Студопедия — Лекция. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» т.б
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» т.б






 

 

Корректор: Петрова И.Н.

 

 

 

 

Подписано к печати __________201___.

Формат 60х84 1/16 Бумага офсетная.

Печать ризограф.

Тираж 200 экз.

 

 

Международный институт рынка

443030, Самара, ул. Г.С.Аксакова, 21

 


Лекция. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік.ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.Діни-ағартушылық бағыт өкілдері Ағартушы демократтық бағыт өкілдері.

Қамтылатын мәселелер:

1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің

дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік.

2. ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.

3. Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері.

 

Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың 1900 және 1920 жылдар аралығындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

Бұл пәннің міндетіне – ХХ ғасырда жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғандығына назар аударылады.

Филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті және филология, қазақ тілі мамандықтары үшін ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын оқыту аса қажетті міндет болып табылады. ХХ ғасырдың басы – қазақ әдебиетінің шынайы кәсіби шеберлік деңгейіне көтерілген тұсы. Сондықтан да осы 1900-1940 жылдар аралығындағы әдеби – көркем шығармаларымен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің реңктерін айқындауға, бұрынғы-кейінгі әдебиеттердің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тарихи-қоғамдық әлеуметтік жағдайларымен байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ой-сананы оятудағы міндетін анықтау.

ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің күрделілігімен тығыз байланысты болып келеді. Ендеше ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын терең оқып үйрену-филология факультетінің студенттері үшін аса маңызды саланың бірі.Өйткені, бұл кезең тұсындағы әдеби бағыттар мен соның көрнекті өкілдері мен шығармашылық ізденістері өткен әдебиеттің биік деңгейінің болмыс-бітімін айқындайды. ХХ ғасырдың басындағы тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси өзгерістер әсерінен нәр алған қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік ізденістер ұлттық әдебиеттің даму барысын жүйелеуге негіз болады. Бірақ қазан төңкерісінен кейін орныққан саяси-идеологиялық билік қазақ әдебиетінің даму үрдісін басқа арнаға бұрып жіберді. Міне, осының себеп-салдарын ашу, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің табиғатын терең танып-білуге септігін тигізеді.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері – діни-ағартушылық бағытты ұстанған ақындар поэзиясы болды. Бұл бағытты ұстанған ақындар шығармаларының негізгі арқауы – адамдардың сана-сезімдерін мұсылмандықтың ізгі нұрымен сәулелендіру арқылы адал өмір сүру, адамгершілік, имандылық сияқты қасиеттерге тәрбиелеу, оқу-білім алуға шақыру еді. Сондай-ақ, олар адам мінезінің азуын, жауыздық, алдау-арбау, парақорлықтың кең өріс алуын дінсіздіктен деп түсінді. Және осы мұсылмандық жолдан тая бастауымызға негізгі себепкердің бірі Ресей отаршылдары екендігін білді. Сондықтан да адамды аздырудан сақтап қалудың бірден-бір жолы ретінде дін моралін ұсынды. Қазақ қоғамындағы осындай рухани сілкініс әдебиетке діни-ағартушылық бағытты ұстанған ақындар шоғырын алып келді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931), Нұржан Наушабаев (1859-1919), Ақмолла Мұхамедияров (1831-1895), Әбубәкір Кердері (1861-1905), Мұсабек (Молда Мұса) Байзақұлы (1849-1932) т.б. ақындар өз шығармашылығының бір арнасын мұсылманшылық-ағартушылық бағытқа арнады.

Қоғамдағы осы өзгеріс Сыр бойы ақындары Балқы Базардың, Шораяқтың Омарының, Тұрмағамбеттің, Қарасақал Ерімбеттің, Кете Жүсіптің, Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының шығармашылығына, өмірлік ұстанымына әсерін тигізбей қоймады. Діни сауаты терең Сыр сүлейлері осы өңірдегі діни-ағартушылық бағыттың басында тұрды. Исламды адамгершілік пен имандылық, ар, жан тазалығы деп ұққан олар адамгершілік, гуманистік, имандылық ой қорытуларын діни ұғымдармен жанастыра отырып беруге тырысты. Құран Кәрим сүрелерінен, аят, хадистерден алынған үлгі, өсиет, ғибрат сөздерді философиялық астарлы ойды беруге, қарапайым халықтың ислам дінін шынайы, имандылық тұрғысынан терең мән бере қабылдауына (түсінуіне) ықпал жасау үшін пайдаланды. Мұсылман дінін дәріптейтін дастандар жазды, мінажат, мадақ т.б. діни жанрларды өз шығармаларының негізгі арқауына айналдырды. Патшалық Ресейдің түпкі мақсаты қазақты шоқындыру арқылы ұлттың рухын өлтіріп, жадымызды өшіру саясатын терең түсінген Сыр сүлейлері діни шығармаларында тек ағартушылық идеясын ғана емес, азаматтық-азатшылдық мұраттарын да анық аңғартты.

XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары болды. Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес дәуірі болды. Дәуір болмысының шындығы, саяси ахуалы көркем әдебиетке зор ықпал-әсер етті. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет бағыттары өріс алды. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болды. Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылдық идеясын насихаттаған Оян, қазақ! (М.Дулатов), Тілек батам, Жұбату (А.Байтұрсынов), Бостандық (М.Жұмабаев), Алаш ұраны (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс тапты. Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдер туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Сондықтан, да біртуар ұлдарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан-жақты, терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау – бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе.

 

 

лекция. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» т.б.

Қамтылатын мәселелер:

1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы.

2. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» т.б. шығармалары.

 

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама.Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. 1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша­һарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр­кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір сал­дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ға­лым­дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі­рін аралайды. Май­лықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзіл­меген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тір­ші­лікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.

 

 

Лекция. Мақыш Қалтайұлы а/Діни білімдарлығы.б/ Мысал жанрындағы еңбегі в/ Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары.

Қамтылатын мәселелер:

1. Мақыш Қалтайұлы өмірі мен шығармашылығы.

2. Мақыш Қалтайұлы а/Діни білімдарлығы.б/ Мысал жанрындағы еңбегі в/ Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі.ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», т.б. Мақыш Қалтайұлы Діни білімдарлығы.Мысал жанрындағы еңбегі. Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары; Шәді Жәңгірұлы, Шығармашылық өмірбаяны, Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық, т.б. мәселелер. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары. /«Атымтай Жомарт»/. Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/.Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы /1882-1939/. Өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын арқау етіп, еңбек, достық, адамгершілікті насихаттауы. Рубаяттары мен аудармасы /«Шахнама»/. Мұсабек Байзақұлы /1849-1932/. Өмірі мен шығарма-шылығы. Өлеңдеріндегі заман суреттері, азаматтық үн, ағартушылық ой-пікірлер /Адам түгіл алдайды періштені», «Ғылымсыз болып қартайсаң», т.б./ Мысал жанрында жазған өлеңдері. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. Шығармашылық өмірбаяны. Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Проза жанрындағы еңбектері. Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрім – тарихшы, философ. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. Лирикасы. б/ «Қамар сұлу» романы. «Кім жазықты» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі. Мұхамеджан Сералыұлы /1871-1929/. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы Публицистикаға қосқан үлесі. Аудармалары. Ақындығы. «Гүлкәшима» дастанындағы махаббат тақырыбы. Ахмет Байтұрсынұлы /1873-1937/. Шығармашылық өмірбаяны Ақындығы. Аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі.Міржақып Дулатұлы (1885 – 1935). Шығармашылық өмірбаяны, ақындық өнері, прозалық шығармалары, «Оян, қазақ» кітабының тарихи маңызы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы. Спандияр Көбейұлы (1878 –1956).

 

 

Лекция. Шәді Жәңгірұлы. а/ Шығармашылық өмірбаяны.ә/Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық, т.б. мәселелер.б/ Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары /«Атымтай Жомарт»/.

Қамтылатын мәселелері:

1. Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы.

2. Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық, т.б. мәселелер.

3. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары /«Атымтай Жомарт»/.

 

Шәді Жәңгіров(1855, Сырдария губерния Қызылкөл мекені, Созақ ауданы – 12.11.1933, қазіргі Өзбекстан, Сырдария облысы Қаратөбе мекені) – қазақ ақыны. Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуті әнші, домбырашы кісі болған. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865 – 1867), Қарнақ (1868 – 1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871 – 1876) медреселерінде оқып білім алды. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады. Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.

Шәді Жәнгірұлы өлең жырларының араб әдебиетімен байланысы.

Шәді төре Жәңгірұлы (1852-1933 ж.ж.) бұрынғы Сырдария губерниясы, Түркістан уезі, Жылыбұлақ болысында (қазіргі Созақ ауданы) дүниеге келген. Бұл кісі де арабша хат танып, молдадан дәріс алған адам. Ақын тоғыз жасында ауыл молдасында, келер жылы Шаян медресесінен дәріс алған. Шаянда оқып жүріп Шәді араб әдебиеті үлгілерімен таныс болады. 1864 жылы Шымкенттік Абдулла Шариф деген кісіден дәріс алып араб, парсы тілдерін меңгерген. Жас бала 13 жасында-ақ "Мың бір түн", "Тотынама", "Шаһнама" секілді шығыс ертсгілері мен дастандарынан хабардар болған. Шымкснтте екі жылдай жүріп ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз бетінше толық игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев өскері алған соң, Абдулла Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді ұстазының артынан Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғүламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс әдебиетін зерттеп, игереді. Шәді 1870 жылы еліне қайтып, бұдан кейін оқу оқымайды. Жеті жылдан соң әкссі Жәңгір қайтыс болады. Мұнан соң Шәді үй шаруасынан ұзап шыға алмай, кітап оқу, қисса, дастан жазу жұмыстарымен айналысады. Осы уақыттан бастап өлгенге дейін Шәді үй шаруасымен қоса жыр дастан жазумен айналысып жүріп 1933 жылы қайтыс болады. Шәді төре бас аяғы 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазған. Шәді де діндар қаламгер болған. Оның діни негізде жазылған шығармалары өте көп. Олардың кейбірін атап өтер болсақ: "Сияр-шәріп", "Фех-қайдан", "Ахуал-қиямет", "Назым Ахмет Жами", "Назым Ибраһим Халиолла", "Хазіреті Мұса мен Перғауын", "Мұсаның таурат алғаны" т.б. Мына аталған дастандар Шәдіден бұрын араб әдебиетінде жырланған тақырыптар. Ал Шәді араб әдебиетінде бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған. Шығыс тілдерінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса-дастандар жазған. Шәді төре араб классикалық әдебиетіне басқа ақындардан да гөрі өте жақын болған десек артық емес сияқты. Сонымсн қатар бұл кісі Кеңес өкіметі келген күндері де діни мәтіндегі дастандарын жаза берген. Осы себепті болу керек 1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, Марғүланға жер аудартқан. Бұл кісінің араб әдебиетіне көп жақын деу себебіміз, ақын ардақты әрі ең соңғы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өмірін өлең түрінде жазған. Ал араб әдебиетінің жаңа беті Ислам дінінің келуімен басталады. Ислам діні келіп араб әдебиетінің Исламға дейінгі көптеген үлгісі ескіріп қалды. Ислам дінін әкелуші ол Мұхаммед пайғамбар (с.а.с). Шәді төре Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың ақ жолы жайында "Назым сияр шәріп" атты дастан жазған. Пайғамбар жайында жазған адамдар азда емес, жетерлік. Сонау заманнан бері пайғамбардың өмірі жайында көптеген қисса, дастандар жазылған. Ақын Шәді осы дастанында араб сөздерін көп пайдаланған. Оқиға араб жерінде болған ғой. Бізге бұл дастаннан керегі ақынның араб сөзін қалай қолданып жазғандығы ғана болар. Ақын кейбір араб сөздерін өз күйінде қолданған, кейбірін қазақша аудармасы бола тұрса да қолданған. Мәселен аталмыш дастанда: Аспан, Жер, Ғарыш-Күрсілі Лаухы ғалам, Сидырған жаннат, дозақ бәрін тамам, - дегенжолдары бар. Осы жердегі «тамам» араб сөзі, қазақша біту, аяқталу деген мағына білдіреді. Мен ойлаймын осы жерде тәмәм сөзін ыңғайлы ұйқасу үшін қолданған. Ал одан бұрынғы «Ғарыш-Күрсілі», «Лаухы» сөздеріне тоқталар болсақ. Бұлар араб сөздері, дәлірек айтсақ діни сөздер. әр бірінің кең, ауқымды мағыналары бар. Алдымен «Ғарыш» сөзіне тоқталайық. «Ғарыш» сөздікте патшалардың тағы деген мағынаны білдіреді. Арш яғни ғарыш шектен тыс үлкен жаратылыс, Аллаһтан басқа ешкім оны толық қамтымайды, яғни, Аллаһтан басқа ешкім ол жайында толық білмейді. Бірнеше періштелер оны көтеріп тұрады. Кейбір философтар Аршыны әлемнің барлық жағынан қоршап тұрған аспан деп айтады. Бұл сөз дұрыс емес. Демек Арш ол – Алла тағаланың тағы. «Күрсілі» бұл да араб сөзі. Ол екі баспалдақ орны. Алла тағла Бақара сүресінің 255 аятында былай дейді: «Оның Күрсісі көктер мен жерден де кең». (Аршы және Күрсі Ислам шариғаты бойынша ғайыб іліміне кіреді. Олардлың қандай екендігін тек Алла ғана біледі). «Лаухы» бұл да араб сөзі, сөздікте тақта деген мағына береді. Лаух сөзі де діни термин. Ислам дінінде бүкіл жаратылыстардың тағдыры жазылған тақта (лаухы) Лаухул-Махфуз деп аталады. Шәді төре жоғарыда атап өткен өлең шумағында жәй ғана араб сөздерін қолданып қоймаған. Ислам дінінің негізгі діни терминдерін қолданған. Бұл жәй ғана терминдер емес. Он кез келген адамның түсіне қоюы қиынға соғады. Себебі бұл сөздер жайындағы ілім «ғайыб іліміне» жатады. Яғни, олардың ұғымын, түр-сипатын Алладан басқа ешкім білмейді. Тек кейбір сипаттары мен белгілері Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың хадистерінде келген. Шәді төре бұлжайында сөз жүргізсе, демек ол кісі діни сауатты болғандығы. Әрі алдыңғы ақындарға қарағанда әлдеқайда сауатты деп айтсақ артық болмас. Шәді кей жерлерде: "Ілгергі нәбилермен пайғамбардай"-деп араб, қазақ сөздерін бірдей қолданған. Мүндағы «нәби» араб сөзі қазақ тілінде пайғамбар деген мағына білдіреді. Өленді жақсы ұйқассын деген бе, әйтеуір осы жерде екі сөзді бірдей қолданған. Шәді аталмыш дастанда араб сөздерімен бірге сөз тіркестерінде арабша қолданған. Мысалы: Пайғамбар болмағына, иншалла, - деген қатарда. Осы қатардағы, «Иншалла» ол араб сөз тіркесі. Қазақша «Құдай қаласа» деген мағына білдіреді немесе солай аударылады. Шәді Жәңгірұлы да кітаби ақындар қатарынан болады. Шәді Шығыс шайырларына тән салт бойынша "Назым чәһар дәруіш" жөне "Хикаят Орқа-Күлше" және баска да дастандарын нәзирәгөйлік әдісімен жазған. Төрт дәруіш және Орқа-Күлше хикаялары Шығыс халықтары арасында көп тараған. Бұл дастандар араб, парсы, тәжік, өзбек, татар тілдерінде жарыққа шыққан. Шәді кезінде Шығыс, араб классиктері жырлаған тақырыптарды, сюжеттерді өзінше ой елегінен өткізіп, қайта қорытып, қазақ топырағына лайықты, өз оқырманына жақын етіп жырлаған. Әрине араб әдебиетінің әсері қазақ әдебиетіне бірден келе салған деп айта алмаймыз. Араб әдебиеті алдымен парсы, түркі елдеріне, одан кейін біздің әдебиетімізге әсерін тигизген. Араб Халифатын білмейтін адам жоқ шығар. Сол секілді жырлағандарда кем емес. Халифаларды жырлаған ақындар көп болған. Мәселен Харун Рашид халифа. Шәді бұл кісіні өз өлендеріне қосқан. Бір патша болып еді мұсылманда, Халифа Харун Рашид еді намда. Шәді төре шығыс халықтарына тән жазбаша айтыспен де айтысқан. Оның Тұрмағамбет Ізтілеуовпен айтысқан жазбаша айтысы бар. Осы айтыстың түрі арабтарда да болған. Олар алғашқыда ауызша кейін Ислам келген соң жазбаша айтысатын болған. Дамып, өркендеп айтыстың бүл түрі біздің де жерімізге жеткен. Айта берсек ақын Шөді төренің қазақша аудармасы болса да араб сөздерін қолданған жерлері өте көп. Сонымен қорыта айтқанда, кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген, сол арқылы араб поэзиясынан еркін сусындаған, Ислам тарихы мен араб әдебиетін терең білетін қазақтың ғұлама шайыры Шәді төре Жәңгірүлы қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан байыта түсуге өзіндік үлес қосты. Ол шығыс классикалық поэзиясына тән нәзирә дәстүрін жан-жақты меңгеріп, қазақ оқырманының талап-тілектеріне сәйксс келетін шығармалар жазды. Мның өзі, қазақ әдебиетін мазмұн, тақырып, идея жағынан көріктеу құралдары болып табылады емес пе?

 

 

Лекция. Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/. а/Шығармашылық өмірбаяны. ә/Шығармаларының басты тақырыбы. б/Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары

Қамтылатын мәселелер:

1. Нұржан Наушабайұлының өмірі мен шығармалары /1859-1919/. а/Шығармашылық өмірбаяны. ә/Шығармаларының басты тақырыбы.

2. б/Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары

 

Нұржан Наушабаев жасында діни білім алып, кейін тақуа болған. Өзі Ы.Алтынсариннің ауылдасы. Нұржанның «Манзумат қазақия»(қазан 1903), «Нұржан мәрсиясы»(1910) деген өлеңдер жинағы жарық көрген.

Сынайтыны - адам мінезіндегі кемшілік, қаулап өскен жамандық.

Би - парақор,болыс – озбыр,бай – қайырсыз, бұлар «ұшпалы заманда» бақ қонып, қоңайғандар дейді ақын. «Ер болмас атасы ту ұстамаған, би болмас халқы сөзін тыңдамаған» деген жерде ақынның би болыстарға қоятын шарты да байқалады.

Н.Наушабаев поэзиясында реализмнен гөрі романтизм үстем. Онда реалистік мазмұнда көрінетін екі-ақ мысал бар. Оның бірі – «түлкі мен әтеш»,екіншісі – «өгіз бен есек».

Алғашқы шығармада түлкі әтешке келіп: «Патшадан жаңа низам шықты, енді қой мен қасқыр, тазы мен түлкі, қаршыға мен көгершін дос болып, бір ұяда өссін депті.Екеуміз де дос болайық, жерге түс»,-дейді. Әтеш алысқа көз жіберіп: «Бір қамшы құйрық, шашақ құлақ келеді» десе, түлкі «Ол тазы боп жүрмесін» деп зыта жөнеледі. Сонда әтеш: «Неге қаштың, әлгі сөзің қайда?» десе, түлкі: «Кім білген, мүмкін патша жарлығы әлі тазының құлағына жете қоймаған болар» деп құтылады. Мұндағы түлкі – елден алдап жеуге үйренген жаңа заман адамының типі.

Екінші мысалда ақын досына жамандық ойлағанның өз басына ауырлық түседі дегенді аңғартады. Өгіз ұзақ күнге қосқа түсіп, кешкілік алдындағы шөбін жеуге де шамасы келмей жатқанда, есек оған: «Бір күн шөп жемей ауырған бол, содан соң ауыр жұмыстан құтыласың» дейді. Ертеңіне өгізі тұрмаған соң иесі әлгі есектің өзін соққыға жығып, ол өле жаздайды. Күн бата өгіз «Қожайын не айтты?»- десе, есек: «Өгіз бүгін де шөп жемесе сойып аламын» деп отыр дейді.

Мұны естіген өгіз сол түні шөбін жеп, ойнақтап, өкіріп шығады да, соқаға қайта түседі.

Осы ізбен ақын заман қайшылығын көбіне экономикалық қанау, тап теңсіздігінен емес, адам мінезінің азғындауынан деп біледі.

 

 

Лекция. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. а/Шығармашылық өмірбаяны. ә/Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. б/ Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. в/ Проза жанрындағы еңбектері. г/ Аударма саласындағы еңбегі. ғ/ Шәкәрім – тарихшы, философ.

Қамтылатын мәселелер:

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. а/Шығармашылық өмірбаяны. ә/Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. б/ Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. В

2. Проза жанрындағы еңбектері. г/ Аударма саласындағы еңбегі. ғ/ Шәкәрім – тарихшы, философ.

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды. 1988 жылы Шә­кәрім ақталып, оның өлмес, өш­пес мұрасы халқына қайта орал­ды. Осы жылы ақынның “Жазу­шы” және “Жалын” баспа­сы­нан өлеңдер, ал “Өнер” бас­пасынан әндер жинақтары жарық кө­рді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерт­кіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.

Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педа­гогика институты мен Шә­кәрім атындағы Семей универ­си­тетінде шәкәрімтану ғылыми-зерт­теу орталықтары жұмыс іс­тейді. Сол орталықтардың күші­мен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жа­рық көруде.Семей педагогика институтындағы Шәкәрім­тану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 4544. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия