Студопедия — Хайдар Дулати (1499-1551) 12 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хайдар Дулати (1499-1551) 12 страница






196-тапсырма. Ахмет Байтұрсынов туралы айтылған пікірлерге назар аударыңыздар. Мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Сөйлемдердегі тура және жанама толықтауыштарды тіркесіп тұрған сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.

... Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды..... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.

(С. Сейфуллин)

Ахаң ашқан мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегін, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

(М. Әуезов)

197-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып, толықтауыштың түрлерін ажыратыңыздар.

Зұлым саясат, төрт жылдық мұғалімдер мектебі, қалың қазақ, зорлық-зомбылық, құлдық, ұлт намысы, ұлттық ар, бәйгеге тігу, отаршылдық, надандық, қараңғылық, қуғын- сүргін, үлгі-өнеге, жүзеге асыру, ұлтын сүйген, опасыздық.

198-тапсырма. Өлеңді мұқият оқып, мағынасын ашып, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Ж ұ р т ы м а

Бірлік қып іс істеуге шорқақ, жұтым, Білмейсің жөнің менен терісіңді,

Табылса оңай олжа ортақ, жұртым, Ел болып іс етпейсің келісімді.

Сияқты қара қарға шуылдаған, Үміт қып бәйге атындай талай қосып,

Үрейсіз қоян жүрек қорқақ, жұртым. Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.

 

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, Келгенде өз-өзіңе мықтысыңдар,

Шығасың қолыңа алып кері ісіңді. Қайтейін өзге десе көнгішіңді.

Бытыр бет-бетіңе жөнелгенде, Сықылды сынық бұтақ төмендесең,

Көрдің ғой жайылатын өрісіңді. Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді.

(А. Байтұрсынов)

199-тапсырма. Сөйлемдердегі толықтауыштардың астын сызып, олардың қай септікте тұрғанын түсіндіріңіздер.

А. Байтұрсыновтың аудармалары. А. Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы – көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Ат пен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

 

6-апта. 17-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Буынның түрлері (Ашық, тұйық, бітеу).

200-тапсырма. XX ғасырдың басындағы ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей еңбек еткен қаламгер – Жүсіпбек Аймауытов туралы мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі –

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Ұланым, қорғаным, сен Алаш!

Жолыңа құрбандық, мал мен бас,

Өнер тап, өрге шап!

(Ж. Аймауытов)

Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі «Жүсіпбек Аймауытов» ауылы.

XX ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Ж. Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді, артына сан қилы аса бай мұра қалдырды.

Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Не қылып отыр», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» сияқты өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. «Көшу» өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, «Ұршық» өлеңінде ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.

«Нұр күйі» поэмасында адамның көңіл-күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.

Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасының салмақты саласы – прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап, жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек», романдары туды.

«Қартқожа» романы XX ғасырдың басындағы қазақ еңбекшілерінің әлеуметтік аласапыран кезіндегі тағдырын бейнелеген алғашқы ірі шығармалардың бірі. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады.

Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы, алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Осы оқиғалар тұсында роман кейіпкері Қартқожа да есейіп, ес жинайды, алға қарайды, болашаққа бет алады.

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы «Қартқожа» романымен үндес. «Қартқожадағы» көтерілетін күрес, азаттық идеясы «Ақбілекте» одан әрі жалғасады. Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады.

«Ақбілек» романы – бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.

Сол кездегі әлеуметтік әділетсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры автордың 1928 жылы жазылған «Күнікейдің жазығы» атты еңбегіне арқау болады. Бас кейіпкердің тағдыры арқылы жазушы ел өмірін бейнелейді. Халықты шарасыздықтан сақтандырады. Ескіге қарсы күресу идеясын көтереді.

Ж.Аймауытовтың қаламынан елдің тұрмысын, ой-арманын суреттеген бірқатар әңгімелер де туды. Драмашы ретінде де ол ерте танылды. Бірнеше драмалық шығармалар жазды. Олардың негізгі тақырыбы – азаттық, бостандық идеясы. Халықты оқу-өнерге шақырды. Ел азаматтарын белсенді қимылға үндейді. Әйелдердің теңдігін қорғайды.

Ж.Аймауытов өз дәуірінің мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Сонымен қатар оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Сондай-ақ ол аудармашы ретінде де белгілі. Ж. Аймауытов аударған туындылар оның аудармашылық талантын да айқын танытты.

Сөздік:

аласапыран – вьюга; хаос шарасыздық – безвыходность

ұршық – прялка; веретено; вертел төңеріс – переварот; революция

майдан – фронт; поле битвы; арена тақ – трон; престол; нечетный

азаттық – независимость; освобождение; свобода

201-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, әрқайсысына тақырыптар қойып, жоспар құрыңыздар.

202-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар. Үлгіде берілген сұхбатты оқып, танысыңыздар.

Ү л г і:

– Ж. Аймауытов қай жылы, не себеппен тұтқынға алынды?

– 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы

өлім жазасына кесіледі.

– Оның шығармалары халыққа таралып тұрды ма?

– Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы ол атылғаннан кейінгі алпыс жыл

бойы ауызға алынбады. Кеңес үкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым

салынды.

– Қашан оның шығармалары жарық көрді?

– Кеңес үкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана

қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық

көрді, зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек

шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

203-тапсырма. Буын дегеніміз не, оның неше түрі бар? Сұрақтарға жауап беріп мысалдармен түсіндіріңіздер.

Сөздегі бар дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобын буын дейміз. Сөз ішінде неше дауысты болса, сонша буын болады.

Слог – это гласный звук или сочетание гласного звука с одним или несколькими согласными звуками, произносимые одним выдыхательным толчком. В казахском языке существует три вида слогов: 1. ашық буын (открытый слог); 2. тұйық буын (полузакрытый слог); 3. бітеу буын (закрытый слог).

Ашық буын (Открытый слог)

Слог, состоящий только из одной гласной фонемы или начинающийся с согласного и оканчивающийся на гласный, называется открытым. Например: а-та, ба-ла, і-ні, те- рек,ал -ма.

Тұйық буын (Полузакрытый слог)

Слог, который начинается с гласного и оканчивается на согласный, называется полузакрытым. Например: ат, от, ет, өрт, ар -ман, ал -мұрт.

 

Бітеу буын (Закрытый слог)

Слог, начинающийся с согласного и оканчивающийся на согласный, называется закрытым. Например: ба-ла- лар, дәп-тер, жаз, гүл, мақ-сат, төрт, қант, құрт.

Түрлері (Виды) Мысалдар (Примеры)
1.Ашық буын (Открытый слог) Бір дыбысты (Однофонемный) Екі дыбысты (Двухфонемный)
а-та, ә-ке, і-ні. М.: Е, солай ма? ба-ла, қа-ла-ға, те-ре-зе, да-ла
2.Тұйық буын (Полузакрытый слог) Екі дыбысты (Двухфонемный) Үш дыбысты (Трехфонемный)
от, ат, ет, ер, ел, ұн, ін, ол, іс, үш ант, өрт, ұлт
3.Бітеу буын (Закрытый слог) Үш дыбысты (Трехфонемный) Төрт дыбысты (Четырехфонемный)
тас, тіс, қыс, гүл, күш, тіл, мыс, жаз қант, жент, тарс, тырс, жұрт, төрт, құрт, бұлт

204-тапсырма. Сөйлемдерден бірнеше сөзді теріп жазып, буынға бөліп олардан

ашық буынды ажыратыңыздар.

Ү л г і: 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес үкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады.

Сөздерден ашық буынды көрсету керек. Жұмыстарына: жұ+мыс+та+ры+на; ашық буын:жұ; -та; -ры; -на. Меңгерушісі:мең+ге+ру+ші+сі; ашық буын:ге; - ру; -ші; -сі.

205-тапсырма. Сөйлемдерден бірнеше сөзді теріп жазып, буынға бөліп, олардан бітеу буынды ажыратыңыздар.

Ү л г і: 1922-1924 жылдары Жүсіпбек Қарқаралыда мектеп мұғалімі болды. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әртүрлі саяси жұмыстарға араласады.

Мектеп: мек+теп; бітеу буын – мек; -теп. Жүсіпбек: Жү+сіп+бек; бітеу буын– сіп; - бек. Шымкенттегі: Шым+кент+те+гі; бітеу буын: – шым; -кент.

206-тапсырма. Сөйлемдерден бірнеше сөздерді теріп жазып, буынға бөліп, олардан тұйық буынды ажыратыңыздар.

1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары ол Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады.

Оқуын: о+қу+ын; тұйық буынын; ол – тұйық буын.

207-тапсырма. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен танысып, мазмұндаңыздар. Сөйлемдерден бірнеше сөзді теріп жазып, буынға бөліп, түрлерін ажыратыңыздар.

«Әнші» әңгімесінен үзінді. Әңгіме өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған.

... Жетішатыр – жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы – қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарысы, күрес, төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса – параход, паром, қалың орман.... Әңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған осы суреттермен басталады.

Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы – Семей, әнші Әмірқан – қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев. Жазушының көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан -Әміренің әншілік құдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді.... Ұшатын құстай қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырайды. Әнді желдете құтырта соқты, қылмита соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді, бойды шымырлатты.

Ж.Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар.

 

6-апта. 18-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Сан есімдер (Реттік, топтау, жинақтық).

208-тапсырма. Шығармалары арқылы туған елін оятуға ұмтылған алаш қозғалысының белсенді қайраткері – Міржақып Дулатұлының өмір жолымен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Қазақ халқының жалынды патриоты – Міржақып







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 752. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия