басының өнегесi, аудиторияға әсерi және т.б. көптеген факторлар маңызды.

3.Бүгiнгi әлеуметтік педагог маманы өз қызметiнiң мазмұнын қоғам талаптарына сай жаңа технологиялармен толықтырумен қатар жеке басының дамуында да әлеуметтендiрушiлiктi жүзеге асыруы тиiс. Өйткенi бүгiнгi қоғам талаптары әлеуметтік педагогтар алдына адамды қоғамға ендіруде немесе тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыруда үлкен жауапкершiлiктердi жүктейдi.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Әлеуметтiк педагогтың жеке басына қойылатын талаптар қандай?

2.Әлеуметтiк педагог қызметiнiң жүйесi және мазмұны неден тұрады?

3.Әлеуметтiк педагог қызметi барысында қолданылатын әдiс-тәсiлдер мен құралдарды сипаттап беріңіз.

4.Әлеуметтiк педагогтың кәсiби бiлiмдiлiгiн түсiндiрiңiз.

5.Әлеуметтiк педагог қызметiнiң құрылымы және оны iске асыру әдiстемесi тиімді ұйымдастырылуы үшін қандай шарттарды ұсынасыз? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

6.Әлеуметтік педагогтың міндеттері тәрбиешіден, сынып жетекші міндеттерінен несімен ерекшеленеді?

7.Қандай тұлғалық қасиеттер, білімдер мен дағдылар әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінде қажет болып саналады?

8.Қалыпты отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық көмек қажет болады деп ойлайсыз ба?







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 10883. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия