Студопедия — Есеп № 1
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Есеп № 1






Аудандық аурухананың 2 қабатты павильонында жер учаскесінің түпкірінде, басқа аурухана ғимараттарынан асфальтталған жол арқылы бөлінген, жеке кіретін жолы бар, жұқпалы аурулар бөлімі орналасқан. Барлық аурулар бір қабылдау-қарау боксында қабылданды. Әрбір науқастан соң, бокс және науқасты әкелген санитарлық машина арнайы бөлмеде дезинфекциядан өтеді. Өте қауіпті инфекциямен ауырған науқастарды қабылдау-қарау боксынан өткеннен кейін, бөлімше дәлізі арқылы 1-қабатта орналасқан бокстарға аустырады. Тәуір болғаннан соң, олар бокстан сыртқы есік арқылы шығады. Ауа-тамшылық инфекциясымен аурғандар 1- қабаттағы бокстарда жайластырылған, ал басқа инфекциялармен аурғандар - 2-қабатта. Әртүрлі инфекциямен сырқаттанғандардың бәрі бір бөлімде орналасқан. Диагнозы анықталмаған науқастар, диагнозын анықтағанға дейін бөлек палаталарда орналастырылады, екі қабатқа да бір ғана жедел көтергіш пен шығып-түсу басқышы бар. «Таза» және «лас» жолдарға бөлуді, уақыт бойынша шектеу арқылы іске асырылады. Дәліздер екі жақты орналасқан, палаталар мен бокстар солтүстік шығысқа және оңтүстік батысқа бағытталған, палаталық және боксты бөлімшелерде асхана мен балалар ойнайтын бөлме бар. Асқазан–ішек инфекцияларымен ауратын науқастар бәрі бір канализация жүйесін пайдаланылады. Тағам қалдықтары залалсыздандырылып, ыдыс-аяқ жуғыш заттармен өңделеді, 80 градус ыстық сумен шайылады. Төсек - орындар бөлімінің ішінде жуылады. Аурулардың ауруханада болған кездегі жағдайы, оның микроклимат, жарық режимінің, желдету жүйесінің жұмысы мен жылыту, және сумен қамтамасыз етілуінің, ауаның химиялық және бактериялық ластануы көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Қыста бокстың ішіндегі температура 15 - 20 град., температураның ауытқыуы көлденеңі боынша - 3,8 град., тігі бойынша - 2,6 град. Ауаның ылғалдылығы 80 %, ауа қозғалысының жылдамдығы- 0,06 м/сек, ауаның құрамындағы СО2 -0,30%.Бокста бір науқас бар, ауданы 15 м2,биіктігі-3 м.. Терезелері солтүстік-шығысқа бағытталған. ЖК-1:10. ТЖК- 0,5%. Палатадағы шамдардың меншікті қуаты- ­20 вт/м2. Ауаны дезинфекциялау БУВ-15 бактерицидтік шамы арқылы іске асырылады. Жасанды желдету: барлық бокстарға және палаталарға ауа берілуі және одан сорып акетуі бір каналмен жүргізіледі. Ауа алмасу есесі: +1,5/ -2. Жылытатын құралдардың температурасы 56 град. аспайды. Сумен қамтамасыз ету - жергілікті, артезиан суынан. Судың сапасы:

Түсі - 20 град.

Мөлдірлігі – 20 см.

Иісі- 2 б

Дәмі - 3 б

сульфаттар - 520 мг/л

Хлоридтер - 120 мг/л

Жалпы кермектілігі - 10 ммоль/л

Аммиак - жоқ

Нитраттар - 10 мг/л

Фтор - 2,3 мг/л

Жалпы микроб саны - 150

Лямблий цисталары 50 мл суда –1.

 

Сұрақтар:

1. Жұқпалы аурулар бөлімін жоспарлаудын қандай принциптерін білесіз?

2. Аурухананың жер учаскесінде жұқпалы аурулар бөлімі дұрыс орналасқан ба?

3. Жұқпалы аурулар бөлімі басқа бөлімдерден қалай қоршалуы тиіс? Шешілетін есепте ережелер сақталған ба?

4. Жұқпалы аурулар бөліміне өз алдына жеке көлік кіретін жолы болуы керек пе.Неге?

5. Жұқпалы аурулар бөлімінің қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылуы керек?

6. Жұқпалы ауруларды басқа қабылдау бөлімі арқылы қарауға болады ма?

7. Қабылдау-қарау боксы дегеніміз не? Қандай бөлмелері болуы керек? Шлюз бен 2 шығатын есік болуы, оның сыртқысы екі есікті және тамбурлы болуы не үшін қажет?

8. Әртүрлі инфекциямен ауырған науқастар қалай қабылданады? Барлық ауруды бір бокста қабылдауға болады ма? Есептегі ауруларды қабылдау дұрыс ұйымдастырылған ба?

9. Қандай ауруларды қабылдау-қарау боксында қалдырады немесе емдеу үшін басқа бөлімдердің бокстарына ауыстырады? Ауруды бөлімге жатқызуды қалай жүргізеді: ішкі дәлізі арқылы ма, әлде қарайтын-қабылдайтын сыртқы есігі арқылы жибереді ме? Есепте ауруды жатқызу дұрыс жүргізілген бе?

10. Жұқпалы аурулар бөлімін жоспарлаудың ерекшеліктері. Барлық ауруларды бокстарда орналастыру керек пе?

11. Аурулардың жұқпалы ауруларының таралу жолдарына байланысты науқастар қалай орналасуы тиіс? Берілген есепте дұрыс орналастырылған ба?

12. «Таза» және «лас» жолдар дегеніміз не? Оларды қалай бөледі? Берілген есепте бұл талап орындалған ба? Ондай талаптарды орындалмау неге акеп соғыу мүмкін?

13. Жұқпалы аурулар бөлімінде дәліздердің қандай құрылысы оптималды болады, неліктен? Берілген есепте қандай?

14. Жұқпалы ауралар бөлімінің терезелері қай жаққа қарай бағытталауы тиіс, неліктен? Терезелердің солтүстікке, солтүстік –шығысқа бағытталуы неге акеп соғуы мүмкін?

15. Бөлімшедегі тағам қалдықтары мен ыдыс-аяқтар дұрыс өнделеді ме?

16. Аурлардың жалпы тұрмыстық канализацияны пайдалануылына болады ма, егер болатын болса, қандай жағдайларда?

17. Бокста микроклимат жағдайы қолайлы ма? Гигиеналық талаптарға сәйкес емес ауытқуларды атаңыз? Орын алып отырған микроклимат жағдайлары аурулардың ағзасына кандай әсер етуі мүмкін? Қолайлы микроклимат қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүргізу керек?

18. Бөлімде желдетуіш дұрыс ұйымдастырылған ба? Оның тиімділігін қандай көрсеткіштер бойынша анықтауға болады? Ауаның құрамындағы СО2 концентрациясы нені көрсетеді?

19. Жұқпалы аурулар бөлімдегі желдетудін мұндай неге әкеп соғуы мүмкін? Теріс салдарының алдын алу үшін қандай шаралар жургізу керек?

20. Бөлмелердің ауасын залалсыздандыру үшін бір экрандалмаған бактерицидті БУВ-15 шамы жеткілікті ме? Адамдар бар кезде оны қолдануға бола ма? Осы бөлмені зарарсыздандыру үшін қанша экрандалған БУВ-15 бактерицидтік шамы керек?

21. Судың сапасын бағалаңыз, медицина қызметкерінің жұмыс жағдайына және науқастардың ағзасына қандай әсерін күтуге болады? Судың сапасын жақсарту үшін қандай шаралар ұсынасыз?

22. Жұқпалы аурулар бөлімі жоспарлануы мен ішкі ортасының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды беріңіз, жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін шараларды көрсетініз.

 

Есеп

4 қабатты аудандық аурухананың бас корпусының оң жақ шетінің 1-ші және 2-ші қабатында хирургия бөлімі орналасқан. 1-ші қабаттың сол жақ шетінде біріктірілген хирургия және терапия бөлімдерінің қабылдау бөлімшесі, анестезиология және реанимация бөлімі және операциядан кеінгі палаталар орналасқан; 2-ші қабатта – балалар бөлімі. Жоғарғы қабаттарында терапия, эндокринология, зертханалар және функционалды диагностика бөлімшелері орналасқан.

1-ші қабатта іріңді хирургия бөлімі орналасқан, 2-ші қабатта - травматология бөлімі. Бұл екі бөлімде өтпелі емес, палаталар дәліздердің бір жағында орналасқан. Палаталардың терезелері оңтүстік-шығысқа бағытталған. Бөлімнің құрамына палаталар, аурулардың күндізгі демалатын орны, дәрігерлер бөлмесі, емшара бөлмесі, медбике орындары, буфет, асхана, төсек-орын, шаруашылық бике бөлмесі, аға медбике және санитарлық бөлмелелер. Іріңді бөлімшесінде жара таңу бөлмесі бар, таза бөлімшедегі ауруларға жара таңулар процедура бөлмесінде жүргізіледі. Бөлімде 9 палата бар, әрқайсысының ауданы 30м2, 6 науқастан жатады, сондай-ақ, ауданы 10м2 2 төсекке есептелген 2 палата бар. Палатаның сыртқы қабырға мен төсектің арасындағы қашықтық - 0,3 м, төсектердің арасындағы қашықтық -1 м. Палаталардың биіктігі- 3,3, м. ЖК-1:8 ТЖК-1%. Жасанды жарық люминисцентік шамдардан тұрады, жарық деңгейі – 60 лк. Палаталардағы температура -28 градус, ылғалдылық - 55%, ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,05 м/сек. Желдетілуі табиғи, 1 сағатта 1 рет 15мин. форточка арқылы (ауданы 40 см, ауа қозғалысы-0.5 м/сек) желдетіледі. Санитарлық жүйелер тек екі төсекті палаталарда ғана бар, басқа палаталардағы аурулар дәліздің шетінде орналасқан жалпы санитарлық жүйені пайдаланады. Палаталық дәліздің ені- 2м. Медбикенің орны бөлімге кіре берісте орналасқан. Оперблок ғимараттың оң жақ шетінде, хирургиялық палата бөліміне қарсы орналасқан, одан дәліз арқылы бөлінеді. Бірінші қабатта іріңді бөлімнің оперблогі, 2-ші қабатта таза бөлімнің оперблогі орналасқан. Науқастар оперблокқа операция алдындағы бөлме арқылы өтеді. Операция алдындағы бөлмеде хирургтар мен медицина қызметкерлері қолдарын дезинфекциялық өңдеуден өткізеді, киімдерін стерилді киімдерге ауыстырады. Ауруды операцияға соңғы дайындауды операциялық бөлмеде анестезиолог жүргізеді. Оперблоктың құрамында 3 операциялық бөлме бар, әрқайсысының аудандары-36 м2, биіктігі-3 м, 2 операциялық столға есептелген. Операциялық бөлмелердің арасында стерильдеу бөлмелері бар. Операциялық бөлмелерідің терезелері солтүстік-батысқа бағытталған ЖК- 1:7, ТЖК- 1%. Бөлмелер люминесценттік шамдармен жарықтанады. Жасанды жарық деңгейі - 280 лк. Желдету, кондиционер арқылы, ауа алмасу есесі +5 / -10, ауа төменнен беріледі. Операцияға дейін және операциядан соң дезинфекциялаушы заттармен өңдеу жүргізіледі және төрт экрандалмаған БУВ-30 бактерицидті шаммен 15 минут бойына сәлелендіру жүргізіледі.Операция жасайтын бөлменің температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы-60-70 %, ауа қозғалысының жылдамдығы -0,3 м/сек. Температураның ауытқыуы көлденеңі боынша жазда – 2,6 град, қыста -2,1, тігі бойынша жазда - 3,1 град. және қыста - 1,8 град. Ауаның құрамындағы СО2 жазда -0,15%. Микроорагинзмдердің жалпы саны операцияға дейін-800, операциядан соң 2000, оның ішінде операцияға дейін1м3 ауда алтын түсті стафилококк -0, гемолитикалық стрептококк - 1, операциядан кейін әрқайсысы -6-дан. Сумен қамтамасыз ету –жергілікті су құбырынан, оларда авариялық жағдайлар болып тұрады.

Сынамаға алынған су сапасы:

Жалпы микробтар саны – 200

Ішек таяқшасы түріндігі бактериялардың жалпы саны 100 мл суда – 5таяқша анықталды.

Нитраттар - 25 мг/л

Фтор - 1,2 мг/л

Аммиак - 0,25 мг/л

Нитриттер - 0,03 мг/л

Тотыққыштығы – 5 мг/л

Хлоридтер -150 мг/л

Сульфаттар - 80 мг/л

Жалпы кермектілігі - 5 ммоль/л

Иісі -3 балл

Дәмі-2 балл

Түсі -28 град

Мөлдірлігі-30 см

Кейінгі 2 жылда хирургия бөлімде операциядан кейінгі іріңді асқынулар мен асқазан ішек инфекцияларының саны көбейді.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1506. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия